Тобы: юр – 21 Тексерген: Құспанова А. Ж орал, 2022 жыл Жоспары : І. Кіріспе



бет4/4
Дата03.06.2022
өлшемі336,91 Kb.
#145921
1   2   3   4
Байланысты:
РЕФЕРАТ Политология Ораш Г.ЮР-21

2.3. Демократия әлеуметтік салада:
l) Әлеуметтік қауымдасулардын арасындағы тең құқықтық, шарттық келісім қатынастарының болуы;
2) Жеке адамның әлеуметтік қорғалуы;
3) Азаматтардың әкімшілік тарапынан болған әділетсіздіктен қорғалуы;
4) Жеке адамның және оның мүліктерінің қылмыстық элементтерден қорғалуы;
5)Материалдық және рухани игіліктердің әділетті бөлінісінің болуы;
6)Білім, дәрігерлік көмек пен әлеуметтік қамсыздандырудың сапасы мен оған еркін қол жеткізу;
Демократияның алуан түрлі элитарлық теориясы Демократияның тобы топ (элитарлық) теориясы бойынша халық саясаттан шеттетіледі. Ал саяси шешімді аз ғана топ қабылдайды. Ол іріктелген, қалаулы топ болуы қажет. Демократияның марксистік теориясында тапқа үлкен мән береді."Ақпараттық демократияның" негізін салушы Франция саясатшысы М.Рокар. Оның демократиясы сайланған адамдар, ақпарат құралдары және сайлаушылар арасындағы өзара байланыс негізінде құралады. Халық өзінің таңдау құқығын ақпарат хабарларының еркін таралу жағдайында ғана іске асыра алады. Демократияның экономикалық теориясында саясат билік қатынастарын нарықтық қатынастармен байланыстырады. Тура демократияда халық маңызды саяси шешімдерді қабылдауға, билік жүргізуге тікелей қатысады. Оның ұтымды жақтары:халықты саясаттан шеттетпейді, саяси жүйенің тұрактылығын және басқарудың ұтымдылығын арттырады; халықтың белсенділігін дамытып, тұлғаның өзін-өзі көрсетуіне, танытуына жол ашады; саяси институттар мен қызмет адамдарын бақылаудың ықпалдылығын қамтамасыз етеді, билік мұратын теріс пайдаланудан сақтайды, басқарушы төбе топтың халықтан алшақтануына, шенеуніктердің бюрократталуына жібермейді.
Тура демократияға референдум, плебисциттер жатады. Референдумға маңызды заң шығару немесе ішкі және сыртқы мәселені шешу үшін сайлаушылардың көңілін білдіруі жатады. Мысалы: Қазақстан Республикасында референдум арқылы Президенттің өкілдігі ұзартылады. Плебисцитарлық демократияда азаматтардын саяси ыкпалы кемиді оларға сайлау арқылы заңның немесе басқа шенимнң жобасын қабылдау немесе қабылдамау құқығы беріледі. Оны президент, үкімет, партия, т.с.с. дайындайды. Мұнда халықтың жобаны дайындауға қатынасу мүмкіндігі аз. Өкілдік демократияда халықтың еркі депутаттарға және биліктің өкілетті органдарына беріледі. Азаматтар өздерінің көзқарастарының, мақсаттарының, бағдарламаларынын ниеттестігіне байланысты депутаттарды сайлайды, оларға өз мүдделерін қорғауды сеніп тапсырады.
Қазіргі Қазақстан Республикасында демократиялық белгілер бар, қазір соны жүзеге асыру үшін көптенген жұмыстар жүргізілуде. Қазақстан Республикасы өзін егеменді, зайырлы, демократиялық, құқықтық мемлекет ретінде деп жариялады. Қабылданып жатқан заңдарда адамдардың негізгі құқықтары мен бостандықтары көрсепіліп, заң мен сот алдында теңдестірілген. Әркім өзінің жанына жақын саяси мұраттарды ұстануға ерікті. Сөз және баспасөз бостандығы, соның ішінде сынау құқығы да заң жүзінде бекітілген. Экономика саласында жеке мешікке үлкен жол ашылды. Халық демократиялық жағдайда өмір сүруге үйренуде. Дамыған Батыс Еуропа елдеріндегі тарихи тәжірибелерін демократия орнату жолындағы рәсімдерін, тәртіп, қағидаларын енгізіп, тиімді және нысаналы пайдаланған абзал.[2,3]

Қорытынды.
Қорыта келгенде, қазақ қоғамын басқару жүйесінің әдістері мен түрлері халықтып тасырлар бойына қалыптасқан дәстүрлеріне, қарым-қатынасына, отбасының, ауылдың, елдің ерекшеліктеріне негізделген. Далалық демократияда табиғат пен хан билігінің мүмкіншілігі ескерілді. Сондықтан да халық түрмесіз де өмір сүруге негіз жасай алды. Бұл ретте қазіргі кезеңмен бір сабақтастығы, сонда, дала демократиясындағы туыстық, теңдік, өзгені құрметтеу, өзіңді бағалау, елді қорғау, басқаның жеріне көз алартпау сияқты ұғымдар Қазақстанның Ата Занының бірқатар баптарында көрініс береді. Бұл сөз жок, ежелгі елдік дәстүріміздің, салт-санамыздың, тұтасымен алғанда дала демократиясының әлі де өміршеңдігін көрсететін құбылыс.

Пайдалынылған әдебиеттер:
1) Саяси түсіндірме сөздік. - Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
2) Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша/ Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. - 569 б. ISBN 9965-808 -89-9
3) Н.Ә.Назарбаев. Ғасырлар тоғысында. Алматы, 1996.
4) Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 1995.






Қосымша 1.
Демократиялық режим

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет