Тұлғаның психологиялық құрылымы. Қабілеті, талабы. Темпераменті. Жеке адам


Темпераменттің төрт түрін кездестіре аламыз: сангвиник, флегматик, холерик және меланхолик



бет4/4
Дата07.02.2022
өлшемі17,16 Kb.
#97827
1   2   3   4
Байланысты:
Тұлға.Темперамент

Темпераменттің төрт түрін кездестіре аламыз: сангвиник, флегматик, холерик және меланхолик. Темперамент туралы ілім ерте кезде пайда болған. Ертедегі грек медицинасының көрнекті өкілі Гиппократ (б.з.д. V ғ) және оның шәкірттерінің айтуынша, адам ағзасының жағдайы негізінен адам ағзасында болатын шырындардың немесе сұйық заттардың сандық арақатынасына байланысты (қан, шырын, өт). Осы сұйық заттардың араласу пропорциясы грекше "красис" деп аталады. Рим дәрігерлері жүздеген жылдар кейін жұмыс істеген бұл ұғымды латын тілінен алынып, кейіннен келіп "темперамент" термині шықты.
Белгілі адам анатомы және дәрігері б.з.д. II ғ. өмір сүрген Гален алғаш рет темпераментті жан-жақты жіктей отырып, сипаттама берді. Ол темпераменттің санын 13-ке дейін жеткізді. Кейіннен бүл темпераменттің саны төртеуге дейін жинақтадды. Олардың әрқайсысы белгілі бір сұйық заттың басымдығына қарай сипатталды.
Ағзада сұйық заттардың бірігуінде қанның пропорциясы басым болса, сангвиникалық темперамент деп аталды (латын сөзі "сангвик" - қан); сүйық заттардың бірігуінде шырьшның пропорциясы басым болса, флегматикалық темперамент деп аталады (грек сөзі "флегма" - сөл); сары өттің пропорциясы басым болса, холерикалық темперамент деп аталады (грек сөзі "холэ"-сары өт); қара өттің пропорциясы басым болса, меланхоликалык темперамент деп аталады (грек сөзі "мелайна холэ" — қара өт).

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет