Тобы: гк17-2қ/т Орындаған:Қадірхан Ләззат Тексерген: доцент


Құрылыс объектісі және геодезия



бет2/5
Дата06.02.2022
өлшемі1,9 Mb.
#74980
1   2   3   4   5
Байланысты:
Алмушка

1. Құрылыс объектісі және геодезия
Жалпы геодезия туралы не білеміз? Барлығымызға мәлім геодезия жер беті және оны зерттеу туралы ғылым. Геодезия жер бетінің, сонымен қатар аудандар мен аймақтардың формасын және өлшемін зерттейтін сала. Кез келген құрылыс объектісін жасауда геодезия маңызды рольге ие. Бастапқы құрылыс жұмыстарында инженерлік-геодезиялық ізденіс жұмыстарының маңызы зор болып табылады. Инженерлік-геодезиялық ізденіс жұмыстарына құрылыс объектісінің орнын анықтау, жер асты суларының деңгейі, топырақ құнарлығы, құрылыс объектісіне керекті материалдардың көлемі сияқты жұмыстар кіреді.
Геодезиялық жұмыстарды ізденіс жұмыстарымен айналысатын білікті мамандар орындайды. Құрылыс объектісіндегі негізгі геодезиялық жұмыстар ГОСТ22268, ГОСТ24846 және СНиП 3.01.03-84 негіздеріне сай жасалуы керек. Құрылыс объектісіндегі геодезия-бұл зерттеліп отырған объектінің нақты өлшемі, осы негіздерге сүйеніп жасалған сызбалар және оларды іс жүзінде қолдану сияқты жұмыстардың жиынтығы. Бұл жұмыстар жиынтығы дәл және жоспарланған құрылыс алыңының ішкі және сыртқы элементтерімен қоса, осы берілген жобаның нормативтік базасына сәйкес барлық жағдай жасауға мүмкіндік береді. Геодезиялық жұмыстар құрылыстың басынан аяғына дейін маңызды болып табылады.
Геодезиялық жұмыстармен айналысатын мекемелердің негізгі міндеттеріне:
- Құрылыс алаңын таңдау
- Құрылысқа дайындық жұмыстар (инженерлік құрылыс есебі, жер үсті және жер асты коммуникация тұрғызу планын дайындау).
- Құрылысты жобалау(құрылыс жұмыстары үшін топографиялық және геодезиялық зерттеулер жасау, құрылыс жобасының кейбір параметрлеріне өзгрістер енгізу).
- Әртүрлі деңгейдегі құрылыс жұмыстарына бақылау жасау(құрылыс элементтерінің нақты геометриялық параметрлерін сақтау, осы элементтердің керекті мөлшерін бақылау).
- Жоба барысындағы жұмыстар(орындаушылық жұмыстар, геометриялық бақылаулар, жобаны тапсыруға құжаттар даярлау).
- Құрылыс біткеннен соң атқарылатын міндеттер, яғни негізгі бас жобаны даярлау және керекті түсіріс қағаздары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет