Тобы: ппм-212 Қабылдаған: Шалабаева Жанар



бет2/3
Дата07.03.2023
өлшемі39,22 Kb.
#171438
1   2   3
Байланысты:
Жайна

Негізгі бөлім
1938 жылдың басында Қазакстан Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлар Советі «Қазак тілінің әліппесі мен емлесіне кейбір өзгерістер енгізу туралы» кабылдаған каулысы бойынша ең алдымен жазудың принципі өзгерді. Бұғанға дейін жазуда басшылыққа алынатын фонетикалык принцип морфологияльщ принципке ауыстырылды. Қазақ алфавитіне жаңадан х, ф, в таңбалары енгізілді. Қаулыға сәйкес қазақ тілінде а, ә, е, о, ұ, ү, ы, і, и, у, ө дауыстылары нақтыланып, саны 11-ге жеткізілді.
1940 жылы орыс жазуына көшуге шешім кабылданып, орыс тілінен енген терминдердің мүмкіндігінше қалпын сақгап жазуға ден койылғандықтан, дауыстылардың саны тағы да ұлғайды. Осыған орай, С.Аманжолов «Жаңа алфавиттің принциптері», «Жаңа алфавитті үйренушілерге көмек» деген макалаларында казак тіліндегі дауыстылар санын 14-ке жеткізді. Қалыптасқан 11 дауыстыға орыс тілінен енген сөздермен бірге келген э, ю, я әріптері косылды [3].
Осы мақаладан кейін жарық көрген тілші М. Балақаевтың «Қазақ тілінің грамматикасында» 13 дауыстылар (а, о, ұ, ү, і, э, (е), у, и, я, ю) көрсетеді [8,14].
1944 жылы Ғ. Бегалиев пен Н. Сауранбаевтың педучилище окушылары мен бастауыш мектептерінің мұғалімдеріне арналған «Қазақ тілінің грамматикасы» деп аталатын оқу кұралы жарық көрді. Мұнда бұрыннан келе жаткан дауыстыларға э дыбысы косылып, дауыстылардың саны 12 деп көрсетілді. Бұл пікір 1953 жылы жарық көрген «Қазақ тілі» оқу кұралында да қайталанады.
1954 жылы «Қазіргі казақ тілі» деген атпен көлемді еңбек дүниеге келді. Бұл еңбекті қазак тілі жөніндегі ғасырға жуық зерттеулердің қорытындысы деп атасак та болады. Мұның фонетика тарауын академик С. Кеңесбаев жазған. Бұл окулыкта казак тілінде 11 дауыстылар көрсетіледі. Оның тоғызы монофтонг, екеуі (и,у) дифтонг. Бұл пікірмен келісе отырып, белгілі тіл маманы К. Аханов «Тіл біліміне кіріспе» (1973) атты окулығында эрі карай жалғастырады. Тілші қазак тілінде он бір дауысты дыбыс барын куаттайды.
Бүгінгі күнге дейін айтылған пікірлер мен калыптаскан көзкарастарды таразылап, казак тілінің табиғатын жаңа кырынан зерттеу барысында фонетист ғалым Ә. Жүнісбеков «Строй казахского языка. Фонетика» деген еңбегінде казак тілінде 9 төл дауысты бар деп көрсетеді.
Тілші С.Мырзабеков сөздерінің кұрамындағы и, у дыбыстарын тілшілеріміз айтып жүргендей дифтонг та, дифтонгоид та емес, әріп деп карастырып, олардың эркайсысы екі дыбыстың үу, ыу, іу, ый, ій косындысы екенін айтады [22,25].
Бүгінгіге дейінгі қазак тілінің дауысты дыбыстары жөніндегі зерттеулерді жинақтай келе, тіліміздің байырғы сөздерінің күрамында тоғыз (а, ә, о, о, ұ, ү, ы, і) дауысты дыбысы бар екені анық. Тіліміздің дамуына байланысты негізінен орыс тілдерінен енген сөздермен толыққан сөздердің эсерінен тек орыс сөздерінде кездесетін э дыбысымен қосқанда дауысты дыбыстардың санын он екі деп көрсетеміз. Олар: а, ә, е, и, о, ө, ү, ү, у, ы, і, э.
Қазак тіліндегі дауысты дыбыстар жалаң (монофтонг) және кұранды (дифтонг) болып екіге бөлінеді. Жалаң дауыстыларға мыналар жатады: а, ә, ы, і, ү, ү. Құранды дауыстыларға жататындар: е, и, о, ө, у.
Дауысты дыбыстардың түрлері.
Қазіргі қазақ тіліндегі дауысты дыбыстар акустикалық және артикуляциялық ерекшеліктеріне қарай төмендегідей жіктеледі:
Тілдің қатысына қарай:
Жуан (гуттураль) дауыстылар: а,о,¥,ы,у;
Жіңішке (палаталь) дауыстылар: ә,ө,у,і,е,у,и.
Жуан дауыстыларды айтқанда, жіңішкелермен салыстырғанда, тіл сәл артка карай тартылады, ортасы көтеріліңкірейді, жіңішкелерді айтканда тіл сәл ілгері жылжиды. Бұған көз жеткізу үшін дауыстылардың жуан және жіңішке сыңарларын (а//ә, о//ө, ү//ү, ы//і) катар айтып көруге болады. Дауыстылардың тіл катысына карай жіктелуін дұрыс меңгеру тіліміздегі сингармонизмді түсінуге мүмкіндік жасайды. Тіліміздегі сөздердің бірыңғай жуан, не жіңішке буынды болып келуі тілдің қалпымен байланысты.
Еріннін қатысына қарай:
Еріндік (лабиаль) дауыстылар: о, ө, у, ү, у;
Езулік дауыстылар: а, э, ы, і, е, и.
Еріндік дауыстыларды айтқан кезде ерін дөңгеленіп, сүйірленеді де, езуліктерді айтканда ерін екі жаққа қарай тартылып, езу жиырылады. Еріндік дауыстыларды жақсы білу тіліміздің ерін үндестігін тануға көмектеседі.
Жақтың қатысына қарай:
Ашық дауыстылар: а ,ә, ө, о, е;
Қысан дауыстылар: у, ү, ы, і, и, у.
Ашық дауыстыларды айтканда үстіңгі жақ қозғалмай, астыңғы жак барынша төмен түседі де, кысаңдарды айтқанда бір — біріне жуықтай түседі. Алайда ауаның еркін шығуына кедергі жасамайды.
Қазақ тіліндегі дыбыстардың жакқа қатысын зерттей келе, С.Мырзабеков былайша жіктейді:
Ашық дауыстылар: а ,ә;
Жартылай ашық: ө, о, е;
Қысаң дауыстылар: ұ, ү, ы, і, и, у.

Дауысты фонемаларға тән басты ерекшелік, белгі-қасиетеррдің, олардың фоееиалық мэбінің айқын да тұрақты көрінетін орны — бір буынды түбір, сондай-ақ көп буынды сөздің бас (бірінші) буыны. Сөздің екінші буынынан бастап олардың фонемалық күші әлсірей береді. Мұның өзі екінші буыннан бастап кейбір фонемалардың таңбаларын алмастырып жазуға жол береді. Мәселен: өлең (дұрысы өлөң), өнер (өнөр), өте (өтө), үлкен (үлкөн), оқы (оқұ), осы (осұ), үкі (үкү), үсі (үсү), кітап (кітәп), мұғалім (мұғалым). Мұндай сездерді жазылуынша айту ерсі болғанмен, мағынасын түсінуге көп кедергі бола алмайды. Дұрысы, әрине, фонемалардың өздерін жазу болмақ. Дауыстылардың әрңайсысының айтылу, жазылуын зерделеп алудың маңызы зор.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет