Тобы: 18 б тексерген: Бралов И. И. Ақтөбе, 2018 жыл



бет5/7
Дата08.12.2023
өлшемі3,56 Mb.
#195450
1   2   3   4   5   6   7

Соңғы жылдары Қазақстан Республикасында вирусты гепатит А (ВГА) бойынша эпидемиологиялық ахуал жақсарды. Әлемнің басқа елдерімен салыстырғанда Қазақстанда ВГА-мен ауыратындар деңгейінің төмендегені байқалады. Алайда республикада бұл сырқатқа көбінесе 14 жасқа дейінгі балалар шалдығады. Әсіресе, 2 жастан бастап 9 жасқа дейінгі балалар жиі ауырады. Жеткіншектердің бұл дертке шалдығуы көп жағдайда жазғы кезеңде контаминирленген (ластанған) суды, көкөністердің көп мөлшерін қолданғанда және суға түскенде пайда болады.

  • Соңғы жылдары Қазақстан Республикасында вирусты гепатит А (ВГА) бойынша эпидемиологиялық ахуал жақсарды. Әлемнің басқа елдерімен салыстырғанда Қазақстанда ВГА-мен ауыратындар деңгейінің төмендегені байқалады. Алайда республикада бұл сырқатқа көбінесе 14 жасқа дейінгі балалар шалдығады. Әсіресе, 2 жастан бастап 9 жасқа дейінгі балалар жиі ауырады. Жеткіншектердің бұл дертке шалдығуы көп жағдайда жазғы кезеңде контаминирленген (ластанған) суды, көкөністердің көп мөлшерін қолданғанда және суға түскенде пайда болады.
  • Қазақстанда 1999 – 2000 жылдардан бастап ҚР Үкіметінің қаржылай қолдауымен балаларды вакцинациялау шарасы Маңғыстау облысында (ВГА-ға шалдығушылықтың жоғары көрсеткіші), кейін жергілікті бюджеттің қаржыландыруымен басқа облыстарда басталды. Соның нәтижесінде, 2000 жылы – 23475 жағдай тіркелсе, 2009 жылы бұл көрсеткіш 5018 – ге төмендеді.
  • Осы аурудың алдын алу бойынша ересек тұрғындардың саналы жауапкершілік деңгейін арттыру, балалар арасында жеке және қоғамдық гигиенаны сақтаудың базалық дағдыларын қалыптастыру қажет.

Вирусты гепатит – кең тараған және қауіпті ауру болғандықтан, оны емдегеннен гөрі алдын алу жеңіл. Адамдар, әсіресе жастар, «гепатит» дегеннің не екенін, ол ауруды болғызбас үшін өздерін қалай ұстауды біле бермейді.

  • Вирусты гепатит – кең тараған және қауіпті ауру болғандықтан, оны емдегеннен гөрі алдын алу жеңіл. Адамдар, әсіресе жастар, «гепатит» дегеннің не екенін, ол ауруды болғызбас үшін өздерін қалай ұстауды біле бермейді.
  • А және Е гепатиттері нәжіс және ауыз жолымен берілетін болғандықтан, оның алдын алу оңай, тек гигиена ережелерін (тамақ ішерде, дәретханадан кейін қол жуу, жуылмаған көкөністерді, жемістерді қолданбау, қайнамаған суды ішпеу) сақтау керек.
  • Қауіп-қатер тобына кіретін үлкендер мен балалар үшін А гепатитіне қарсы егу жүргізіледі.
  • Үлкендер мен жасөспірімдер бұл ауруға қарсы егуді өз еріктерімен жасатады, ал қауіп–қатер тобындағыларға міндетті түрде егілу талап етіледі.
  • Қауіп–қатер тобына: медицина қызметкерлері, қан құйылған аурулар, нашақорлар, В гепатиті кең тараған елдерде тұратын немесе ол жаққа жиі баратын сапар шегушілер, ауру адамы бар отбасы жатады.
  • Өкінішке қарай, С гепатитіне қарсы вакцина әлі жоқ. Сол үшін жастар арасында түсіндіру шараларын көп жүргізу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет