ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультеті
Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасы
Дауысты дыбыстардың жасалуы және түрлері
Орындаған: Иса Жайна
Тобы: ППМ-212
Қабылдаған: Шалабаева Жанар
Түркістан-2023
Қазақ тілінде дыбыстардың жасалуы мен түрлері
Дауысты дыбыстардың жіктелуі
Кіріспе
Дауысты дыбыстар — дыбыстау мүшелерінің бірыңғай толық қатысуынан, фонациялық ауаның кедергісіз, еркін және баяу шығуынан жасалатын дыбыстар. Дауысты дыбыстар фонациялық ауаның көмейде керіліп тұрған дауыс шымылдығына соқтығуынан пайда болған дірілден жасалады. Дауысты дыбыстардың басты қасиеті сөз ішінде буын жасап, дауыссыз дыбыстармен тіркесе алатындығында. Қазіргі қазақ тілінің дауыстылар жүйесі 9 дыбыстан құралған: а, о, е, ы, і, о, ө, ұ, ү. Дауысты дыбыстар айтылғанда жақтың, еріннің, тілдің қатысу дәрежесіне қарай: ашық — қысаң, еріндік — езулік, жуан — жіңішке болып бөлінеді.
Қазақ тілінде дауысты дыбыстар ерекше қызмет атқарады. Себебі дауыстылар немесе вокализмдер (лат. Вокаііз — дауысты) — «сөздің жаны», «сөздің жанды тамыры». Қазақ тілінің фонетикасы жайындағы зерттеулердің көпшілігі дауыстыларға арналған десек те болады. Дегенмен казіргі казақ тіліндегі дауысты дыбыстардың саны мен сапасы жөнінде элі күнге дейін бірізділік болмай келеді. Бұл қазақ тілінің дыбыстык құрылымына, буынға, т.б. қатысты кейбір мәселелердің шешілуіне киындықтар туғызып тұр.
Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстар туралы алғашқы пікірлерді орыс ориенталистері Н. И. Ильминский, В. В. Радлов, П. М. Мелиоранский, И. Лаптев, Н. Созонтов т.б. зертгеушілердің еңбектерінен атауға болады. Бұл зерттеулерде қазақ тіліндегі дауыстылардың саны, табиғи ерекшеліктері дәл нақтылап айтылған жоқ. Мысалы, а жэне ә, е жэне і дыбыстарының ара жігі ажыратылмай, бірінің орнына бір қолданылды. Сонымен қатар й мен у дауыссыздарының да тілдегі бейнесі айқындалмады.
Дауысты дыбыстар туралы нақты зерттеулер А. Байтұрсынұлы есімімен байланысты. Ол өзінің 1912 жылы «Айқап» журналында жарияланған «Жазу тәртібі» деп аталатын мақаласында: «Қазақ тілінде 24 дыбыс бар. Оның бесеуі дауысты, он жетісі дауыссыз, екеуі жарты дауысты. Дауысты дыбыстар: а, о, ұ, ы, е», — деп анықтайды да, ойын эрі қарай дамытып: «дауысты дыбыстар а, о, ұ, ы осы тұрған күйінде жуан айтылады», — дейді де, сөздің алдында дәйекше (араб графикасында қолданылатын белгі) тұрса, «сөздің ішіндегі дауысты дыбыстарды жінішке айтамыз», — дейді. Осылай зерттеуші тіліміздегі төрт жуан дауысты және олардың төрт жіңішке сыңары болатынын көрсетеді. Мұнда ол дауыстыларды араб графикасына негіздеген.
Қорыта айтсақ, А. Байтұрсынұлы еңбектерінде қазақ тілінің дыбыстық жүйесіндегі 9 дауысты дыбысты көрсетеді. Олар: а, ә, е, о, о, ұ, ү, ы, і.
Латын жазуына көшумен А.Байтұрсынұлы көрсеткен дауыстыларымыз жеке-жеке таңбаланды да, өз ішінен жуан — жіңішке, ашық — кысаң, еріндік — езулік түрде жіктелді.
Белгілі лингвист Қ. Жұбанов 1935 жылы «Қосар ма, дара ма?» деген макаласында сөз ішіндегі ұу, үу, ый, ій түрінде келетін дыбыстар тіркесіне айрықша көңіл аударады. Ал автордың «Қазақ тілі грамматикасы» еңбегінде (1936) бұлар косынды дауыстылар қатарына енді. Қ.Жұбановтың аталған еңбегі табиғаты элі толық таныла алмай келе жатқан ұ және й дыбыстарының тілдегі ерекшеліктерін мүмкіндігінше дэл танытуға тырысты жэне өзінен кейінгі көптеген зерттеулерге өзек болды.
Достарыңызбен бөлісу: |