Токсоплазмозный лимфаденит


Жүктілік пен босану бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық парағын және анықтамасын беру



бет2/5
Дата29.08.2023
өлшемі93,81 Kb.
#180004
1   2   3   4   5
Байланысты:
еңбекке жарамсыздық

Жүктілік пен босану бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық парағын және анықтамасын беру

  • Еңбее уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы мынандай тәртіпте жүзеге асырыладыкк:
  • 1. жүктілік пен босану бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын медицина қызметкерлері,( акушер-гинеколог дәрігер), ал ол болмаған жағдайда –жүктіліктің отызыншы аптасынан бастап ұзақтығы кунтізбелік жүз жиырма алты кунге (босанғанға дейін кунтізбелік жетпіс кун және босанғаннан кейін кунтізбелік елу алты кун ) ДКК қорытындысынан кейін бөлімше меңгерушісімен бірлесіп, дәрігер береді.
  • 2. жүктілігі мен босануы бойынша тұрақты мекен жайынан уақытша кеткен әйелдерге еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы босанған жеріндегі медициналық ұйымда немесе әйелдер консультациясында босандыру ұйымының шығару қағазына сәйкес бақылау орны бойынша беріледі.
  • 3. асқынған босану, екі және одан да көп бала туған жағдайда еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы босандыратын денсаулық сақтау ұйымының шығару қағазына сәйкес бақылаған жері бойынша әйелдер консультациясында қосымша кунтізбелік он төрт кунге ұзартылады. Мұндай жағдайда босанғанға дейінгі және босанғаннан кейінгі демалыстардың жалпы ұзақтығы кунтізбелік жүз қырық кунді құрайды.

4. жиырма екі мен жиырма тоғыз апталық арасында тірі бала туғанда немесе дене салмағы бес жүз және одан артық грамм болатын, туғаннан кейін жеті тәуліктен астам өмір сүрген жағдайда әйелге босану фактісі бойынша жетпіс күнге уақытша еңбекке жарамсыздық парағы немесе анықтама беріледі.
Ядролық сынаулардың әсеріне ұшыраған аумақтарда тұратын әйелдер үшін жүктіліктің жиырма екі мен жиырма тоғыз аптасында тірі бала туғанда немесе дене салмағы бес жүз және одан артық грамм болатын, туғаннан кейін жеті тәулікке дейін өмір сүрген жағдайда әйелге босану фактісі бойынша елу алты күнге уақытша еңбекке жарамсыздық парағы немесе анықтама беріледі.
5. ядролық сынаулардың әсеріне ұшыраған аумақтарда тұратын әйелдер үшін жүктіліктің жиырма екі мен жиырма тоғыз аптасында тірі бала туғанда немесе дене салмағы бес жүз және одан артық грамм болған жағдайда әйелге тоқсан бір күнге уақытша еңбекке жарамсыздық парағы беріледі. Өлі бала туғаннан кейін жеті тәулікке дейін өмір сүрген жағдайда әйелге босану фактісі бойынша жетпіс жеті күнге уақытша еңбекке жарамсыздық парағы беріледі.
6. жүктілік кезінде әйел төленетін демалыста немесе үш жасқа толғанша баланы бағу бойынша жалақысы сақталмайтын қосымша демалыста болса уақытша еңбекке жарамсыздық парағы жүктілігі мен босануы бойынша демалыстың барлық күндеріне беріледі.
7. босану кезінде немесе босанғаннан кейінгі кезеңде анасы қайтыс болған жағдайда уақытша еңбекке жарамсыздық парағы нәрестеге бағуды жүзеге асыратын адамға беріледі
8. жүктіліктің ерте мерзімінде операцияны қоспағанда жүктілікті жасанды түрде үзу операциясы кезінде уақытша еңбекке жарамсыздық парағын операция жүргізілген стационардың және амбулаториялық-емханалық деңгейдегі дәрігер бөлімше меңгерушісімен бірлесіп береді, ал асқынулар болған жағдайда – уақытша еңбекке жарамсыздығының барлық кезеңіне береді.
Өздігінен түсік тастағанда жағдайда уақытша еңбекке жарамсыздық парағы еңбекке жарамсыздық кезеңіне беріледі.
9. эмбрионды ауыстырып қондыру операциясын жүргізу кезінде операция жасаған медициналық ұйым жүктілікті белгілеу фактісіне дейін эмбрионды ауыстырып қондырған күнінен бастап береді.
Қыз немесе ұл асырып алған азаматтарға, сондай-ақ биологиялық аналарға құрық аналық кезінде бала асырап алған күнінен бастап және бала туғаннан бастап елу алты күннің ішінде тікелей перзентханадан уақытша еңбекке жарамсыздық парағы беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет