Тобы: юр – 21 Тексерген: Құспанова А. Ж орал, 2022 жыл Жоспары : І. Кіріспе



бет1/4
Дата03.06.2022
өлшемі336,91 Kb.
#145921
  1   2   3   4
Байланысты:
РЕФЕРАТ Политология Ораш Г.ЮР-21


Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университеті
Тарих,экономика және құқық факультеті
Құқықтық пәндер кафедрасы
Р Е Ф Е РА Т


Тақырыбы: Демократияның даму тарихы


Орындаған: Ораш Г.С
Тобы: ЮР – 21
Тексерген: Құспанова А.Ж


Орал, 2022 жыл


Жоспары :
І .Кіріспе
1.1. Демократияның дамуы
ІІ .Негізгі бөлім
2.1 Қазақстан демократиялық мемлекет.
2.2 Демократия сөзінің шығуы.
2.3 Демоктратия әлеуметтік салада.
ІІІ .Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымша


Кіріспе.
Тақырыптың өзектілігі. “Демократия” – сөзі гректің “демос” – халық және “кратос” – билік деген сөздерінен шыққан, яғни “халық билігі” деген мағынаны білдіреді. Бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады:
1.Мемлекет түрі.
2.Тендік, сайлау, көпшілік дауыспен шешім қабылдау принциптеріне негізделген ұйымның ұйымдастырылу түрі.
3.Қоғамдық құрылымның мұраты.
Әр жерде демократия әртүрлі рең алған. Олар мынандай мемлекетті демократиялық деп түсінген.
Халықтың заң жүзінде мемлекеттік билікті басқаруы. Мұнда конституция билік халықтың қолында екендігіне дәлел болады. Халық жоғары билікке өз өкілдерін сайлау арқылы тағайындап, өзгертіп отырады.
Демократия теңдік болған жерде ғана болады. Мұнда барлық салада – заң шығару, оны орындауда, т.с.с. теңдік болады.
Демократияда әділеттілік болуы керек. Мұнда да қоғамның барлық саласында әділеттілік болуы тиіс. Демократияда сонымен қатар бостандық, еркіндік болуы керек. Сонымен, демократия деп халық билігі, теңдік, құқық, әділдік, еркіндік принциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтады.
Демократия атаулы ұғымының алатын орны ерекше. Себебі демократия - бағзы заманнан бері халықпен бірге жасап келе жатқан карапайым да адам таңқаларлық ғажап ұғым. Мәселен, Геродот ұсынған антиктік демократияның белгілерін қарастырып көрелік:
Біріншіден, адамдар қызметке жеребе тастау жолымен іріктелді.
Екіншіден, барша халық заңға бағынды.
Үшіншіден, елдің ішкі және сыртқы саясатының бағыт- бағдары жалпыхалықтық жиналыста шешімін тауып отырды.
Осы аталған демократиялық принциптерді алғашқы болып Аристотельдің бастауымен Афины Республикасы енгізді. Ең кедей деген төртінші тапқа да сайлау құқы берілді. Сөйтіп, ұлы философтардың қолдауымен Афиныда өмірге келген полистік демократияның дамуы 300 жылға созылды. Дегенмен, антик ғұламалардын ақыл-ойынан туындаған полистік демократияның да кемшлктері мен залалды жақтары аңғарылмай қалған жоқ. Мысалы, мемлекетте арлайы заң болмай, қара тобыр саяси билікті өз қолына ала қалса,
онда полистік демократия ұжымдық билеушінің рөлін атқарып, бүкіл халық тиранға айналған болар еді. Сонда халық атынан сөйлейтін мылжыңдар елді билеп-төстеп, оның аяғы анархияға келіп соғар еді. Афиныда саяси партия құруға жағдай тумады. Себебі мұнда өзгеше ойлайтындар үнемі жер аударылып отырды. Елдегі саяси жүйеде тө е сайлау болып, оған еріктілер де, кедейлер де қатыса алды. Алайда антиктік саяси жүйе мемлекеттік басқару формасы емес еді, бұл тек саяси жүйе ғана болатын.
Дәл осы тұста Римде де алғашқы рет билік бөлінісі басталды. Саяси қақтығыстарды реттеу үшін халық мінберг түріндегі жаңа элемент пайда болды. Осыдан бастап елдерде саяси қақтығысытарды шешетін арнайы орындар шығып, оларға заңды синат берілді. Римдегі саяси жүйеде ең бірінші болып басқарудың аралас түрі енгізілді. Мәселен, патшаның билігі - консульдік билік болса, сенат - аристократиялық, ал халық мінбері - халық билігі болды. Кейінірек АҚШ-та да билік осы үлгі-кеңес бойынша бөлінді. Айталық, президенттік - римдік патшалық билік, сенат - аристократия, өкілеттілер палатасы – халық мінбері дегендей. Тағы бір ұқсастық - тарихи дәстүрдің қайталануынан көрініс тапты. Мысалы, АҚШ-та Жоғарғы сот -заңдар мен Конституцияны талдау оргашу болса, Римде - бұл міндетті цензорлық институт атқарды. Басқаша айтқанда, жаңадан қабылданған заңдар бұрынғы қабылданған заңдармен салыстырылып, сәйкестендіріліп отырды. Ежелгі Римдегі билік механизмі саяси партия құру мүмкіндігін жойды. Бұл үлгі кейін Ш.Монтескье теориясының негізін құрды. Партия құруға қарсы күрестің мақсаты қайткенде саяси жүйенің тұтастығын сақтаудан туындаған еді.
Шындығына келгенде, антик демократияның жаңа дәуірдегі демократиядан айырмашылығы: мұнда мемлекет орнына саяси жүйе болды, жеке адам мен полис бөлінбеді, жеке адам бостандығының кейбір автономиялық сипаты болды, олар ұқықтармен қорғалды, жеке адамға көпшіліктің өктемдігі жүрмейтін еді .[1,2]


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет