- Жүрек-қантамыр жүйесінің көрсеткіштері, ыстық микроклимат жағдайында, ауа және қоршаған орта температурасы жоғарылаған кезде ағза жүрек-қантамыр жүйесі және тер бөлу арқылы тері қабатынан жылу бөлуді күшейтуге тырысады.
- Тері мен тері асты шел майы, қан тамырларының қанмен толуының жоғарылауы және ішкі мүшелердің қанға жұтауы салдарынан қанның қайта таралуы жүреді.
- Тамыр соғу жиілігінің өзгеруі байқалады.
- Тахикардия
- Гипертермия(жалпы әлсіздің,лоқсу,қатты терлеу,тамыр соғуы мен тыныс алу жиілінеді,дене қызуы 38С ,одан жоғары)
Төмен температураның ағзаға тигізетін әсері - Төмен ауа температураларында, жоғары қозғалыс жылдамдығы мен ылғалдығында орындалатын өндірістік үрдістер кезінде дененің салқындауына (гипотермия) алып келеді, ал егер еңбек ету тәртібі мен арнайы киім гигиеналық талаптарға сәйкес келмегенде, тіпті ағза қатты тоңадына . Гипотермия кезінде орталық және вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық бөлімінің және эндокринді бездер қызметінің қозуы байқалады, соның салдарынан рефлекторлы түрде жылу беру азаяды және жылу түзілу мен зат алмасу күшейеді.
Микроклимат жағдайларының адам ағзасына әсер етуіне байланысты: - Рұқсат етілген жағдайлар денсаулықты бұзбай және жылылық жағдайды салыстырмалы түрде тұрақты сақтап, жылу реттейтін механизмдердің орташа дәрежеде нашарлауын, болар болмас қолайсыз жылу сезінуін, еңбекке қабілеттіліктің біршама төмендеуін туғызады.
Қолайлы жағдайлар жалпы және жергілікті қолайсыз сезімдер болмайтын, жылу реттелу механизмдерінің минимальды болатын микроклимат көрсеткіштерімен анықталады, ол бүкіл жұмыс ауысымы бойына адам ағзасында қолайлы жылылық жағдай сақталуын қамтамасыз етеді.
Зиянды жағдайларайқын қолайсыз жылу сезінуімен, жылу реттелу механизмдерінің едәуір нашарлауымен, еңбекке қабілеттіліктің төмендеуімен, ағза жылуының тұрақтылығы және адам денсаулығы бұзылуымен сипатталады.
Экстремальды жағдайлар қысқа уақыт ішінде жылылық жағдайының күрт бұзылуын, денсаулық бұзылыстары мен өлім қаупін туындатады.
Достарыңызбен бөлісу: |