Флюорография
(лат. fluor — ағыс және грек.
grapho
— кескінін көрсету, бейнелеу) —
фотографиялық
пленкаға флюоресценттік
(сәулелендіруші) экраннан зерттелетін нысанның
рентгендік кескінін алудан тұратын
рентгенологиялық зерттеу әдісі.
Рентген
сәулесі
ашылғаннан кейін Флюрографияның негізгі
принциптерін италиялық
ғалымдар
А.Баттелли
мен
А.Карбассо
және
америка ғалым Дж.
М.Блейер
жетілдірді.
Флюрографияға түсірген кезде нысанның кескіні
кішірейеді. Флюрографияның кішірейтілген
(24
24 мм немесе 35-35 мм) және үлкейтілген
(70
70 мм немесе 100 100 мм) түрлері болады.
Басқа рентгендиагностик. әдістермен
салыстырғанда Флюрографияның артықшылығы
— клиникасы көпке шейін жасырын болған
ауруларды жаппай зерттеуге мүмкіндік береді.
Флюрографияны көкірек қуысының, сүт
бездерінің, сүйек ауруларының диагностикасын
қойғанда қолданады.
|