Тобы: атп-17б дайындаған: Муханбетов Мақсат Жаңаөзен қаласы


Метрологияда қолданылатын негізгі ұғымдар



бет4/5
Дата07.02.2022
өлшемі30,39 Kb.
#87884
1   2   3   4   5
Байланысты:
СӨЖ

Метрологияда қолданылатын негізгі ұғымдар
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы 2000 жылғы 7 маусымдағы
№ 53-II Қазақстан Республикасының Заңының 1-тарауының, 1-бабында
пайдаланатын негізгі ұғымдар:
аккредиттеу- аккредиттеу жөніндегі органның метрологиялық
жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің нақты түрлерін жүзеге асыруға
заңды тұлғаның құзыреттілігін ресми тану рәсімі;
• заңдық метрология - метрологияның уәкілетті мемлекеттік орган
атқаратын қызметке жататын және өлшем бірліктеріне, әдістеріне, өлшем
құралдары мен өлшемдік зертханаларына қатысты мемлекеттік талаптары
бар бөлігі;
мемлекеттік метрологиялық бақылау - уәкілетті органның және оның
аумақтық бөлімшелерінің өлшем құралдары шығарылуын, олардың жай-күйін және қолданылуын, өлшемдерді орындау әдістемелері қолданылуын,
метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын, сату кезінде тауарлардың санын, сондай-ақ бума тауарларды ашу, сату және импорттан
алу кезінде кез келген түрдегі бума тауарлардың санын бақылау жөніндегі
қызметі;
метрологиялық бақылау - мемлекеттік басқару органдарының, жеке және
заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын тексеру мақсатында жүзеге асыратын қызмет;
метрологиялық қызмет - қызметі өлшем бірлігін қамтамасыз етуге
бағытталған субъектілер жиынтығы;
өлшем - арнаулы техникалық құралдардың көмегімен тәжірибелік
жолмен физикалық шама мәнін табу;
өлшем бірлігі - нәтижелері заңдастырылған шама бірліктерінде
көрсетілген және өлшем қателігі берілген ықтималдықпен белгіленген
шектегі өлшемнің жай-күйі;
өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі - өлшем
бірлігін қамтамасыз ету саласында жұмыстарды өз құзыреті шегінде жүзеге
асыратын объектілердің, мемлекеттік басқару органдарының, жеке және
заңды тұлғалардың жиынтығы;
өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімі - өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы объектілерді, жұмысқа қатысушылар мен құжаттарды тіркеуді есепке алу құжаты;
өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттар -
ережелер, нұсқаулар және өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі
жұмыстарды жүргізу талаптары мен тәртібін айқындайтын өзге де нормативтік және әдістемелік құжаттар;
өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшы-аудитор уәкілетті орган белгілеген тәртіппен өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталған жеке тұлға;
өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау - бірен-саран данада шығарылған немесе әкелінген өлшем құралдарының өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін
белгілеу (растау);
өлшем құралдарын салыстырып тексеруші - өлшем құралдарын
салыстырып тексеру жүргізу құқығына уәкілетті орган белгілеген тәртіппен
аттестатталған мемлекеттік метрологиялық қызметтің немесе аккредиттелген
заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерінің маманы;
өлшем құралдарын сынау - сынау объектілеріне түрлі сынау әсерлерін
қолдана отырып өлшем құралдарының белгіленген нормаларға сәйкестік
дәрежесін анықтау үшін өткізілетін операциялар жиынтығы;
өлшем құралдарын тексеру әдістемесі - орындалуы өлшем құралдарының белгіленген техникалық және метрологиялық талаптарға сәйкестігін айқындауға және растауға мүмкіндік беретін операциялар мен
ережелердің жиынтығы;
өлшем құралы - өлшем жүргізуге арналған және нормаланған
метрологиялық сипаттамалары бар техникалық құрал;
өлшем құралын калибрлеу - өлшем құралының метрологиялық
сипаттамасының шын мәнін және (немесе) мемлекеттік метрологиялық
бақылауға жатпайтын өлшем құралының қолдануға жарамдылығын анықтау
мақсатында сол өлшем құралының көмегімен алынған шама мәні мен эталон
арқылы анықталған шаманың тиісті мәні арасындағы ара қатынасты
белгілейтін операциялар жиынтығы;
өлшем құралын салыстырып тексеру - өлшем құралының белгіленген
техникалық және метрологиялық талаптарға сәйкестігін анықтау және растау
мақсатында мемлекеттік метрологиялық қызмет немесе басқа аккредиттелген
заңды тұлғалар орындайтын операциялар жиынтығы;
өлшемдерді орындау әдістемесі - орындалуы өлшем жүргізудің осы әдістемесімен белгіленген дәлдікпен өлшем нәтижелерінің қамтамасыз ететін операциялар мен ережелер жиынтығы;
өлшемдерді орындау әдістемесін метрологиялық аттестаттау өлшемдерді
орындау әдістемесінің оған қойылатын метрологиялық талаптарға сәйкестігін белгілеу (растау);
салғастыру - эталондар мен өлшем құралдарының метрологиялық
сипаттамаларын зерттеудің нәтижелерін салыстыру;
уәкілетті орган – техникалық реттеу және метрология саласында
мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
шама бірлігі - 1-ге тең сандық мән шартты түрде берілген белгіленген
мөлшердің физикалық шамасы;
шама бірлігінің мемлекеттік эталоны - уәкілетті органның шешімімен
Қазақстан Республикасының аумағында бастапқы деп танылған шама
бірлігінің эталоны;
шама бірлігінің эталоны - уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген
тәртіппен бекітілген, мөлшерін осы шаманың басқа өлшем құралдарына беру
мақсатында, шама бірлігін (шама бірлігінің еселік не үлестік мәндерін)
жаңғыртуға және (немесе) сақтауға арналған өлшем құралы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет