Мақсаты: Балалар ұжымдағы өзара қарым-қатынасты
анықтау, алынған мәліметтерді оқу-тәрбие жұмыстарында
қолдану, топ ішінде психологиялық қолайлы жағдайын орнату.
Нұсқау: Балалар, сіздерге қазір сұрақтар қойылады. Сол
сұраққа осы өз кластастарыңнан үш адам есімдерін жазасыңдар.
1. Кіммен дос болғың келеді?
2. Партада кіммен бірге отырғың келеді?
3. Мерекелерде кімге сыйлық бергің келеді?
IХ. Өміршеңдік ережесі. Әр адамның ережесі-өз жүрек қалауымен жүру және батыл
әрекет жасау. Сол сияқты иығыңды тіктеп, жарқын көңілмен
іштей табысқа жетуге талаптанып, өміршеңдік ережлерін
айтайық.
1. ЖІГЕР ДЕГЕН - МЕН
2. КҮШ ДЕГЕН - МЕН
3. МАХАББАТ ДЕГЕН –МЕН
4. КЕШІРІМ ДЕГЕН – МЕН
5. ҚҰДІРЕТ ДЕГЕН –МЕН
6. ЖАСӨСПІРІМ ДЕГЕН – МЕН
7. ЖАСТЫҚ ШАҚ ДЕГЕН - МЕН
8. ДЕНСАУЛЫҚ ДЕГЕН-МЕН
9. АДАЛДЫҚ ДЕГЕН - МЕН
10. ЖАРҚЫНДЫЛЫҚ ДЕГЕН - МЕН
11. БАР ҒАЖАЙЫП ДЕГЕН – МЕН.
ХОРМЕН: Бәрі маған байланысты,
Бәрі менің қолымда.
Х. Қорытынды. Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазып күнге
жабыстырады. Балалар, бәріміз бірігіп жақсы сөздерге толып
жарқыраған, шуағы мейіріммен төгілген күн құрастырдық. Күн
шуақтары бізге жылылық сыйлап тұр.Біз де сол сияқты
достарымызға және өзімізге тек қана жақсылық сыйлайық.