Ацидофильді жасушалық аденома – капсулаланған немесе капсуласы жоқ қатерсіз ісік, әдетте ацидофильді, сирек ірі хромофобты жасушалар немесе өтпелі формалар қоспасынан тұрады. Ісік жасушалары мол тамырланған стромамен бөлінген жіптер мен өрістерді құрайды. Олар жарық микроскопиясы деңгейінде, ультрақұрылымдық және иммуноцитохимиялық жағынан диаметрі 300-400 нм көптеген секреторлық түйіршіктері бар соматотрофтар ретінде анықталады. Кейбір жасушаларда үлкен ядрошықтар, интенсивті дамыған эндоплазмалық тор және аздаған секреторлық түйіршіктер болады, бұл олардың жоғары секреторлық белсенділігін көрсетеді.