Тобы: атп-17б дайындаған: Муханбетов Мақсат Жаңаөзен қаласы


Қазақстан Республикасындағы метрологиялық қызмет



бет3/5
Дата07.02.2022
өлшемі30,39 Kb.
#87884
1   2   3   4   5
Байланысты:
СӨЖ

Қазақстан Республикасындағы метрологиялық қызмет
Бүгінгі күнде Республикада метрологиялық қызмет «Өлшем бірлігін
қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының заңына және Қазақстан
Республикасы Үкіметінің қаулыларына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 1 қарашадағы № 1342
қаулысымен Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі
Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстан метрология
институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік
кәсіпорны (бұдан әрі – «ҚазМетрИн» РМК) құрылды және халықаралық
талаптарға сай өлшем бірлігін қамтамасыз ету үшін метрология жөніндегі
техникалық (эталондық) базаны және нормативтік құжаттардың үйлесімділігін жетілдіру, осы салада мамандарды даярлау және біліктілігін
арттыру бойынша мақсаттарды орындау үшін Қазақстан Республикасындағы
метрология бойынша жалғыз институт болып есептеледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның 2030 жылға
дейінгі даму стратегиясын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» жарлығын
іске асыру шегінде республикада болып жатқан экономикалық өзгерістер,
метрология қызметінің техникалық негізін - республиканың эталондық
базасын тиісті деңгейде ұстап тұру арқылы қалыптасқан ұлттық өлшем
бірлігін қамтамасыз ету жүйесін тасымалдау қадамдарын жүзеге асыруды
қажет етеді.
Республиканың эталондық базасы экономиканы метрологиялық қамтамасыз ету жүйесінің орталықтандырылған элементі болып табылады.
Эталондық базаның даму деңгейі түпкі қорытындыда барлық техникалық
өлшемдердің деңгейі мен дамуын анықтайды.
Қазіргі уақытта республиканың эталондық базасы эталондардың 98 бірлігінен және эталон жабдықтарынан, 49 мемлекеттік эталоннан, 27 жұмыстық эталон және эталондық жабдықтардың 22 бірлігінен тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет