Тобы: гк17-2қ/т Орындаған:Қадірхан Ләззат Тексерген: доцент


Топографиялық түсіріс туралы жалпы ақпарат



бет4/5
Дата06.02.2022
өлшемі1,9 Mb.
#74980
1   2   3   4   5
Байланысты:
Алмушка

1.2Топографиялық түсіріс туралы жалпы ақпарат
Топография — жер бетін әуе және ғарыштық түсірім негізінде жоспарға және ірімасштабты картаға (1:100000 масштабқа дейін) түсіру, әрі бейнелеу әдістерін зерттейтін ғылым. Бұған көзбен өлшеу, бұрыш өлшеу, мензульдық, тахеометриялық немесе алыстан өлшеу сьемкалары жатады. Таулы жерлерде фотограмметрия қолданылады.
Топография жер бетін зерттеуде физика және экономика, географияға, ал жер бетін топографиялық түсіруде (топографиялық карта жасауда) геодезия мен картографияғылымдарына сүйенеді.
Топографиялық картаның мазмұнының толықтығы ең алдымен планның немесе картаның масштабына байланысты болады. Масштабы кішірейген сайын картаның жер беті элементтерін сұрыптау және жалпылау дәрежесі артады. Мұндай жағдайда картаға географиялық тұрғысынан маңызды деп есептелінетін жер беті элементтерін мүмкіндігінше көбірек қамту көзделеді. Картаны толық етіп құрастыруда топографиялық шартты белгілер жүйесі де маңызды рөл атқарады. Топогеодезиялық құжаттарда (карта, план, профиль) міндетті түрде сандық,атаулық және сызбалық масштабтарда көрсетіледі.
Сандық масштаб – алымы 1 санына тең тұрпайы бөлшек 1:М.
Атаулық масштаб – сандық масштабқа қатысты 1см кесінді ұзындығына жер беінде неше метр салынды ұзындық сәйкес келетіндігінің есебі.
Сызбалық масштаб – бұл сандық пен атаулық масштабтардың ұштастырылған түрі. Ол бойлық немесе көлденең бейнелі болып келеді.
Масштаб бойынша есеп (тура және кері есептер) шығару оның атаулануынан басталады. Сондықтанда атаулау іс-әрекетіне өте зерек болу
керек.
Топографиялық түсіріс - жер беті бөлікшесінің жергілікті заттары мен
бедерін шартты белгілермен қағазда белгіленген масштабта бейнелеу
мақсатымен жүргізілетін далалық және камералық жұмыстар кешені.
Топографиялық түсіріс ортогональді проекцияда 1:100 000 және одан ірірек масштабтарда жасалады. Мемлекеттік геодезиялық пландық және биіктік тораптар пункттері Топографиялық түсірістің пландық және биіктік негізі болады. Топографиялық түсіріске қамтылатын шаралар: түсіру торабын құру; аэрофотосуреттерді далалық дайындау және оларды анықтау ісін жүргізу; геодезиялық пункттерден және түсіру желісі нүктелерінен жергілікті жердегі заттардың орындарын анықтау және оларды шартты белгілермен планшетке түсіру масштабына сәйкес дәлдікпен және толықтығымен салу; жергілікті жердің бедерін горизонтальдармен бейнелеу; елді мекендердің, өзендердің, көлдердің, шатқалдардың және т.б. өз атауларын анықтау; картада көрсетілетін жергілікті жердегі кейбір нысандардың сипаттамаларын: өзендердің ағыс жылдамдығын және терендігін, көпірлердің жүккөтергіштігін, ағаш түрін, батпақтан өтпелерді және т.б. тиісті ұйымдардан білу немесе тікелейанықтау.
Топографиялық түсіріс нәтижелерінің планшеттері түсіріс масштабында шығарылатын топографиялық карталарды жасаудың түпнұсқасы немесе ұсақ масштабтағы картаны жасау үшін негізгі материал болады. Инженерлік құрылыстар үшін орындалатын тахеометриялық және теодолиттік түсірістер инженерлік геодезия саласына жатады.
1.3 Топографиялық түсіріс түрлері
Топографиялық түсіріс аэрофототопографиялық, мензулалық және фототеодолиттік түрлерге бөлінеді.Аэрофототопографиялық түсіріс кезінде аталған жұмыстардың біршамасы фотограмметриялық аспаптарда камералық жағдайда орындалады.
Аэрофототопографиялық түсіру — аспаптар көмегімен жергілікті жерді аэрофотоға түсіру — топографиялық түсірудің негізгі түрі. Аэрофототопографиялық түсіру стереотопографиялық немесе аралас әдіс бойынша анықталады. Стереотопографиялық әдісті жергілікті жердің барлық элементтері камералы фотограмметриялық аспаптарда құрылады; аралас әдісте картаның контурлы бөлімі аэрофототүсіру арқылы, ал жер бедері мензулалы түсіру әдістері арқылы құрылады. Аэрофототопографиялық түсіру 1:10 000 — 1: 100 000 масштабтағы топографиялық карталар жасау кезінде қолданылады.
Мензулалық түсіріс кішікене бөлшекте мензула мен кипрегельдің көмегімен орындалады және тікелей далада топографиялық планды түсірүге мүмкіндік береді. Түсірісті жасау жергілікті жердегі нүктелердің планшеттегі өзара орындарын графикалық түрде анықтауға бағытталған. Нүктелерге дейінгі ара қашықтық өлшеуіш рейканың көмегімен өлшенеді, ал бұрышты графикалық түрде салады. Құрылыс салынған территорияны түсіргенде ара қашықтықты кипрегельдің объективіне бекітілген ара қашықтық өлшеуіш саптамамен өлшейді. Мензулалық түсірістің артықшылығы оның көрнектілігі болып табылады, себебі түсіру процесі кезінде планды жергілікті жермен салыстыруға мүмкіндік 15 туады, ал кемшілігі: жұмыстың негізгі бөлігі далада өтетіндіктен, қыста және жауын-шашынды күндері жұмыс істеуге мүмкіншілік болмайтындығы, жабдықтардың қолайсыз үлкендігі, істелетін жұмысты бөлудің қиыншылығы, себебі өлшеулер және планды сызуды тек қана бір орындаушы жасайды.
Мензулалық түсірісте түсіргі жүйесінің жиі болуы талап етіледі. Түсіргі жүйе жергілікті жердің жағдайына және түсірістің қажетті дәлдігіне байланысты графикалық немесе аналитикалық әдістерімен құрылуы мүмкін. Инженерлік құрылыстар үшін орындалатын тахеометриялық және теодолиттік түсірістер инженерлік геодезия саласына жатады.
Фототеодолиттік түсіріс - жер бетіндегі нүктелерден алынған фотосуреттердің стереоскопиялык жұптары бойынша топографиялық карталарды жасау әдісінің бір түрі. Фотокамера мен теодолиттің бір аспапқа құрылымдық біріктірілуі болатын фототеодолит немесе фотокамера және теодолиттен тұратын аспаптар жинағымен жасалады. Фотокамерамен жергілікті жер суретке түсіріледі, ал теодолитпен суретке түсіру нүктелерінің координаталарын есептеу үшін және фотограмметриялық аспаптарда суреттерді бағдарлау үшін қажетті геодезиялық өлшеулер жүргізіледі. Суретке түсіру базисі түсірілетін жергілікті жердің жақын планына дейінгі қашықтықтың төрттен бірінен аспауы тиіс және алыс планның кашықтығының жиырмадан бірінен кем болмайтындай етіп таңдалады. Топографиялық карталар фотограмметриялық аспаптарда камералық жағдайда жасалады, олардың негізгісі стереокомпаратор болады. Фототеодолиттік түсіріс әр түрлі инженерлік іздестірулерде қолданылады. Картографиялау мақсатында таулы аймақтарда ғана аэрофототопографиялық түсіріспен бірге қолданылады.
Инженерлік геодезия жұмыстарын ұйымдастыру және топографиялық түсірістерді өңдеу кезінде өлшеуде кететін қателіктер біркелкі болуы керек. Сондықтан өлшеу қателерінің әсерін бәсеңдету үшін және ол қателердің түсіретін территорияның бір бөлігіне шоғырланбауын бәсеңдету үшін өлшеу жұмыстарын жалпыдан жекеге қарай жүргізу керек. Бұл түсіріс жұмыстарын ұйымдастырудың бірінші принципі. Осы принципке байланысты алдымен түсірілетін территорияда негізгі тірек нүктелер тобын іріктеп белгілейді, олардың орнын анықтайды, содан кейін ғана жекелей ситуацияларды түсіреді.
Түсіру нәтижелері сенімді болу үшін кез-келген өлшеу жұмыстары бақылаумен орындалуы керек. Сондықтан геодезиялық жұмыстың жоғары сапалы болуы келесі принциппен негізделінеді: кез-келген өлшеуді тексермей бір адым жылжымау керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет