ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басы қазақстандық білім беру жүйесіндегі қарқынды реформалар кезеңі болды. Бұл білім сапасына қойылатын талаптардың өзгерісіне байланысты сыртқы факторлардың әсерінен, сонымен бірге даму тенденциясын туындататын ішкі қарама-қайшылықтар әрекеті әсерінен болды. Қазіргі қоғамға өз бетінше әрекет ете алатын, өз болашағына жауапкершілікпен қарайтын, шығармашыл, өз дамуын құндылық ретінде түсінетін, үздіксіз білім ала алатын және оған дайын адамдар қажет. 2006 жылы Санкт-Петербург қаласында өткен «Сегіздіктен құрылған топ» саммитінің «ХХІ ғасырдағы инновациялық қоғамға арналған білім» атты қорытынды құжатында «білім беру адамзат дамуының негізі ретінде инновацияны қажетсінеді», – деп көрсеткен. Қазақстандық білім беру жүйесіндегі өзгерістер енгізудің қажеттілігі нормативті-құқықтық құжаттарда да көрініс тапқан. Инновациялық іс-әрекеттегі көптеген шектеулерге жол бермей, оны өзгертуге деген қажеттіліктің туындауы білім беру жүйесінде кең ауқымды инновациялық қозғалысты тудырды.ХХІ ғасырдағы білім берудегі ерекшеліктердің бірі оның интеграциялық сипаты болып табылады. Болон үдерісі аясында ұлттық білім беру жүйелері әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялануда. Қазақстандық педагогикалық ғылым мен тәжірибе білім беру мазмұнын өзгерту арқылы интеграциялық үдерісті ескере отырып, мамандарды даяр- лау сапасын қамтамасыз ету жағдайы мен мүмкіндіктерін іздестіру үстінде.Оқытушытұлғасы, оныңкәсібибіліктілігі, рухани байлығы ЖОО-дағы оқу-тәрбие үдерісінің тиімділігін қамтамасыз етудегі маңызды жағдай болып табылады. Оқытушының тұлғалық және кәсіби маңызды сапасын қалыптастыру мәселесі психологиялық-педагогикалық зерттеулерде өз маңыздылығын жоғалтпайды.Барлық деңгейдегі педагогтардың инновациялық іс-әрекетке даярлығын қалыптастыру стратегиясын тұлғаны дамыту және өзін- өзі дамыту тұжырымдамасы анықтайды. Жаңа білім беру парадигмасын жүзеге асыру жағдайы ақпаратты жылдам әрі сапалы талдай білу, маңыздылығын бөліп алу, мазмұнын жариялау және өз білімін тәжірибелік әрекетте қолдана білу қабілеттерін қалыптастыруды талап етеді.
– ЖОО оқытушысының кәсіби әрекетіндегі инновациялық сипаты Болон үдерісін жүзеге асыру талаптарын ескеруді қажетсінеді.
Сонымен бірге біртұтас педагогикалық үдерісті атап өткен жөн, ондағы басты ұстаным: оқыта отырып, тәрбиелеймін, тәрбиелей отырып, оқытамын. Жаһандану үдерістері тұлғаның адамгершілігін қалыптастыру мәселесін шеттеткен емес.Жоғары оқу орындарында қайта жаңарту жолдарын іздестіру көптеген бағыттар бойынша жүріп жатыр. ЖОО жұмысындағы мәнді өзгерістер білім беру үлгісін ауыстырумен тікелей байланысты болады. Қазіргі қазақстандық ЖОО-ларда жаңаны ендірудің тиімді жолының бірі – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ сияқты зерттеу университетін құру. Бұл тұрғыда шетелдік тәжірибе жоғары маңыздылыққа ие, әсіресе АҚШ тәжірибесі, ондағы ғылыми-техникалық даму, инновациялық экономиканың қалыптасуы, бизнестің, жұмыс орнын берушілердің, ғылым мен білім интеграциясы. Америкалық зерттеу университеттері бұл, ең алдымен, мемлекет пен ұйымдық қаржыландыру қолдап отыратын озат іргелі зерттеулер жүргізілетін орталықтар, оқытушылар мен студенттері белсенді жұмылдырылған университет қабырғасындағы шынайы ғылым мен білім. Сонымен қатар зерттеу университеттері аймақтық экономикалық дамуға әсер етуші, технопарктерді қалыптастырушы, кәсіпкерлік инкубаторларды қолдау мен кіші бизнесті қолдауға септігін тигізетін орталықтар. Және де бұл – елдің қоғамдық дамуында маңызды рөл атқаруға міндетті ұлттық элитаны қалып тастырушы орын. Сол себепті әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1754 жылы құрылған Колумбия университетімен тығыз қарым-қатынаста. Колумбия университеті 2007 жылы жалпы ұлттық рейтингте 9-орын алған.
Дені сау адам-табиғаттың ең қымбат жемісі» деп тегін айтылмаса керек. Бірінші байлық- денсаулық дейміз. Бірақ осы сөздің салмағын шынайы сезініп, түсінбейтін секілдіміз.
Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді еліміз оcы бағытта Қазақстан мектептеріне жан- жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат еткен дара тұлғаларды тәрбиелеуді басты талап етіп қойған.
Қазіргі кезде салауатты өмір салтын сақтау туралы көп айтылуда. Тіпті Елбасымыздың Жолдауында да салауаттылықты мемлекеттік деңгейде қолға алу керектігі көрсетілген. Бұл жолдау келешек егемендіктің кілтін ұстар жастардың болашағына апаратын алтын сүрлеу десе болады. Десе де осы салауатты өмір салты дегенді әркім әрқалай түсінеді.
Салауатты өмір салты дегеніміз- денсаулықты нығайту мен сақтау, ағзаның дұрыс дамуын қамтамасыз ететін гигиеналық ережелерді орындау. Ол үшін денссаулықа жағымсыз әрекеттерден (нашақорлық, шылым шегу, ішімдік ішу, улы заттарға әуес болу) аулақ болу. Салауатты өмір салтын сақтау сонысымен бағалы. Көне замандардағы ғұламалардың бірі Аристотель: «Жанды дене қозғалмаса өледі» - деген екен. Міне, сол тұжырымдама біз үшін салауатты өмір сүрудің негізгі ілімі болуға тиіс. Салауатты өмір салтын ұстануда спорттың рөлі зор. Денсаулыққа тек дене шынықтыру арқылы қол жеткізілуге болады. Дене қозғалысы адам ағзасын дамытып, жұмыс істеу қабілетін арттырады, ауруды алыстатып, өмірді ұзартады. Денсаулық – адамға табиғаттың берген ең ұлы құндылығы.
Адам денсаулығын қалыптастыру және нығайту – медицинаның ғана емес, сонымен бірге барлық оқыту мен тәрбиелеу, білім беру жүйелерінің негізгі мақсаты мен міндеті. Себебі, шәкірт денсаулығының жағдайы оның оқу үлгеріміне, мінез-құлқына, қарым – қатынастарына тікелей әсер етеді. Осы орайда мектептегі алғашқы сабақтың 4-5 минуты гимнастика жаттығуынан басталса, ерте тұрып таза ауада жүгіріп және арнайы жаттығулар жасалса. Түрлі спорттық ойындар мен секцияларға қатысудың да артықтығы болмас еді.Сөйтіп, жан дүниемізді байытып шынықтырар едік.