Толебай Маржан Ержанқызы
6В01701 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
Ішкі секреция бездерінің физиологиясы. Эндокринология ғылымы. Гормондар
Ішкі секреция бездерінің жалпы сипаттамасы және олардың жіктелуі
Эндокринология ғылымы
Тірі ағзаның химиялық құрамы
Гормондарға жалпы сипаттама, оларға тән қасиет
Ішкі секреция бездерінің жалпы сипаттамасы және олардың жіктелуі
Маманданған торшалардың биологиялық белсенді заттарды торшааралық кеңістікке , одан ары қанға бөлуін ішкі секреция дейді. Ішкі секреция деген түсінікті ғылымға Клод Бернар енгізген. Ол дененің барлық мүшелері ішкі секрециялық қызмет атқарады деп есептеген. Бұл тұжырымды ғалым дененің барлық мүшелерінен зат алмасу өнімдерінің қанға бөлінетінімен негізделген. Сондықтан ол ішкі секрециялық жүйеге қалқанша безді, айырша безді, бүйрек үсті бездерінен, көк бауырды , лимфа түйіндерін жатқызған.
Көп жағдайда ішкі секрециялық қызметке тым кең мағына беріледі. Кейбір зерттеушілер бұл түсінікке ішкі секрециялық бездерге жатпайтын құрылымдарда биологиялық белсенді заттардың(көмір қышқыл газы, гистамин, ацетилхолин, ренин, гепарин т.б.) түзілу процесін де жатқызады. Аталған заттар организм функцияларына гуморальдық жолмен әсер етеді.Дегенмен, ішкі секреция филогенез тұрғысында кешірек қалыптасқан және эндокриндік бездердің дамуына байланысты пайда болған реттеу тетігі. Сол себепті ішкі секреция деген түсінікті мүшелердің, ұлпалардың, торшалардың алмсасу өнімдерінен шатастыруға болмайды.
Ішкі секрециялық немесе эндокриндік бездер деп безге тән құрылымы бар және өздері түзген биологиялық белсенді заттарды тікелей қанға немесе сөлге (лимфаға) бөлетін бездерді атайды. Грек тілінен аударғанда эндон деген сөз-ішкі, крино-бөлемін деген мағына береді. Ішкі секреция бездерінің шығару өзектері болмайды, оларда пайда болған заттарды гормондар(грек тілінен аударғанда гормон-қозғаймын) деп атайды. Ішкі секреция бездерінің мөлшері шағын болады, бірақ олар қанмен мол жабдықталады. Безде қан тамырлары орасан көп капиллярлар торын құрайды, сондықтан без бөлген өнімдер қанға тез сіңеді.
Достарыңызбен бөлісу: |