Тоқболат Еңсегенұлы



бет3/6
Дата08.09.2017
өлшемі0,6 Mb.
#31938
1   2   3   4   5   6

Осы дерек, пікірлерге сүйеніп түркі таңба-белгілерінің бәрі руна жазуынан кейін туған екен деген тұжырым жасауға болмайды. Бұл уақыт әкелген ерекшелік, жаңалыққа және халықтың өз жазуының маңыздылығына ықылас білдіргеніне байланысты өрбіген өзгерістер. Осындайда күні бұрын айтарымыз, көне түркі таңба-белгілеріне араб жазуының ықпалы мүлде болған емес. Оған бірнеше себептер бар, біріншіден, ислам дінін көне түркілер бірнеше ғасырлар бойы толықтай қабылдай қойған жоқ, бұрынғыша Тәңірге табыну нанымын сақтады. Екіншіден, көне түркілер таңба-белгілерді тау шатқалына, үлкен тастарға ойып жазуды бағзы заманнан дәстүрге айналдырған. Ақын, ойшыл Ш.Құдайбердіұлы жинаған таңба-белгілерде “Дулат таңбасы“О”, Албан таңбасы, Суандікі – , Ботбайдікі – ,Сайымдік , Қоңырат таңбасы“П”, Арғын ,Қаңлы таңбасы“І”, Қыпшақтікі“ІІ”, Керейдікі, Наймандікідеп көрсетіп жазған ( 5,11-б.). Бұл таңбаларды ретіне қарай топтап, өзіндік ұсынар ұғымына және көне түркі руна жазба алфавитіне ұқсастығына орай өз тұжырымымызды білдіруге болады. Біріншіден, осында келтірілген Дулат, Албан, Суан, Ботбай, Сайым, Арғын таңбалары көне түркілердің Тәңірге табыну нанымындағы жалғыз жаратушы мекендеген көкке, аспанға тағзым ету, соны құдірет тұтудан туындаған. Көкке табынған шумерлер, түркілер дөңгелек шеңберді - көк, аспанды танытатын белгі етіп алған.Әрі сол дөңгелек шеңберді өздеріне жазу әрпі есебінде енгізген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет