Бисембаева Ж.К.
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының
МД,Бжәне АББ кафедрасының аға оқытушысы
Тоғызбаева Мамыр
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының
«Дефектология» мамандығының 4 курс студенті
Кіші мектеп жасындағы психикалық дамуы тежелген балалардың дизорфографиясын логопедиялық жұмыстар арқылы түзету
Қазіргі кезде жазбаша сөйлеу тілі және тіл бұзылыстарының құрылымы бұзылған балалардың көбеюіне байланысты кіші мектеп жасындағы психикалық дамуы тежелген оқушылардың дизорфографиясын түзету жұмысының маңыздылығына логопедия ғылымында ерекше көңіл бөлініп отыр. Жалпы білім беру, коррекциялық мектептерінде оқушыларды сауатты жазуға үйрету, өз ойын сауатты, толық жеткізу мәселелері тек қана тіл сабақтарының міндеті болып саналады. Бүгінде ПДТ балалардың орфографиялық дағдыларының қалыптаспауы кең орын алып отыр, оған әсіресе жалпы сөйлеу тілі дамымаған психикалық дамуы тежелген балалардың көпшілігінің тіл сабақтарынан үлгермеушілер қатарын құрауы дәлел.
И. Н. Садовникова жазудағы қателерді толық анықтап жүйелеу және түзету жұмыстарын тиімді ұйымдастыру үшін қателерді деңгейлік принципке сүйеніп талдау қажет деп есептейді. Соның негізінде ерекше қателерді үш топқа бөледі:[1]
- әріп және буын деңгейіндегі қателер;
- сөз деңгейіндегі қателер;
- сөйлем деңгейіндегі қателер.
1. Әріп және буын деңгейіндегі қателер
Бастауыш сынып оқушыларының жазуында жиі кездесетін қателер әріпті немесе буынды тастап кету (түсіп қалуы). Мысалы, қармақ-қрмақ; балапан-бапан, тырна-трна. Сөздегі екі немесе одан да көп әріптердің түсіп қалуы дыбыстық талдаудың күрделі түрде бұзылуының салдарынан болады да, сөздің құрамын мүлдем бұзылуынана әкеліп соғады. Мысалы, қант-қт, қуыршақ-қуырша.
2. Әріптер мен буындардың орнын ауыстыру сөздегі дыбыс кезектілігін анықтап талдау қиыншылықтарының салдарынан болады. Сөздің буындық құрамы сақталуы мүмкін ( пенал-пелан, кран-канр).
3. Әріптерді қосып жазу (артық әріп қосу). Мысалы, шалбар-шыалбар, шалбыар, бақшада-бақшыада, құрт-құырт. Мұндай қателер жазу кезіндегі сөзді іштен жәй айтып отырған кезде қосымша дыбыстар естілуінің салдарынан байқалады. Мысалы, бала «бақшаға» сөзін жазу кезінде сөздегі әріптерді іштен айтып отырып жазады, және әріптерді баяу айтады, сонда «Ш» әрпін жазғанда «ШЫ» бірнеше рет айтып қайталайды. Жазуда жиі кездесіп жүрген қателер сөздегі әріптердің қайталанып жазылуы. Мысалы, (Аарман, Шшана, Оорман). Мұндай қателер бірінші сыныпта сауат ашу кезеңіндегі балалардың графомоторикалық дағдыларын механикалық бекіту нәтижесінде байқалуы мүмкін. Егер де қосып жазуда кездесетін қателерді (қуырт, бақшы, аға, Аарман) салыстырып қараса олардың себептері әр түрлі екенін байқауға болады, соған байланысты түзету жұмысының бағытында өзгеше болу тиіс. Жазуда кездесетін жиі қателер-әріптерді алмастыру болып табылады. Оқушы сөз құрамындағы дыбыстарды бөліп айта алғанымен, оны белгілейтін керекті әріпті таңдап сәйкестендіре алмайды. Ондай қателер төмендегідей жағдайларда байқалуы мүмкін:
- фонема мен графиканы сәйкестендіре алмаған жағдайда;
- акустикалық-артикуляциялық жағынан ұқсас дыбыстарды анық ажырата алмаған жағдайда;
- жазылу ұқсастығы бойынша ұқсас әріптерді ажырата алмаған жағдайда.
Бір әріпті екінші әріппен тұрақты алмастыруы сирек кездеседі. Көбінесе әріптерді шатастыру жиі байқалады, онда жазуда бір әріп бірде дұрыс, бірде қате белгіленеді. Шатастырудың үш түрі байқалады:
- акустикалық-артикуляциялық;
- оптикалық;
- кинестетикалық ұқсастық бойынша шатастыру. :[2]
Жазуда сонымен қатар персеверация және антиципация деп аталатын қателер де кездеседі. Бұл қателер де фонематикалық есту қабілетінің жеткіліксіз даму салдарынан болады. Персеверация (тұрып қалу, тұтығып қалу) мысалы, сөзде: магазин – магазим, балапан – балапап; сөз тіркестерде: кішкентай күшік – кішкентай күкік; сөйлемде: Апа балапанға тары ташты.Бұл қателер де фонематикалық есту қабілетінің жеткіліксіз даму салдарынан болады.
Антиципация – алдын алу (келесі сөзде кездесетін әріпті, буынды алдын ала жазу). Мысалы, жаңбыр жауды – жабдыр жауды; балапан – бапапан. Бұл аталған екі түрлі қателер қозу процессінің әлсіз дифференциялауының әсерінен болады.
Сөз деңгейіндегі қателер:
- сөз бөлшектерінің бөлек жазылуы;
- бірге жазылуы;
- контаминация жатады.
Сөз бөлшектерінің бөлек жазылуы мынандай жағдайларда кездеседі:
- сөздің бірінші әріп, буыны орыс тіліндегі қосымша сөздер, приставкаға ұқсас болғанда (мысалы и – дут, на – чалось т.б.) ;
- артикуляциясы ұқсас емес екі дыбыс қатар келгенде ( ұршық, кірпі)
Контаминация– дыбыстың талдау процесінің дөрекі бұзылуы салдарынан туындайды. Ондай жағдайда сөзді немесе сөйлемді түсіну мүмкін болмайды.
Мысалы, сабақ басталды – «сббст»
Сөйлем деңгейіндегі қателерге аграмматизмдер деп аталатын қателер жатады, яғни:
- сөйлем мүшелерінің байланысының бұзылуы;
- септік жалғауларды дұрыс пайдалана алмауы;
- қазақ тілінде қосымша сөздерді дұрыс қолданбауы;
- сөйлемнің шегін анықтай алмауы.[3]
Дизорфографияның классификациясы
Дизорфографияның классификациясы түрлі критерийлер негізінде іске асырылады. Бұзылған анализаторларын, психикалық функцияларының бұзылуын, жазу операцияларының қалыптаспағандығын ескеру. Бұл жіктелім жазу үрдісіндегі белгілі бір операциялардың қалыптаспағандығын негізге ала отырып құрылған. Дизорфографияның келесі түрлері бөлінеді:
Моторлы дизорфография. Оған жазу кезінде қол қимыл-қозғалысының қиындығы, сөздің дыбыстық және көру бейнелері мен моторлы бейнелерінің байланысының бұзылысы тән.
Акустикалық агнозия мен фонематикалық естуінің дефектісі салдарынан болған дизорфография. Мұндай түрде көшіріп жазу сақталып, ауызша сөйлеу тілі бұзылған болады. Бұзылыстың физиологиялық механизімі көру мен естудің арасындағы бірлескен байланыстың бұзылысы болып табылады, мұнда тастап кету, орын ауыстыру, әріптерді алмастыру, екі сөздің бір сөзге бірігуі, сөздерді тастап кету т.б. қателер байқалады. Бұл түрдің негізінде сөздің дыбыстық құрамын есту қабылдауының дифференциациясының жоқтығы, фонематикалық талдаудың жеткіліксіздігі жатыр.
Фонемді тану бұзылысы негізіндегі дизорфография (фонемді дифференциациялау). Фонетикалық жақындығы бойынша сәйкес әріптерді алмастыруы байқалады. Өйткені, ауызша сөйлеу тілінде дыбыстар дұрыс айтылады. Келесі дыбыстарды білдіретін әріптер алмастырылады: ысқырық және ызың, африкаттар мен солардың құрамындағы компоненттер (ч-т', ч-щ, ц-т, ц-с). Көбіне дауыстыларды (мысалы о – у) алмастыру кездеседі. Ауыр жағдайларда алыс артикулярлы акустикалық дыбыстарды белгілейтін (л –к, б –в, п –н) әріптер араластырылады.
Аграмматикалық дизорфография. Р. Е. Левина, И. К. Колпаковская, Р. И. Лалаева, С. Б. Яковлеваның еңбектерінде сипатталған. Ол сөйлеу тілінің грамматикалық жағының дамымауымен байланысты (морфологиялық, синтаксистік жалпылау). Бұндай дизорфография түрі сөз, сөйлем, мәтін деңгейінде көрінеді, сонымен қатар лексикалық-грамматикалық дамымауының құрамды бөлігі болып саналады. Олар көбіне дизартрия, алалия, ПДТ,ақыл-ойы кем оқушыларда кездеседі. Байланыстырып жазуда балаларда сөйлем арасында логикалық және тілдік байланысынан қиыншылықтары туындайды. Жағдайды бейнелеуде сөйлемдердің реттілігі кейде сәйкестендірілмейді, бөлек сөйлемдердің мағыналық және грамматикалық арасындағы байланыстары бұзылады.
Кейбір жағдайларда жоғары сынып оқушылары арасында кездесетін дизорфографияның негізгі үш түрін бөліп қарастырады:
Морфологиялық дизорфография, яғни морфологиялық анализдің дұрыс қалыптаспағандығынан болатын диктант, мазмұндамада кездесетін орфографиялық қателердің болуы.
Синтаксистік дизорфография – жазу барысында синтаксистік ережелерді білмеу,яғни пунктуациялық қателер жіберу.
Аралас дизорфография – орфографиялық және пунктуациялық қателердің кездесуі.[4]
Дұрыс жазу үшін, ауызша сөйлеу тіліне қарағанда дыбыстарды ажыратуға есту қабілетінің жете дамығандығы керек. Ауызша сөйлеудегі есту дифференциациясының кішкене ғана анық еместігі сөйлеу тәжірибесінде бекітілген моторлы стериотиптер, кинестетикалық бейнелер есебімен толығуы мүмкін. Ал жазу үрдісі кезінде фонемді дұрыс танып, таңдау үшін мағыналы ажыратылмалы болып табылатын, барлық акустикалық дыбыстардың толық талдануы қажет.Басқа жағынан жазу үрдісінде дыбыстарды ажырату, фонемді таңдау кезектілі іс-әрекет есту бейнелері, елестету арқылы іске асырылады. Фонетикалық жақын дыбыстарды естіп елестетудің нақты еместігінің салдарынан фонеманың таңдалуын қиындатады, соның салдарынан жазуда әріп алмастыру пайда болады.
Психикалық дамуы тежелген балалармен логопедиялық жұмысты олардың психикалық ерекшеліктері (танымдық іс-әрекеті мен ерік-сезім аясы) және сөйлеу тілінің дамуының бұзылыстарына тән белгілері сөйлеудің іс-әрекетті реттеуінің жеткіліксіздігі, іс-әрекетті вербализациялау қиындығы, сөйлеудің жоспарлау функциясының қалыптаспауы ескеріледі. [5]
ПДТ балалармен түзету-логопедиялық жұмыс кешенді, сонымен қатар ажырата ықпал ету сипатта жүргізіледі. Ажырата логопедиялық ықпал етуде баланың клиникалық сипаттамасы, жеке психикалық ерекшеліктері, жұмыс істеу қабілеті, сөйлеу тілінің бұзылу механизмі және деңгейі ескеріледі.
Дизорфографияны түзету жұмысы оның түрін, белгілерін, механизмін ескере отырып жүргізілуі тиіс.Логопедиялық жұмыстың нәтижелі болуы көп жағдайда перспективтік жоспарды дұрыс құрастырып, оның іске асуына тығыз байланысты болады. Жұмыс жоспары (бағдарлама) төмендегі талаптарға сәйкес құрастырылуы керек:
- ақаулықтың түрін, құрылымын ескеру;
- онтогенетикалық ықпал ету;
- сөйлеу тілінің даму деңгейін ескеру;
- қазіргі кезеңдегі түзету жұмысының жаңа технологиялары мен көзқарастарды ескеру;
- логопедия ғылымындағы негізгі қағидаларды басшылыққа алу.
Тексерудің бірнеше қағидалары белгілі:
1. Жүйелі тексеру қағидасы сөйлеу тілінің әр түрлі компонентерінің:
дыбыстық, фонематикалық, лексикалық, лексикалық-грамматикалық жағының жүйелі байланысына негізделген.
2. Кешенді ықпал – сөйлеу, интеллектуалдык, танымдық іс-әрекетінің мағлұматтарымен қатар көру, есту, қимыл сферасы, соматикалық жағдайы, жүйке жүйесінің ерекшеліктерін ескеру болып табылады.
3. Іс-әрекеттік қағида. Аталған қағиданың іске асыру - түзету жұмысының мақсатын, бағытын анықтап, түзету тәсілдерін, жұмыс барысында қолданатын іс-әрекет түрлерін (ойлау, оқу, танымдық) анықтауға мүмкіндік береді.
4. Динамикалық тексеру қағидасы- баланы оқыту процесінде бақылап, тексеріп оның потенциалдық мүмкіндіктерін анықтауды көздейді.
5. Онтогеникалық қағида. Тексеру және түзету жұмысын ұйымдастыруда баланың онтогенезде сөйлеу тілінің, психикалық даму заңдылығын ескеру.
6. Сөйлеу тілінің бұзылуын тексеру және түзету жұмыс барысында алынған мағлұматтарды сапалы талдау қағидасы динамикалық тексеру қағидасымен тығыз байланысты. Барлық аталған қағидалар өзара тығыз байланысты және бұл қағидалар түзету жұмысында кеңінен қолданылады.
Түзету жұмысы келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
- талдау, жинақтау, салыстыру, жалпылау ойлау операцияларын дамыту;
- көріп қабылдауын, талдауын, көріп жадында сақтауын дамыту;
- кеңістікті бағдарлауын қалыптастыру;
- естіп қабылдауын, зейінін, естіп жадында сақтауын дамыту;
- қолдың ұсақ және артикуляциялық моторикасының бұзылуын түзету;
- дыбыс айтуының бұзылуын, сөздің дыбыстық-буындық құрамының бұзылуын түзету;
- сөз қорын дамыту (сөз қорын молайту, сөздің мағынасын анықтау, лексикалық жүйені қалыптастыру, сөздердің арасындағы байланысты бекіту):
- тілдің морфологиялық және синтаксистік жүйесін қалыптастыру;
- фонематикалық талдауды, жинақтауды, түсініктерін дамыту;
- сөйлем құрылымын талдауды қалыптастыру;
- сөйлеудің коммуникативтік, танымдық және реттеуші функциясын дамыту.[34,б.48]
Қоыта келе, ПДТ балаларға алдын ала диагностикалау, тіл құрылымының фонематикалық, лексико-грамматикалық жағын түзетуге арналған логопедиялық жұмыстар қолданылса, онда дизорфографияны түзетугде мүмкіндік береді. ПДТ балаларды дамыту барысында жұмыс нәтижелі болу үшін, әр баланың физиологиялық, психологиялық, жас ерекшеліктерін ескере отырып, жеке тұлғаны дамыту жұмыстарын дұрыс және тиімді ұйымдастыру болып табылады.
Жалпы білім беретін мектепте арнайы сыныптарда оқитын психикалық дамуы тежелген баланы сыныптастарына теңестіру немесе қатарға қосу барысында жұмыс нәтижелі болу үшін, әр баланың рухани дамуына психологиялық – педагогикалық жағдай жасай отырып, өз ортасында және өзге ұжымда өзін еркін сезіне алуға тәрбиелеу, өзіне өзі сенімді, жауапкершілік қасиетті сіңірген тұлға ретінде қалыптастыру қажет.Біз «Сапалы білім – барлығы үшін» деген ұранда болуымыз керек.[6]
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Кушербаев А. Психикалық дамуы тежелген балалармен жүргізілетін түзете дамыту жұмыстарының ерекшеліктері //Дефектология. №3. 2011.
2. Кальпебаева Г. Психикалық дамуы тежелген балаларды ақыл-есі төмен балалардан ажырату». //Дефектология. №4.2010.
3. Өмірбекова Қ.Қ .,Қ. Серкебаев.Логопедия,Алматы 1996.
4. С.Г. Шевченко . Коррекционно - развивающее обучение. Организационно - педагогические аспекты. М., Владос, 2001
5. Прищепова И.В. Дизорфография младших школьников:учебно-методическиое пособие.-СПб.,КАРО, 2006
6. Лалаева Р.И. Дисграфия и дизорфография как расстройство формирования языковой способности у детей .М., 2005
Достарыңызбен бөлісу: |