Миксозомоз – қауіпті протозойлы ауру. Қоздырғышы Myxosomatidae тұқымдасына, Myxosoma түріне жатады. Балықтың басы мен омыртқасының шеміршегінде шоғырланады.Албырттардың миксозомозын Myxosoma cerebrale тудырады.
ПАТОЛОГОАНАТОМИЯЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР
Қаңқаның шеміршегі зақымданған, әсіресе бас сүйектің;
Зақымданған аймақтын жанында түйіндер пайда болып, уақыт өте олар қатаяды;
Ішкі мүшелерде айтарлықтай өзгерістер жоқ;
САНИТАРЛЫҚ БАҒА Егер зақымдалған балықтың товарлық түрін жоғалтпаса және бұлшық етінде миксоспоридияның цистасы жоқ болса еш кедергісіз сатылымға жіберіледі.Олай болмаған жағдайда қайнатып барып, жануарлар азығына жібереді.