Тмд елінің көлік жүйесі



Дата01.11.2023
өлшемі73,5 Kb.
#188979
түріРеферат
Байланысты:
Беделбай Бекасыл реферат 7 Доштаев





РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Автомобиль көлігі үшін деректер базасын қолдану


Орындаған: Беделбай.Б
Қабылдаған :Доштаев.К


Алматы 2023


Жоспары

1 Темір жол көлігінің бекеттерінің, стансаларының, тораптардың ролі.


2. Стансаны және топтарды жобалағанда қолданатын техникалық нормалар
3. Теміржол көлігіндегі бекеттерді, стансаларды, тораптарды жобалағанда қолданатын негізгі техникалық нормалар
3 Темір жол көлігіндегі бекеттерді, стансаларды
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Темір жол көлігінің бекеттерінің, стансаларының, тораптардың ролі.




Теміржол көлігінде тасымалдау жұмыстарды көңілді орындау үшін бекеттердің, стансалардың, тораптардың ролі ерекше және өте үлкен.
Тораптардың, стансалардың ауылшаруашылыққа деген мән-маңызы да өте үлкен. Мысалы:
1) Ауылшаруашылығы теміржол көлігімен станса, тораптар арқылы тоғысады. Стансаларда олардың жүктерін тиеу-түсіру, жүктерді жөнелту т.б. жұмыстар орындалады.
2) Жолаушылар тасымалдау жұмыстарын атқарады (жолаушыны міңгізу-түсіру, багаждарды тиеу-түсіру, пошталарды жөнелту т.б. жұмыстар орындалады).
3) Станса мен тораптар арқылы басқа көліктер: (автомобиль көлігі, су көлігі, құбыр көлігі, әуе көлігі т.б.) теміржол көлігімен әрекеттеседі.
4) Станса мен тораптар теміржолда алға қойған (жобаланған) тасымалдау жұмыстарын үлгілі түрде орындауға үлкен әсер етеді.
5) Теміржол стансаларында, тораптарда жүк және жолаушы пойыздары құралады, оларды таратады және т.б. соларға сәйкес керекті жұмыстар орындалады.
6) Станса мен тораптар теміржолдың технико-экономикалық көрсеткіштерін тиімді түрде орындауға үлкен әсер етеді.
7) Вагондардың 70 пайызынан астам вагон айналым уақыттары станса мен тораптарда өтеді.
8) Теміржолдың қолдану ұзындығының 60 пайыздан астамы стансада, тораптарда орналасқан.
9) Теміржолда қолданатын негізгі құрылыстардың көбісі станса мен тораптарда орналасқан т.б.
Сондықтан станса мен тораптардың теміржолдағы ролі өте үлкен екені дәлелсіз-ақ көрініп тұр.


Теміржолда бекеттерді, стансаны және тораптарды жобалаудың негізгі мақсаттары дегеніміз-теміржолда тасымалдау жұмыстарын өз уақытында, керекті мөлшерінде орындау үшін қолданатын жабдықтардың көлемін анықтап және оларды қалай құру керек екенін көрсететін техникалық іс қағаздардың (құжаттардың, документтердің) жиынтығын айтады.
Сондықтан бекеттерді, стансаны, тораптарды жобалау үшін алдымен тасымалдау жұмысының көлемін, олардың процесін, қолданатын жабдықтарды, олардың құрылыс әдістемелерін және құрылыс жұмыстардың түрлерін т.б. мәліметтерді анықтайды. Содан кейін тасымалдау процесіне сәйкес құрылысқа керекті техникалық құжаттарды жобалайды.
Темір жолда жаңа құрылыстар салу үшін, не қолданып жүрген, құрылыстарды кеңейту үшін жобалау сызбалары жасалынып беріледі. Олар негізінде екі кезеңнен (екі сатыдан) тұрады: «техникалық жобалау) сызбалары» және «жұмыс жобалау» сызбаларынан. Егер құрылыс жұмыс көлемі аз болса екі кезеңді біріктіріп – «технико - жұмыс жобалау» сызбасы беріледі.
Темір жолда жобалаушылар жобалауды орындау үшін теміржол бастығының бастапқы (әуелі) дерек (дәлел) ретінде берген құжаттарды т.б. дәлелдерді қолданады. Бұл құжаттарда теміржол жабдықтарының орналасуы, өндірістердің орналасуы, экономикалық ауданның бағыты т.б. жобалауға керекті мәліметтер болуы керек.
Теміржолдың «техникалық жобалауында» мынандай сұрақтар анықталанады:
Жобалауға ұсынып отырған трассада жаңа теміржол, стансалар салуға бола ма? Олардың оптималдық (тиымдылық) жағдайлары;
Колданып жүрген бір басты теміржолдық трассасында жаңа стансалар, екі басты теміржолды салу керек пе және салуға бола ма?
Олардың жағдайы;
- қолданып жүрген теміржолдың жұмыс технологиясының процестері бар өндірісті тиымды етіп және басқа жоғары өнімді өндірістерді өнімді етіп қолдана ала ма?
- қолданып жүрген теміржолдың құрылыстарын, жабдықтарын басқа объектілермен қатар кооперировать етіп қолдануға бола ма?
- теміржолдың ұйымдасытру жұмыстарында, олардың экономикалық жұмыстарында автоматтар қолдануға бола ма?
- жаңа жобаны еңгізгеннен кейін теміржолдың негізгі технико-экономикалық көрсеткіштері қандай болады?
Жобаланған теміржолдың технико-экономикалық негізгі көрсеткіштерін бекітілген көрсеткіштерімен, көрсеткіш нормаларымен салыстырғанда олардың қаңдай айырмашылықтары болуы мүмкін? - және тағы басқа қандай сұрақтар анықталынады?
Жобалаушылардың жобалау жұмысына қолданатын дәлелдерді, тапсырмаларды т.б. дайындау жұмысына техника-экономикалық ғылым институттары қатысады. Олар жобалау мекемесі берген тапсырмаға сәйкес жобалау жұмыстарын орындайды.
Жобалаушылардың «техникалық жобалауда» беретін құжаттары: түсіндеме жазбасынан; керекті сызбалардан; құрылыс жұмысын ұйымдастырудан; смета құжаттарынан; жобаның негізгі көрсеткіштерінен т.б. тұрады.
Жобалау мекемесі «жұмыс сызбасында» бекітілген «техникалық жобалауды» қолданып масштабын 1:1000 не одан да ірі етіп орындаған өндірістің, құрылыстардың сызбаларын береді.
«Жұмыс сызбасының» жоспарында құрылыстардың орындарын көрсетіп,салынатын құрылыстардың өз ара байланыстарын көрсетіп,үйлердің құрылыстың өлшемдерін және ерекшеліктерін көрсетіп масштабты сызбалар береді.
Құрылыс жұмысшылары «жұмыс сызбаларын» қолданып құрылыс және монтаж жұмыстарын орындайды, коммуникация құрылыстарын салады, керекті жабдықтарды орындарына қояды т.б. жобалауға сәйкес жұмыстарды орындайды.
Жаңа құрылыс салу жобасын, не қолданып жүрген станса құрылстарын кеңейту, не оларды дамыту үшін орындалған жобаны комплексно (жинақты) орындау керек, яғни станса жолдарын есептеп, жолаушы құжаттарын көрсетіп, локомотив және вагон шаруашылығын келтіріп,орындау керек, жобаны автомат жабдықтарын және телемеханика мен байланысты көрсетіп орындау қажет. Егер жобалар «техникалық жұмыс» жобалаудан тұратын болса жоғарыда келтірілген жұмыстар орындалуы керек. Бірақта «техникалық – жұмыс» жобалауда типтік жобалауды қолданса, онда сызбаларда тек қана типтік жобалауда жоқ сызбаларды ғана береді (көрсетеді).
Жобаның негізгі заңды адамдары (иесі) болып саналушылар: жобалауға тапсырма беруші (заказчик); басты жобалауды орындаушы; көмекші жобалаушылар; құрылысты дайындайтын, жоба бойынша орындайтын негізгі және көмекші заводтар; құрылысты монтаждайтын ұйымдар т.б.
Негізгі жобалау нұсқауларын беруші, «техникалық жобаны» бекітетін, қаражатты беретін тапсырма беруші теміржол бастығы не мемлекет бастығы болып саналады. Олар сол жобалауда көрсетілген жұмысты орындауға керекті қаражатарды бөліп, керекті қаржы фондасымен қамтамасыз етеді.
Басты жобалауды орындаушы (негізгі жобалау) ұйымы құрылысты уақытында «техникалық – жобамен» және «жұмыс жобасымен» қамтамасыз етеді және көмекші жоба ұйымының (субподрядчиктердің) жұмысын бірлестіреды (үйлестіреді).
Жобалау жұмысты басты жобалау ұйымының бас инженері басқарады және ол бас инженер жобалауды орындап жатқан бөлшектердің жұмыс процестерінде қатынасады да басқарады.
Жоба мен орындалып жатқан құрылыс жұмысының сапалығын көтеру үшін, олардың өнімділігін және экономикалық тиымдылығын асыру үшін құрылыс өндірісінде «авторлық көздеу, қадағалау)» деген жұмыс орны енгізіледі.
Құрылыс жұмысында жобалаудан тыс болып жатқан барлық өзгерістерді осы «авторлық көздеу»кызметкері салынып жатқан құрылыстың иесіне уақытында хабарлап оның келісімін алады. Содан кейін бұл өзгерістерді жобаға еңгізіп, оларды қадағалау журналына уақытында жазып отырады.

Теміржол көлігіндегі бекеттерді, стансалары




Теміржолда станса мен тораптарды салудан көп бұрын оның алдында іздестіру және жобалау жұмыстары жүргізіледі. Іздестірудің мақсаты келешектегі жолды салудың және пайдаланудың жағдайын зерттеп тану, жобалауға керекті материалдарды жинап, дайындау. Жобалаудың негізгі мәселесі жаңа теміржолдың ең ұтымды жобасын жасау,тасымалдың келешектегі өсу қарқынын есепке ала отырып, оның мұқтажын толық қанағаттандыру.
Теміржол жобасы белгіленген өткізу және тасымалдау қабілетін, пойыздың жүру қауіпсіздігін, ақшалай қаржыны тиімді пайдаланудың, құрылғыдардың одан әрі даму мүмкіншілігін, жолды салуы және пайдалануда жаңа техникалық құралдар мен озық технологияны пайдаланудың алдын ала қарастырады. Жаңа жол жобасы өнеркәсіптердің,елді мекендердің, көліктің басқа түрлерінің қажеттілігін, қоршаған ортаны сақтау талабын жан-жақты есептей отырып жасалады.
Жаңа теміржол салудың экономикалық тиімділігі мен оның халық шаруашылығына қажеттігін анықтау үшін оның жобасын жасау алдында техникалық-экономикалық негізін (ТЭН) жасайды. Онда сол жердегі бұрынғы жол қатынастарының сипаттамасы, салу құны мен әртүрлі нұсқалардың пайдалану көрсеткіштерінің есептері болуға тиіс. Сол негіздерге байланысты теміржолдың ең ұтымды варианттарын таңдап алынады: одан басқа мерзімдері мен шарттары туралы түсініктер,құрылыс базасының дамуы туралы мәліметтер келтіріледі. Теміржолды және оның жеке құрылғыларын жобалау екі сатыда жүзеге асырылады: бірінші сатыда-техникалық жоба, ал екіншіде – жұмыс құжаты жасалынады.
Станса мен тораптың даму (өрістету) жобаларын жаңа теміржол салғанда, немесе бар теміржолдың тасымалдау күшін нығайту үшін жасайды (қолданады).
Стансаның және тораптың жобалау жұмысын кезеңдес (поэтапно) орындау керек,яғни:
- алдымен жобалаушылардың алдына мақсаттар (міндеттер)қойылуы керек;
- жобалаушылар алдында қойған сұрақтарға жауап беретін,шешетін жобаларды орындайды және осы жобаларды жүзеге асыруы керек;
- орындалған жобаға баға беріледі және жобалаушыларға кепілдеме (міндеттеме) беріледі;
- жобалаушының алдына жауапты мақсат теміржол бастығынан, не басқалардан тапсырма ретінде сұрақтар қойылады.
Теміржол бастығы не басқа тапсырма берушілер, жобалаушыларға тапсырма беру үшін жобалайтын станса не басқа объект туралы, оның айналымы (окружаюшая среда) туралы деректер (дәлелдемелер) жинайды.
Станса, теміржол тораптарын жобалау үшін мынандай деректер (дәлелдемелер) жиналуы керек:
1) Станса мен тораптар орналасқан аудан тартылысының (район тяготения) технико-экономикалық сипаттамасы (мінездемесі).
2) Станса мен тораптар орналасқан жергіліктің (тұрақтың) инженерлік-геологиялық мінездемелері;
3) Жобалау ауданда (орында) жобалайтын стансаға қатысы бар құрылыстардың, жабдықтардың барлығын тексеріп анықтау материалы;
4) Тораптың картаға түсірілген картографиясы, олардың алаңының ұзындығы және көлденең профилі;
5) Стансаның картаға түсіріген жобасы;
6) Жүк шаруашылығының құрылыстарының және жолаушылар ғимаратыныңың (шаруашылығының) барлығы, олардың келешекте атқаратын жүк пен жолаушылар жұмыс көлемі;
7) Стансада келешекте қолданатын техникалар, автоматтар, олардың түрлері, мөлшері (саны) және технологиясы т.б. дәлелдемелер.
Стансаның берілген жобалау шешімінде, болашақта кездесетін әр түрлі техниканы, технологияны қолдануға болатын, әдістемелерді оларды ескеретін варианттар жасалуы керек.
Станса мен тораптар жобалауында жоғарыда айтылған деректерден басқа мынандай факторлар (деректер, мәліметер) ескертілуі керек: оларды үш топқа бөлуге болады:
Бірінші топта – теміржолда бар қор-қаржылары:станса жобасына жұмсай алатын қаржылардың көлемі; бар материалдар мен жабдықтар; жұмысшылар саны; тілейтін құрылыс бітіру уақыттар т.б.
Екінші топта - жаратынды (табиғи және факторлар мен (себептер); құрылыстың инженерлік-геологиялық жағдайы;қолданатын жабдықтардың техникалық мінездемелері; құрылысқа қолданатын заттардың қасиеті (сипаты) т.б.
Үшінші топқа – саяси және моральнопсихологиялық себептер (факторлар) т.б.
Бірнші екінші топтар сан ретінде және оптималдық (тиімділк) ретінде көрсетіледі. Кейнгі уақытта жобалардың сапасын жоғарлату үшін, жобалауға бөлінген қаражаты пайдалы қолдану үшін экономика-математикалық моделдерін қолдануы керек.
Бұл үш топты қолданып жасалған жобалар стансада жаңа техника мен технологияны қолдануды көңілді түрде қамтамасыз етеді. Өндірісті тиымды, жоғары өнімді етіп қолдана алуға мүмкіндік береді. Теміржолдағы бір құрылғыларды, құрыллыстар, жабдықтарды басқа бар объектілермен кооперировать етіп қолдануға мүмкіндік туғызады. Теміржолдың ұйымдастыру жұмыстарында, экономикада автоматтар қолдануға болады (мүмкіндіктер туғызады)
Айналы қоршауды (ауа, жер, суды) таза ұстаумен қамтамасыз етеді.
Теміржолда жылжымалық жұмыстарда қауіпсіздік сақтайды жәнежұмысшылардың қауіпсіздігін сақтайды. Теміржолдң жұмысының пайдалығын өте жоғары көтеруге мүмкіндік туғызады. Елді қорғаныс сақтау (қорғану) жұмысымен қамтамасыз етеді т.б.

Бекеттер, стансаларды, тораптары




Темір жол көлігінде бекеттерді, стансаны, тораптардың жұмыстарында соңғы уақытта экономико-математикалық әдістемелер (ЭЕМ) кең қолдануда және олардың қолдануы тән (присуще).
Станса жұмыстарының жобалауына ЭМЭ мен ЭЕМ-сін қолданып мынандай үшініші дәрежелі есептерді есептеуге болады:
а) Станса мен тораптарды жобалағанда олардың жобалау шешімдерін табу үшін;
б) Стансаның жобалау жұмысына автоматтандырылған әдістемені қолданып оларға жұмсайтын уақытты және қаражаты азайту (қысқарту) үшін;
в) Жобалауға керек техникалық және экономикалық ақпараттарды (информацияны) табуды оңайлату үшін;
г) Жобалауда жобалаушы адамдардың санын кеміту үшін;
д) Жобалау өндірісіне (жұмысына) керек құжаттарды және олардың ішінде кететін қателерді кеміту үшін және т.б. есептерді де ЭМЭ мен ЭЕМ –і қолданып есептеуге болады.
Теміржол көлігінің жұмысының нақтылығын, оны пайдаланатын мекемелер мен азаматтар негізгі құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі, сондай-ақ теміржолдың басқа көлікпен өзара қатынасы теміржол Жарғысында белгіленеді (Устав железных дорог).
Теміржол көлігініің жолаушылар мен жүктердің тасымалдауды үздіксіз, апатсыз орындауы, оның барлық бөлімшектерінің өзара жөнді бірлесуіне байланысты. Мұнда тәртіптік поездарының жүріс графигі арқылы қамтамасыз етіледі. Жүріс графигі, теміржолдың бөлшектерінің жұмысын біріктіреді. Поездардың графигінен пойыздардың дәлме-дәл жүру мен деполардың басқа техникалық қызмет ету қосындарының және поездар жүрісіне қатынасы бар, бөлімшелердің технологиялық процестерін дұрыс ұйымдастырумен және оларды нақты орындаумен қамтамасыз етеді.
Теміржол көлігінің барлық бөлшектерінің нақтылығын және олардың үздіксіз жұмысы мен жүріс қаупсіздігі КСРО теміржолын техникалық пайдалану туралы Ережелерді (ТПЕ), сигнализация туралы Нұсқауларды, пойыздар мен маневр жүрісі туралы Нұсқауларды бұлшытпай орындау арқылы іске асырылады.
ТПЕ теміржол мен оның жұмыскерлерінің негізгі ережелері мен жұмыс тәртібі болып саналады. Мұнда аса маңызды құрылыстардың, құрылғылардың және жылжымалы құрамның негізгі өлшемдерін, олардың сақтау нормаларын поездар жүрісін ұйымдастыру жүйесін, сигнал принциптерін т.б. белгіленеді. Сондықтан теміржол көлігінің барлық бөлшемдері мен жұмыскерлері, станцияны жобалаушылар ТПЕ-де келтірілген нұсқауларды орындауға міндетті.
Теміржол көлігінде еңбектің қауіпсіздігін қорғауға көп көңіл бөлінеді.Әрбір теміржолшыға арналған олардың жұмысына сәйкес басшылықтары бар. Олар қауіпсіздік техникасымен өндіріс санитариясының ережелері мен нұсқауларын орындау және сақтау керек. Теміржол көлігінде бекітілген тізбе бойынша барлық жұмысқа кіретін адамдар поездардың жүрісіне байланысты ТПЕ, сигнализация нұсқаулары, поездар жүрісі және жұмысы туралы нұсқауларды, қызметтік нұсқауларды, қауіпсіздік техникасымен өндіріс санитариясының ережелері мен нұсқауларын тапсыру сынағынан өту керек.

Пайдаланылған әдебиеттер





  1. Сурашев Н.Т., Гудович М.И. Көтеру-тасымалдау машиналары: Оқулық. Алматы, 2013 – 344 бет.

  2. Бекжанова С.Е., Бекжанов Д.З., Бекжанов З.С. Технология и механизация погрузочно-разгрузочных работ.КарМУ, Астана, «Парасат Әлемі», 2005.

  3. Карабасов И.С., Бочаров В.С. Жүк тиеу-түсіру жұмыстарын кешенді механикаландыру және автоматтандыру. АлИИИТ. Алма-Ата, 1991.

  4. Дедов А.Н., К.Б. Ермакова, А.К. Келисбеков. «КӨЛІК ТҮРЛЕРІНІҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУІ», Қарағанда, 2014.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет