ТұЛҒаның БӘсекеге қабілеттілігіндегі психологиялық мазмұН



Pdf көрінісі
бет7/13
Дата08.02.2022
өлшемі317,29 Kb.
#98992
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Байланысты:
856-1-1428-1-10-20181119 (1)
физика срсп 9,10
Бәсекеге әсіре қабілеттілік. 
Әлбетте,
 
батыстық, қазіргі заманда ұжымдық мәдениетте 
бәсекеге қабілетті адамға таңданады, сүйсінеді, 
құрметтейді, үлгі тұтады. Алайда, уақыт өте келе 
тұлғаның бәсекеге ұмтылысы басқа адамдардың 
жағдайына, сезіміне, тіпті өміріне кері әсері 
тиюі ықтимал. Сондықтан, H.S. Sullivan (1953) 
бәсеке адамдар арасындағы қатынаста бола
-
тын қолдауды және бірін-бірі жақын тартуды 
бұзатынын ескерткен еді. 
Ал, тұлғаның өзін-өзі дәріптеуі мен тұлға-
аралық қатынастардағы жетістіктері бәсекеге 
қабілеттіліктің құрылымдық қасиеттеріне жата
-
тын көрінеді (Houston J.M., 2002:290). 
Сонымен қатар, психологиядағы бәсекеге 
қабілеттіліктің ынтымақтастық белгілерімен 
теріс байланысы тағайындалған (Martin H.J., 
1976:305). Мұнда, тіпті, бәсекеге қабілеттілік 
тұлғаның «басқалардың арқасында жетістікке 
жету» ерекшелігі ретінде анықталады. Олай бол
-
са, бұл қасиет аса күрделі психологиялық мәсе-
леге негіз болмақ: біреудің жеңісі мен жетістігі 
басқа(ның)лардың жеңілісі мен сәтсіздігіне 
әкелмек. 
Бәсекеге қабілеттілік индивидтің «тұлға-
аралық бәсекені, сайысты пайдалана алуы және 
озып шығып, басқалардан гөрі артық болуға 
ниеттілік» арқылы да түсіндіріледі (Spence J.T., 
1983:41). Сонда, басқалардан асып кетуге деген 
ұмтылыстың астарында адамның аяусыздығы 
және эгоистік тұрпаты аңғарылмақ. 
Шетелдік бірқатар зерттеулерде тұлғалық 
ерекшеліктердің ауқымды шамасының бәсекеге 
қабілеттілікпен байланысы анықталған. Сонда, 
қызбалық, адамның өзіне сенімділігі, басқа-
лардан оқшаулануға бейімділік пен бәсекелес 
мінез-құлық арасында оңды байланыс шыққан. 
Ал, тұлғаның басқаларға ықыласты болуы, 
жылы шырай танытуы бәсекеге қабілеттілікпен 
теріс корреляция көрсеткен. Сондай-ақ, бәсе-
кеге қабілеттілік артқан сайын, тұлғаның 
адамгершілік (әділдік, қарапайымдылық, тар-
тым дылық) нәзіктік, елгезектік пен құнттылық 
сияқты қасиеттері төмен дәрежеде таныла
-
тын көрінеді және керісінше (Fletcher T.D., 
2008:316). 
Сондықтан, психологияда бәсекеге қабі-
леттілікті тұлғаның жағымды қасиеттер қатарына 
қоспайтын ұстанымдар да бар. Әсіресе, алыс 
шетелдік зерттеушілер бәсекеге қабілеттіліктің 
тұлғаның жеке даралығына, әлеуметтік жағ-
дайына, білімділігі мен мәдениеттілігіне бай
-
ланысты негативті сипатпен дамитынын 
тағайын даған. Эксперименттік зерттеулер ба
-
рысында тұлғалық қасиеттер арасынан бәсекеге 
қабілеттіліктің акцентуациялануының кері, 
жағым сыз тұстары ашылған. Содан кейбір 
ғылыми ұстанымдар, атап айтқанда, A. Kohn 
(Kohn A., 1992; 1993; 1999) бойынша бәсекеге 
қабілеттілік адамның «қалыпты» дамуына 
сәйкес келмейді. Автор бәсекеге қабілеттілік 
тұлғаның жағымды жақтарының емес, мысалы, 
эгоизмнің артуына әкеледі. 
Сондай-ақ, зерттеулерде бәсекеге қабілет-
тіліктің өндірістің жақсаруына да әсері болмай
-
тыны тағайындалған (Stanne M.B., 1999:141; 
Fletcher T.D., 2008:920). Тегі, бұған бәсекеге 
қабі леттіліктің әлеуметтік және эмоциялық 
аспек тілер бойынша жағымсыз тұстары әсер 
ететін болар. 
Әдебиеттен А типті тұлғалардың негізгі 
сипаттамалық ерекшелігіне бәсекеге қабілеттілік 
жататыны белгілі. Сондай-ақ олардың стрес-
ке тұрақты болмайтыны; талап қойғыштығы; 
нәтиженің сапалық емес, сандық жағына баса 
көңіл бөлетіні; ашушаңдықпен, кейде агрессия
-
мен ерекшеленетіні тағы бар. Ал, А типті тұлғалар 
бәрінен де жүректің ишемиялық ауруы бойын
-
ша тәуекел топ құрайтыны анықталған (Booth-
Kewley S., 1987:351). Бұдан кейбір тұлғалардың 
жүрек ауруына бәсекеге қабілеттіліктің себеп 
екендігі көрінеді.
S. Alm зерттеуінде жеткіншек шақта төмен-
гі деңгейімен салыстырғанда, жоғары деңгейде 
бәсекеге қабілеттілік танытқан респон-
денттердің 48 жасқа жетер-жетпестен ажал 
құшу жайттарының әлдеқайда көбірек бола
-
тыны анықталған. Мұндай жағдай әйелдерге 
қарағанда ер адамдарда жиірек кездеседі екен. 
Сондай-ақ, бәсекеге қабілеттіліктің жоғары 
деңгейінен жастық шақта және орта жасқа 
жетпестен дүниеден кету жиілігі адамның 
әлеуметтік артықшылығының жоғары-төмен 


ISSN 2617-7544; еISSN 2617-7552 The Journal of Psychology & Sociology.
№3 (66). 2018
37
Ерментаева А.Р.
болуына байланысты болмайтын көрінеді (Alm 
S., 2011:560). 
Бәсекеге қабілеттіліктің жоғарыда аталған 
алаңдатар сипаттамалары бұл мәселені одан 
тереңірек психологиялық зерттеуді қажет ететіні 
сөзсіз. Сондықтан бәсекеге қабілеттіліктің 
психологиялық мәселесі жаңаша ұстанымдарға 
әкелуде. Ең бастысы, бәсекеге қабілеттіліктің 
басқа да қасиеттер сияқты «төмен», «қалыпты», 
«жоғары» деңгейлері болатыны, «аса жоғары» 
деңгейдің акцентуациялықпен сипатталуын, 
одан кейін «шекаралық аймақ» басталатынын 
білген жөн. Осыған орай қазіргі кезде психо
-
логияда «бәсекеге әсіре қабілеттілік / әсіре 
бәсекелестік» ұғымы пайда болды. Осы ұғым 
бәсекеге қабілеттіліктің даму деңгейіндегі 
психологиялық және соматикалық жайттардың 
болуын толымды анықтамақ. Әдебиетте бәсекеге 
әсіре қабілеттіліктің кейбір психологиялық, 
әлеуметтік, экономикалық факторлары бірқатар 
айқындалған.
Бәсекеге әсіре қабілеттіліктің тұлға қасиет-
терінің дамуымен өзара байланысы, шарттастығы 
болатыны белгілі. Бәсекеге қабілеттіліктің 
мазмұны мен сипатын, тұлғалық қасиеттермен 
байланысын қазіргі шетелдік психологтер 
«Үлкен бестік» («Big-Five») әдістемесі арқылы 
айқындауда. Сондай бір зерттеуде бәсекеге әсіре 
қабілеттілік пен тұлғаның келісімге келе алуға 
қабілеттілігінің барлық аспектілері арасындағы 
оң корреляция алынған (Ross S.R., 2003:329-
333). Сондай-ақ, әсіре бәсекелестік невротизм
-
мен және оның өрескел өшпенділік жағымен 
оңды байланыста болатын көрінеді. Әрі бәсекеге 
әсіре қабілеттілік төмен дәрежедегі байланыс-
ты альтруизммен, өзін-өзі бағалаумен, оңтайлы 
психикалық денсаулықпен бейнелейді. Бәсекеге 
әсіре қабілеттілік пен экстраверсияның екі сипа
-
ты – қызбалық және позитивті эмоция арасын
-
да; ашықтықтың төрт аспектісі – идея, эстети
-
ка, әрекеттер, құндылықтар арасында; табысты 
болуға ұмтылыс арасында оңды корреляция 
шыққан. 
Бәсекеге қабілеттіліктің невротизммен, 
эгоизм нің жоғары деңгейімен, макиавеллизммен, 
догматизммен, басқаларға деген сенімсіздікпен 
оңды және өзін-өзі бағалаумен теріс байланы
-
сы қалай эмпирикалық деректерде көрсетіледі. 
Бұл көрсеткіштер бәсекеге әсіре қабілеттіліктің 
мазмұнын аша түседі. Әсіре бәсекелестік 
«қадір-қасиетін сақтау немесе арттыру жолын
-
да адамдардың бәсекелесуді және қайткенде 
жетістікке жетуді (шығынсыз) тұрлаусыз 
таңдауын» білдіреді (Ryckman R.M., 1990:630). 
Оған қоса, бәсекеге әсіре қабілеттілік көптеген 
амал-тәсілдер арқылы басқа адамдарға қатысты 
манипуляция, агрессия, эксплуатация, нарцис
-
сизм және қорлау көрсетумен ілесе жүретін 
көрінеді. Осы орайда әлеуметтік-психологиялық 
бейімсіздігі салдарынан бәсекеге әсіре қабілетті 
тұлғалардың басқа адамдарға кешірімді қатынас 
көрсете алмайтын ерекшеліктері арнайы 
эмпирикалық зерттеуде анықталған (Collier 
Sh.A., 2010:540).
Олай болса, бәсекеге әсіре қабілеттілік 
тұлғаның не өзіне, не ортадағы басқа адамдарға, 
тіпті, өзіне де, өзгеге де пайдалы емес, керісінше, 
аса зардапты салдары болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет