Токсоплазмозный лимфаденит


Протездеу кезінде еңбекке жарамсыздық



бет4/5
Дата29.08.2023
өлшемі93,81 Kb.
#180004
1   2   3   4   5
Байланысты:
еңбекке жарамсыздық

Протездеу кезінде еңбекке жарамсыздық
парағын беру
1. протездеуге арналған еңбекке жарамсыздық парағы азамат ортопедикалық-протездеу орталығының стационарына жатқызылған жағдайда, науқастың стационардан емделіп шығуы кезінде стационарда болған барлық уақыты мен емделу орнына келу мен қайтуына, бірақ отыз күннен артық емес уақытқа стационардың медициналық қызметкерімен медициналық ұйымның басшысымен бірлесе отырып беріледі.
Амбулаторлық-емханалық жағдайларда протез алып жүрген азаматтарға уақытша еңбекке жарамсыздық парағы берілмейді.
Туберкулезбен ауыратын сырқаттарға уақытша еңбекке
жарамсыздық парағын беру
1. туберкулезбен ауыратын науқастар жалпы мақсаттағы (профил) медициналық ұйымға қаралған жағдайында уақытша еңбекке жарамсыздық парағын беру осы ережелердің 19-тармағында көрсетілген тәртіппен жүзеге асырылады.
2. мүгедек деп танылған азаматқа уақытша еңбекке жарамсыздық парағы мүгедектік тобы бекітілген күннен бастап бекітіледі.
3. өзінің негізгі жұмыс орын бойынша және өзін қоршаған тұлғаларға жұқтыру қауіпі жоқ уақытша еңбекке жарамсыз болған азаматқа орталықтандырылған дәрігерлік-консультациялық комиссия (бұдан әрі - ОДКК) оны басқа (ыңғайлы) жұмысқа ауыстыру туралы қорытынды береді.
4. азаматтың уақытша еңбекке жарамсыздық кезінде оның емделу курсын аяқтағанға дейін біліктілігі мен еңбекақысын жоғалмай, жұмыс орны сақталады.
5. оң клиникалық-рентгенологиялық динамика тиімді емдеуінде, эпидемиологиялық қауіптілікті жою және еңбекке жарамдылықты қалпына келтірудегі емдеудің кез келген сатысында уақытша еңбекке жарамсыздық парағы жабылып, азамат жұмысына кіріседі.
6. рецидивті немесе тыныс алу органдарының алғашқы туберкулезі анықталған азаматқа:
1) ыдыраусыз – стационарлық, амбулаторлық (санаторлық) он ай емделу кезі уақытша еңбекке жарамсыз деп саналады.
Асқынулар пайда болу, даму үрдісі немесе, аурудың торпидті ағымында, ауырлық түсіретін факторлар болған жағдайда ауру МӘС-ға жіберіледі. Егер МӘС-ның қортындысы бойынша ауру мүгедек деп саналмаса, ол уақытша еңбекке жарамсыз болып, уақытша жарамсыздық парағының уақыты ДКК арқылы он екі айға дейін созылады;
2) туберкулездің кең таралған түрімен жағымды кері динамикамен процестің қатерсіз ағымында он айдан он екі ай бойы уақытша еңбекке жарамсыз, яғни еңбекке жарамдылықты қалпына келтіретін барлық емдеу толық нәтижелі аяқталғанға дейін саналады. Алты ай мен сегіз ай бойы емдеу кезінде нәтиже болмаған жағдайда сырқат МӘС-ға жіберіледі;
3) туберкулездің созылмалы бациллалық құрылымсыздық үрдісімен еңбекке жарамсыз саналады. Функционалдық және патоморфологиялық өзгерулер шұғыл байқалған ауыр қайтымсыз туберкулездік процесс МӘС жүргізуге себепші болады;
4) көптеген дәріге көнбейтін туберкулезде (КДК ТА) он екі айға дейін еңбекке жарамсыз саналады, он екі ай өткеннен кейін медициналық құжаттары МӘС-ға жолданады.
5) ОДКК резервтік қатардағы препараттармен емдеу туралы шешімі кезінде науқасты мүгедектік тобын белгілеу үшін МӘС-ға жіберуі қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет