Хабаршы. Психология және социология сериясы. №3 (66). 2018
40
Тұлғаның бәсекеге қабілеттілігіндегі психологиялық мазмұн
Бәсекеге қабілеттілік тұлғаның жеке дара-
лығының көрсеткіші екені сөзсіз. Осы орай
-
да бәсекеге қабілеттіліктің даму мәселесі
өмірдегі өзгермелі және күрделі жағдайларда
өзіндік дамуға; мақсатқа жетуде оңтайлы және
гуманистік тәсілдерді табуға; табысты тұлға және
маман болуға мүмкіндік бере алатын ғана жеке
дара психологиялық қасиеттердің жиынтығымен
анықталады (Токарева Е.В., 2008). Бұл жағдайда
тұлғада бәсекеге қабілеттіліктің жеке дара
даму ерекшеліктері бағыттылық, құзіреттілік,
ептілік сияқты ықпалдасқан қасиеттері мен
әрекеттік және әлеуметтік ерікті, икемділікті,
ассертивтілікті көрсететін психодинамикалық
ерекшеліктердің өзара байланысы, шарттастығы
арқылы қарастырылады.
Кейде бәсекеге қабілеттілік кәсіби іс-
әрекетіне қатысы жоқ тұлғалық қасиеттер
жиынтығы ретінде сипатталады (Кручинин В.А.,
Котикова Д.С., 2011:9). Мұнда, әмбебаптық маз-
мұндағы ашықтық, мақсаткерлік, еңбекқорлық,
тәуекелшілдік, жауапкершілік, тәуелсіздік,
стреске тұрақтылық, креативтілік, өзіне де
-
ген сенімділік, көшбасшылық, рефлексивтілік,
байқампаздық, өзін-өзі реттеуге қабілеттілік,
мәдени-адамгершілік қасиеттер, өзіндік дамуға
қабілеттілік, нәтижеге жетуді көздей алу –
тұлғаның бәсекелестік мінез-құлқы мен іс-
әрекетіндегі дамудың басты факторлары бо
-
лады. Дегенмен, психологиялық тұрғыдан
студенттерді зерттеуде бәсекеге қабілеттіліктің
даму деңгейін жас ерекшелікпен, жыныс айыр-
машылығымен, гендерлік өзгешеліктермен бай
-
ланыстыру дәстүрі сақталады. Сонда, адамның
жасы жетілген сайын, ер адамдар әйелдерге
қарағанда маскулиндық өзгешеліктің негізінде
бәсекеге қабілеттіліктің жоғары деңгейде даму
-
ын көрсетеді.
Жалпы, бәсекеге қабілеттілікті дамытуда
басты назар аударатын критерийлер ретінде
тұлғаның әлеуметтік және кәсіби маңызды бола
-
тын когнитивтік, мотивациялық, құндылықтар
негізіндегі қасиеттер көрсетіледі (Хазова С.А.,
2011).
Сонымен қатар, бәсекеге қабілеттілікті
дамы тудың шарттары ретінде ЖОО-ғы психо-
логиялық сүйемелдеу (Плугарева А.В., 2008),
психологиялық-дидактикалық кешен (Никули
-
на О.В., 2015) сияқты дамудың, қалыптасудың
психологиялық, педагогикалық негіздері қарас-
тырылады.
Олай болса, ТМД ғалымдары тұлғаның
бәсекеге қабілеттілігінің даму бағытын сырттан
басқаруға болатынын әртүрлі психологиялық-
педагогикалық ықпал арқылы басқаруды
ұсынады.
Достарыңызбен бөлісу: