Толебай Маржан Ержанқызы 6В01701 «Қазақ тілі мен әдебиеті»


Эндокриндік бездер қызмет ерекшеліктеріне қарай екі топқа бөлінеді



бет2/3
Дата07.02.2022
өлшемі25,88 Kb.
#97716
түріҚұрамы
1   2   3
Байланысты:
Толебай Маржан 6В01701

Эндокриндік бездер қызмет ерекшеліктеріне қарай екі топқа бөлінеді.

  1. тек эндокриндік қызмет атқаратын бездер. Оларға қалқанша, қалқанша серік бездер, бүйрек үсті бездері, серік(плацента), айырша без, гипофиз, эпифиз және тимус жатады.

  2. Аралас қызмет атқаратын бездер. Бұл топқа ұйқы безі мен жыныс бездері жатады.

Ішкі секреция бездерінің физиологиясы

  1. Ішкі секреция деген не?

  2. Олардың жіктелуі.



1. Маманданған торшалардың биологиялық белсенді заттарды торшааралық кеңістікке, одан әрі қанға бөлуін ішкі секреция дейді. Ішкі секреция деген түсінікті ғылымға Клод Бернар енгізді. Ол дененің барлық мүшелері ішкі секрециялық қызмет атқарады деген. Бұл тұжырымды ғалым дененің барлық мүшелерінен зат алмасу өнімдерінің қанға бөлінетінімен негіздеген. Сондықтан ол ішкі секрециялық жүйеге қалқанша безді, айрша безді, бүйрек үсті безді, көкбауырды (талақ), лимфа түйіндерін жатқызған.
Көп жағдай да ішкі секрециялық қызметке тым кең мағына беріледі. Кейбір зерттеушілер бұл түсінікке ішкі секрециялық бездерге жатпайтын құрылымда биологиялық белсенді заттардың (СО2, гистамин, ацетилхолин, ренин, гепарин, т.б.) түзілу процесін жатқызады. Аталған затар организм функциясына гуморальдық жолмен әсер етеді. Дегенмен, ішкі секреция филогенез тұрғысында кешірек қалыптасатын эндокриндік бездердің дамуына байланысты п.б.реттеу тетігі. Сол себепті ішкі серкеция деген түсінікті мүшелердің, ұлпалардың, торшалардың алмасу өнімдерімен шатастыруға болмайды.
3. Ішкі секрециялық немесе эндокриндік бездер деп безге тән құрылымы бар, өздері түзген биологиялық белсенді заттарды тікелей қанға немесе сөлге (лимфаға) бөлетін бездерді айтады. Грек тілінен эндон-ішкі, крино-бөлемін деген мағына береді. Ішкі секреция бездерінің шығару өзектері болмайды, оларда пайда болған заттарды гормондар (гр.гормон-қозғаймын деген сөз) деп атайды. Ішкі секреция бездерінің мөлшері шағын болады, бірақ қанмен мол жабдықталады. Безде қан тамырлары орасан көп капиллярлар торын құрайды, сондықтан без бөлген өнімдер қанға тез сіңеді.
Эндокриндік бездер қызмет ерекшеліктеріне қарай екі топқа бөлінеді: 1) тек эндокриндік қызмет атқаратын бездер. Оларған қалқанша, қалқанша серік бездер, бүйрек үсті бездері, серік (плацента), айырша безі, гипофиз, эпифиз, тимус жатады. 2) аралас қызмет атқаратын бездер. Бұл топқа ұйқы безі мен жыныс безі жатады.
Тірі ағзаның химиялық құрамы. Адам сыртқы ортадан түрлі қоректік заттарды: ақуыздар, майлар, көмірсулар, минералды тұздар мен суды қабылдайды.
Ақуыз (протеин) – құрамында амин қышқылдары бар, жоғарғы қосылыстары. Ақуыздың адам денесі үшін үлкен маңызы бар, оның денедегі орны ерекше, көптеген қызмет атқарады:

  1. құрылыс материалы, сүйек, тері, сіңір, ұлпаның негізгі бөлігі; ақуыз синтезінің нәтижесінде дене өседі, жетіледі.

  2. ұрпақтан ұрпаққа тән белгілерді сақтайды.

  3. қорғаныс, тасымалдау қызметтерін атқарады, 0000 пайда болуы, қанның ұюына қатысады. Тасымалдау қасиеті қанның құр/ғы гемоглобин О2 –н жасушаға тасымалдайды.

  4. реттеушілік қызмет. Денедегі ферменттердің, гормондардың құрамында ақуыз болады, олар ішкі ортаның тұрақтылығын сақтап, оны реттеуге қатысады.

  5. Ақуыз денедегі энергия көзі болып табылады, 1 г ақуыз тотыққанда 4,4 ккал энергия бөлінеді.

Көмірсу – табиғатта қарапайым күрделі қосылыстар түрінде кездеседі. Олар полисахаридтер, дисахаридтер түрінде болады. Полисахаридтерге крахмал,гликогендер; дисахаридтерге қызылша, қант т.б. кіреді. Көмірсулар қанда, жемісте, картопта, т.б.көп болады. Көмірсулар ферменттердің әсерінен полисахаридтер→дисахаридтер→моносахаридтер.
Моносахаридтер – глюкоза, галактоза, фруктоза ішектің қабырғасында қанға сорылып, қақпа венасы арқылы бауырға барады. Бауырда биосинтездеуден өткен моносахаридтердің бір бөлігі гликогенге, ал енді бір бөлігі глюкозаға айналады. Гликоген бауырда, бұлшық еттерде қор болып жиналады. Глюкозаның қандағы деңгейі 0,1-0,2% болады, қандағы мөлшері 4,44 ммоль/л –6,66 ммоль/л; егер осы шама төмендесе – гипогликемия, жоғарыласа – гипергликемия деп аталады.
Глюкозаның қандағы мөлшері ұйқы безінің гормондары инсулин, гликоген реттеп тұрады. Глюкозаның қандағы деңгейі ОЖЖ бақылауында болады. Француз ғалымы Клод Бернар бақаның сопақша миындағы ІҮ қарыншаның түбіне инемен шанышқанда қандағы глюкоза мөлшері көбейген.
Май. Химиялық құрамы жағынан күрделі қарапайым болып табылады. Адам денесіндегі майлар негізінен нейтральдық майлар болып саналады. денедегі май құр-с қызмет атқарады, энергия қоры болып саналады. 1 г май қорытылғанда 9,3 ккал энергия. Нейтральдық майлар адам денесіндегі эндогенді су көзі болып есептеледі. 100 г май тотыққанда 107-103 л су пайда болады. Майлар денедегі су алмасуын реттейді. Нейтральды майлар жасушалардың, цитоплазманың, ядро мен оның қабығының бөлінбес құрамы. Майлар денеде тері астында қор болып жиналады, денедегі жылудың көп мөлшерде бөлінуінен сақтандырады.
Су. Адам денесінің 1/3 бөлігі судан тұрады. Су әрбір жасушаның бөлінбес құрамы болып саналады. қан мен лимфаның сұйық бөлімі судан тұрады. Қызметі: 1) қоректік заттарды қорытуда су еріткіш қызмет атқарады; 2) еріген заттарды тасымалдау; 3) денедегі мүшелердің бір-бірімен үйкелісінен сақтайды; 4) дене t°-н қалыпты ұстайды;
Ересек адамдардың дене салмағының 60-65%-і судан тұрады.
Денеге түскен су деполарында сақталады. Су мөлшері шамадан көп болса, дене сумен уланады.
Минералды тұздар.
Натрий –жасуша аралық сұйықтықтың осмотикалық қысымының тұрақтылығын сақтайды, ішкі ортаның қышқыл-сілті реакциясын реттеуге қатысады. Na негізінен сүйек ұлпасында болады. Тәулігіне 10 г натрий тұзы қажет.
Калий – осмостық қысымды реттейді, с.к. жүйке жүйесінің медиаторы ацетилхолиннің пайда болуына әсер етеді. Гликогеннің пайда болуы осы калий ионын сіңіру арқылы жүзеге асады. Тәулігіне 1 г калий керек.
Хлор – жасуша аралық сұйықтық құрамында осмостық қысымның тұрақтылығын сақтайды.
Кальций және фосфор – негізінен сүйек ұлпасында, тіс эмалінде болады. ОЖЖ қызметі үшін де кальций, фосфор тұздарының маңызы зор. Ересек адам үшін тәулігіне 0,6-0,8 г кальций қажет. Сүйектердің дұрыс қалыптасуы үшін кальций мен фосфор керек. жас организмге, екіқабат әйелге кальций қажеттігі өте жоғары болады.
Темір – денеде құр/с түрінде, қанда гемоглобин және т.б.тыныс ферменттерінің құрамына кіреді. Тәулігіне 10-30 мкг. Темір жетіспесе адам қан азаю дертіне ұшырайды.
Йод – денеде өте аз мөлшерде болады, бірақ оның маңызы өте зор. Йод қалқанша безінің құрамында кездеседі. Ол денедегі барлық зат алмасуға қатысады, өсуді, дамуды қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар денеде мөлшері өте аз Со, Zn, F тәрізді элементтер кіреді, сондықтан оларды микроэлементтер деп атайды.


Ішкі секреция
Ішкі секреция бездерінің қызметін бірнеше әдістермен зерттейді.

  1. Клиникалық бақылау-жеке бездердің қызметінде ауытқу байқалған организмге бақылау ұйымдастырып, ауытқулар айқындалады.

  2. Безді сылып тастау-экстирнация-арнаулы операция жасап, юезді алып тастайды да организмде болып жатқан өзгерістерді анықтайды.

  3. Безді алмастырып отырғызу-трансплантация. Бұл әдіс 3 түрлі жолмен қолданылады:

  1. Аутотрансплантация,

  2. Гомотрансплантация,

  3. Гетеротрансплантация.




  1. Аутортрансплантацияда без өзінің қалыпты орнынан сол организмнің басқа жеріне қондырылады.

  2. Гомотрансплантацияда бір түлікке жататын малдың безі бір организмнен екінші организмге қондырылады.

  3. Гетеротрансплантация бір түліктің безін екінші түлікке орналастыру.

  4. Организмді қосарлау немесе парабиоз. Арнаулы операция жасап, бір түрге жататын 2 организмнің қан тамырын жалғастыра тігу арқылы ортақ қан айналым жүйесі қалыптастырылады.

  5. Ішкі секреция бездері сығындысын немесе гормондар егі. Бұл әдіспен бездің жасанды түрде гиперфункциясы тудырылады.

  6. Радиоактивті изотоптар қолдану арқылы гормондардың түзілу құпиясын, олардың организмде таралуын, өгерген жолдарын анықтау.

  7. Радиоавтография-организмге молекулада радиоактивті атаомы бар гормон егіп, белгілі бір мерзім өткен соң оның ұлпаларынан тілім алады да, одан жұқа қиынды дайындайды. Осыдан кейін қиындыны радиоактивті сәулеге сезімтал фотографиялық эмульсияға салады. өңделген пленкада гормон шоғырланған жерде қара дақ байқалады.

  8. Гормондарды химиялық және биологиялық әдістермен анықтау әдісі практикада кеңінен қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет