Тұлғалық белгілер — адамның даралық ерекшеліктерін көрсететін, психологиялық және физиологиялық элементтерін және оның ойлауы мен қылығын сипаттайтын өмір бойы қалыптасатын психофизиологиялық жүйе.
Қарым-қатынас
Қарым-қатынас – бір адамның басқа адамдармен қоғам мүшесі ретінде өзара әрекеттесуінің арнайы формасы. Қарым-қатынас барысында адамдардың әлеуметтік байланысы, бір-біріне деген қарым-қатынасы жүзеге асады.
Қарым-қатынастың өзара байланысты 3 жағы бар:
1. Коммуникациялық - адамдардың өзара ақпарат алмасуы;
2. Интерактивті - адамдардың өзара әрекеттесуін ұйымдастыру;
3. Перцептивті - адамдардың бір-бірін қабылдауы және соның негізінде өзара түсінушіліктің орнауы.