Төкешова Айзада Мейрханқызы Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, №1 қазақ орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі



Дата23.08.2017
өлшемі25,21 Kb.
#25654
түріСабақ
Төкешова Айзада Мейрханқызы

Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы,

1 қазақ орта мектебінің



физика пәнінің мұғалімі

7-сынып.

Сабақ тақырыбы: §3 §4 Астраномия-аспан денелері туралы ғылым. Орта Азия ғалымдарының ғылымды дамытуға қосқан үлестері. Ерте дүниедегі халық астраномиясы.



Сабақ мақсаты:

1. Астраномия ғылымы, физика және астраномия ғылымдары арасындағы байланыстар, халық астраномиясына және астраномияның бүгінгі салаларына байланысты түсініктер алуға жағдай жасау.

2. Оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілетін жетілдіру. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.

3. Жауапкершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.



Сабақ түрі: Аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Сабақ көрнекілігі: приборлар, плакаттар

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу, түгендеу. Оқушылардың құрал-жабдықтарын түгендеу.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Сабаққа дайындығын тексеру.

Сынып тазалығын тексеру.



ІІ. Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар:

Сұрақ- жауап алу(ауызша) :

  1. Табиғат туралы ғылым. (физика)

  2. Табиғат пен адамның бірлігін білдіретін қандай нақыл сөздер, мақал-мәтелдер білесіңдер?

  3. Табиғат құбылыстары деп нені атаймыз?

  4. Қандай табиғат құбылыстары физикалық құбылыстарға жатады?

  5. Физиканың мақсаты не?

  6. Физика заңдары қалай ашылады?

  7. Физикалық теориялар қалай жасалады?

  8. Физикалық терминдер мен ұғымдар дегеніміз не?

  9. ХХ ғасырдың ең ірі ғылыми-техникалық жетістіктері қандай?

  10. Неліктен физика техниканың негізі болып табылады?


ІІІ.Жаңа сабақ

Берілетін түсініктер: Астраномияның пайда болуына себеп болған қажеттіліктер, біздің ғалам, астраномия мен физиканың байланысы, космонавтика, космология, космогония, Орта Азия ғалымдары және олардың еңбектері, ежелгі халық астраномиясы.



"Астрон"-жұлдыз, "номос"-заң.

Галактикалар-жұлдыздар жүйесі мен олардың шоғырлары

Біздің ғалам-шексіз әлемнің біздер орналасқан бөлігі

Космонавтика-әлем кеңістігіндегі ғарыш аппараттарының қозғалысын талдап зерттейді

Космогония-аспан денелерінің пайда болуын және дамуын зерттейді

Космология-бүкіл әлем туралы,оның жалпы қасиеттері туралы ілім

ІV.Пысықтау:

  1. Астраномия ғылымының дамуына қандай қажеттілік себеп болған

  2. Астраномия ғылымы нені зерттейді?

  3. Астраномияның қандай салалары бар?

  4. Ертедегі Орта Азия елдері ғалымдарынан кімдерді білесін? Олардың қандай еңбектері бар?

  5. Аспан денелері туралы астраномиялық атаулар қалай қалыптасқан?

V. Қорытындылау

VI. Үйге тапсырма: §3, §4 Аспан денелері туралы аңыздар.

VII. Бағалау

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет