Тоғызқұмалақ үйренейік! 1 сабақ


Жүрістердің дәлдігін есептеу жолдары



бет4/14
Дата20.01.2022
өлшемі67,86 Kb.
#129543
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Тоғызқұмалақ үйренейік
То санды жиынты ба алауды спецификациясы 9-сынып Н р-С лтан , То санды жиынты ба алауды спецификациясы 9-сынып Н р-С лтан , Қорғаныста ойнау., 17., ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚАҚТЫҒЫСТАР
Жүрістердің дәлдігін есептеу жолдары

«Тоғызқұмалақ» ойынын үйрену онша қиын емес. Бірер ойнаған соң–ақ жүрістерді жаттап алуға болады. Бірақ осы сәтте үйренуші бірнеше заңды сұрақтарға тап болады. «Қалай тез жүруге болады?» «Соңғы құмалақ қай отауға (әсіресе құмалақ саны көп болғанда) барып түсетінін тез арада қалай есептеуге болады?» және басқадай да сауалдар әрбір ойыншыны мазалауы мүмкін. Ойындағы негізгі мақсат пен әрбір жүріс – құмалақтарды отау–отауға салып отыру болғандықтан кейбір ойыншылар жаңылыспау үшін отау мен құмалақтарды сұқ саусақтарымен санап отырады. Әрине, бұл ойынның тездігін тежейді әрі қателесіп кетуге ұрындырады. Міне, сондықтан есептеп жүрудің біз ұсынып отырған жаңа әдісі тақтадағы қандай күрделі жағдайда да қай жүрісті жүруге болатынын көрсетіп бере алады. Енді сол әдістің мәніне назар салайық.

   «Тоғызқұмалақ» ойынының бір ерекшелігі, әрі басқа ойындардан артықшылығы - әр отаудың нөмірі мен оның ішінде жатқан құмалақтар саны сол отаудың шабуыл мүмкіншілігін (күштілігін), яғни соңғы құмалақтың дәл қай нөмірлі отауға барып түсетіндігін көрсете алатындығы. Сондықтан ойын барысында, қай отауға қанша құмалақ жиналса да соңғы құмалақ қарсыластың немесе өз жағының қай отауына барып түсетінін және қарсыласыңның қай отаудағы құмалағы сенің ашық отауыңа қауіп төндіріп тұрғандығын қатесіз, тез арада ойша есептеп біліп отыруға болады. Тоғызқұмалақта бірнеше есептеу жолдары бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет