IV.Тәжірибелік бөлім
3.1
ПӘН: ҚАЗАҚ ТІЛІ (Т1)
5-бөлім: Биоалуантүрлілік. Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер
|
МЕКТЕП:
|
КҮНІ:
|
Мұғалім:
|
СЫНЫП:
|
ОҚУШЫ САНЫ:
|
КЕЛМЕГЕНДЕР
|
Сабақтың тақырыбы: Биоалуантүрлілік дегеніміз не?
|
|
|
Сабақ қамтитын оқу мақсаттары
|
8.1.5.1 - перифраз түрінде берілген сұрақтар арқылы мәтіннен қажетті ақпаратты таба білу, көтерілген мәселе бойынша ой тұжырымдау;
8.4.4.2 - тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің сөйлем жасаудағы өзіндік орнын, қызметін түсініп қолдану.
|
Сабақ мақсаты
|
Мәтіннен ақпаратты табу дағдысын дамыту;
Мәтін бойынша ой қорытындысын жасай алу;
Тұрлаулы мүшелерді анықтау;
Олардың сөйлемдегі рөлін түсіну.
|
Бағалау критерийі
|
Мәтіннен қажетті ақпаратты табады;
Мәтін бойынша ой қорытындысын жасайды;
Тұрлаулы мүшелерді табады;
Олардың сөйлемдегі рөлін түсінеді.
|
Тілдік
мақсаттар
|
Тақырыпқа байланысты сөздер мен терминдер: биосфера, алуантүрлілік,
алуантүрлілікті сақтау, тұрақты даму, қауіп төнеді, ауа-райы өзгереді, жәндіктер, азаю, жойылу, топырақ құнарлығы, кемиді.
|
Жоспар:
|
Жоспарланған уақыт
|
Іс-шаралар
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
2 мин
5 мин
Сабақтың ортасы
10 мин
10 мин
10 мин
|
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сынып оқушылары түгенделеді. Сабақ мақсаты хабарланады.
1-тапсырма
«Кім жылдам?» ойыны арқылы сөздерді орнына қойып, сөйлем құрастырады. Тұрлаулы мүшелерді тауып, сөйлем мүшесіне талдайды. Баяндауыштың орнын анықтайды.
Табиғатты, қорғайды, адам.
Өсімдіктер, жоғалып жатыр, кейбір
Ол, әсер етеді, экологияға.
Қызыл кітапқа, жазылады, жоғалып кеткен, жануарлар.
Жеке түрлердің жойылуы, қауіп, экологияға, әкеледі.
Дескриптор
Берілген сөздерді ретімен қойып, сөйлем құрастырады.
Сөйлемдегі тұрлаулы мүшелерді анықтайды,
Баяндауыштың сөйлемдегі орын анықтайды.
2-тапсырма.
Мәтінді оқиды. Тақырыбын, көтерілген мәселені анықтайды.
Ықтимал жауаптар:
Мәтін биоалуантүрлілік туралы ақпарат береді. Табиғатта бір жануар не өсімдіктің жойылуы табиғи апат әкелуі мүмкін.
Белгіленген сөйлемдерден тұрлаулы мүшелерді табады, дәптерге көшіріп жазады.
Биосфера — Жер бетіндегі тіршілік кабаты. Биоалуантүрлілік биосфераның тіршілік етуін шарты болып табылады. Рио-де-Жанейрода өткен (1992ж) БҰҰ конференциясында биологиялық ресурстар мен биологиялық алуантүрлілікті сақтаусыз тұрақты даму мүмкін емес екенін көрсетті. Биоалуантүрлілік – адамзатты ұзақ уақыт энергетикалық, техникалық және басқа ресурстармен қамтамасыз етудің негізгі көзі. Жалпы алғанда, жердің геологиялық тарихында бір түрлер жойылып, басқалар олардың орнын басып отырады. Биосфераның жасы ұлғайған сайын түрлердің саны да артады. Адамның геологиялық күшке айналуынан бастап жеке түрлердің жойылу жылдамдығы экологиялық табиғи құбылыспен салыстыруға келмейтін жылдамдықпен өсе бастады. Табиғатта бір жануар не өсімдіктің жойылуы табиғи апат әкелуі мүмкін.
Егер ертеректе бір түр орташа алғанда 2000 жылда жойылып отырды. Соңғы 300 жылда әр 10 жыл сайын жойылып отыр. 1600 жылдан бастап омыртқалы жануарлардың 173 түрі (109 құс, 64 сүтқоректілер) және өсімдіктердің 20 түрі жойылып кетті. Адамның барлық ірі ауқымды іс-әрекеті биологиялық алуантүрліліктің кемуіне әкеледі. Адам рельефті, өзен арнасын өзгертеді, батпақтарды құрғатады, ағаштарды кеседі. Экологиялық мәселелерді және биологиялық алуантүрлілікті сақтаудың бір жолы – Қызыл кітап. Қызыл кітап – қауіптің жаршысы. Қалпына келтірілген түрлер тізімнен шығарылады, нашарланған түрлермен толықтырылады.
Дескриптор
Мәтін тақырыбын, мәселесін анықтайды.
Тұрлаулы мүшелерді анықтайды.
3-тапсырма
Қалыптастырушы бағалау
Мәтінді қайта оқиды. Берілген сұрақтарға жауап береді.
Сұрақтар
1.Биосфера тіршілік ету үшін не керек?
2. Неліктен биологиялық ресурстар мен биологиялылық алуантүрлілікті сақтау керек?
Адамның қандай 3 әрекеті биоалуантүрлілікті жояды?
Экологиялық мәселені шешу үшін не істеуге болады?
Қызыл кітап не үшін керек?
Ықтимал жауаптар
1.Биосфера жер бетіндегі тіршілік үшін керек
2.Биологиялық ресурстар мен биологиялылық алуантүрлілікті сақтау тұрақты даму үшін қажет.
3.Өзен арнасын өзгертсе, батпақты құрғатса, ағаштарды кессе биоалуантүрлілік жойылады.
4. Өзен арнасын өзгерту, батпақты құрғату, ағаштарды кесу
5. Қызыл кітапқа енгізу, табиғатты қорғау.
6.Жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктерді қорғау үшін.
Дескриптор
Бес сұрақтың кемінде үшеуіне жауап береді.
Әр сұраққа толық жауап береді.
Тұрлаулы мүшелерді толықтай анықтайды.
4-тапсырма
ПОПС формуласы бойынша мына сұраққа жауап береді.
Жер бетінде ағаш жойылып кетсе, не болады деп ойлайсың?
Ресурс бойынша саралау
Қауіп төнеді, ауа-райы өзгереді, жәндіктер, азаю, жойылу, топырақ құнарлығы, кемиді.
Дескриптор
ПОПС формуласын құрылымын сақтайды.
Өз тұжырымын білдіреді.
Кемінде екі грамматикалық қате кездеседі.
Ж
«Микрафон» деген айдармен өз жазғандарын оқиды. .
|
http://allrefs.net/c54/42op2/p49/
http://allrefs.net/c54/42op2/p49/
|
Рефлексия
1 мин
|
К ері байланыс: «Менің баспалдағым»
Үй тапсырмасы
Қызыл кітапқа енген жануарлар туралы ақпарат жинау
|
|
Қосымша мәлімет
|
Саралау – көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыларыңызға қандай жоспар құрған болар едіңіз?
|
Бағалау – оқушылардың не үйренгенін қалай анықтауды жоспарлайсыз?
|
Пәнаралық байланысқа сілтеме
Денсаулық және қауіпсіздік
АКТ сілтемелері
Құндылықтар сілтемесі
|
Жұптар бірі-біріне қолдау көрсетеді. Нәтижені саралау.
|
Оқуды қадағалау
Сұрақ - жауап
Топтық бағалау
|
Георграфия пәнімен байланыс. Пән мұғалімімен ой бөлістім.
Сыныпты топтарға бөлу.
АҚТ дағдылары
Топпен жұмыс істеу дағдылары. (бір-бірін тыңдау, құрметтеу.)
|
Рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары шынайы болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?
|
|
|
Қорытынды бағалау:
Ең жақсы өткен екі дүниені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)
1:
2:
Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуға және үйренуге қатысты)
1:
2:
Осы сабақтың барысында мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы қандай ақпаратты білдім
|
Қорытынды
Заман талабына сай сапалы білім алу мен білім берудың ыңғайлығын, жүйелігін қамтамасыз ету мақсатында оқушыларды белсенді әрекетке үйренуде мұғалім соған сай оқыту әдістерін де таңдай білуі қажет. Жүсіпбек Аймауытов айтқандай, «Мұғалімнің айналысатыны – үнемі қозғалып, өзгеріп, өркендейтін тірі адам болғандықтан, біркелкі әдістен табан аудармай, шектеліп қалуға болмайды. Сабақ беру үйреншікті жай шеберлік емес, ол – үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер».
Оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы ғана еткен еңбектің нәтижесін көруге болады. Өйткені, жалаң сөз еш нәтиже бермейді, оқушының зердесіне жетпейді.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев халыққа Жолдауында: «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет» - дегенді ерекше атап өтті. Елбасымыз атап өткен осы заманғы білім беру жүйесі болашақ ұрпақты жан-жақты жетілдіретін, бәсекеге төтеп беруге қабілетті, сапалы адам етіп тәрбиелейтін білім беру жүйесі екені даусыз.
Тұғыры биік тəуелсіздігіміздің ғұмыры мəңгі болуы үшін білімді, саналы ұрпақ тəрбиелеуіміз керек. Өйткені еліміздің болашағының жарқын болуы жастардың қолында. Жастардың сапалы білім мен саналы тəрбие алуына бірден бір əсер ететін ең алдымен ұстаз екені даусыз.
Пайдаланылатын әдебиеттер және сілтемелер тізімі:
1.М.Балақаев, Т.Қордабаев, А.Хасенова, А.Ысқақов Қазақ тілінің грамматикасы ІІ бөлім. – Алматы: Ғылым, 2003
2. Қапалбек Б., Жолшаева М., Қазақ тілі. Әдістемелік нұсқау. Жалпы білім беретін мектептің 5-сынып мұғалімдеріне арналған құрал. – Алматы: Мектеп, 2017. – 160 б.
3. Қапалбек Б., Жолшаева М., Қазақ тілі. Әдістемелік нұсқау. Жалпы білім беретін мектептің 8-сынып мұғалімдеріне арналған құрал. – Алматы: Мектеп, 2018. – 160 б.
4. 2020-2021 оқу жылында Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы: Әдістемелік нұсқау хат. – Нұр-Сұлтан қ.: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2020. – 331 б.
5. Т.Р. Қордабаев Тарихи синтаксис мәселелері. – Алматы: Ғылым
6. А.Әлімов Интербелсенді әдістерді жоғары оқу орындарында қолдану. Оқу құралы
7. http://manshuk.kz/e-library.aspx
8.https://itest.kz/ru/ent/kazahskij-yazyk/sintaksis/lecture/zhaj-sojlemning-turleri-zhaqty-zhaqsyz-zhalang-zhajylma-tolymdy-tolymsyz-atauly
9.https://itest.kz/ru/ent/kazahskij-yazyk/sintaksis/lecture/sojlem-musheleri-turlauly-musheler-bastauysh-pen-bayandauysh-arasyna-qojylatyn-syzyqsha-turlausyz-musheler-tolyqtauysh-anyqtauysh-pysyqtauysh
10. https://kazbilim.kz/?p=3793
Достарыңызбен бөлісу: |