Карантин кезінде еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтама беру
- инфекциялық аурумен ауырған науқастармен қарым- қатынаста болған немесе бактерия тасушылық салдарынан уақытша жұмыстан шеттетілген адамдарға еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын аумақтық санитариялық- эпидемиолог дәрігерінің ұсынысы бойынша медициналық ұйымның медицина қызметкері береді.
- карантин кезінде мектепке дейінгі білім мекемесіне баратын жеті жасқа дейінгі балаға кутім жасау бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органының эпидемиолог дәрігері ұсынымының негізінде карантиннің бүкіл кезеңінде жұмыс істейтін немесе оқитын отбасы мүшесінің біреуіне береді.
- қоғамдық тамақтану, сумен қамтамасыз ету ұйымдарында, медициналық ұйымдарда, балалар мекемелерінде жұмыс істейтін адамдарға оларда гельминтоз болған жағдайда еңбекке уақытша дегельминтизациялаудың бүкіл кещеңіне беріледі.