Толерантты мінез-құлықты қалыптастыру екі жақты келісімді макро және микро деңгейлері бар.
Макро деңгей бүкіл мемлекет шеңберінде іске асады және оның басты мақсаты қоғамдағы жеке тұлғалар мен әлеуметтік топтардың демократиялық мемлекеттегі азаматтық келісімнің кепілі ретінде мінез-құлық тұрақтылығын сақтайтын, сондай-ақ басқа мемлекеттер мен әлем халықтарымен қарым-қатынаста позитивті геосаясатты жүзеге асыратын толерантты сананы қалыптастыру болып табылады.
Функциональдық мағынада бұл қасиетті қалыптастыруда үлкен жауапкершілік мемлекетке және сол арқылы мемлекеттік орындарға, мемлекеттік бағдарламалар мен заңдылықтарға жүктеледі.
Микро деңгей-жанұя, педагог пен оқушы тұлғасы. Микро деңгей шегінде табиғи-климаттық, ұлттық ерекшеліктерімен сипатталатын кіші Отанды қалыптастыруға назар аударылады. Мұндай жағдайларда оқушылардың сол жерде өмір сүретін әртүрлі халыққа толерантты мінез-құлқы қалыптасады. Микро деңгей белгілі бір білім беру мекемесінің немесе білім беру үдерісіндегі ерекше қасиеттерді анықтайды. Аты аталған деңгейдің шегінде әрбір мекеме білім компоненттерін жүзеге асыруға құқылы, бірақ міндетті түрде оқушылардың толеранттық мінез-құлқын қалыптастырудың ерекше қағидалары мен жүйесін қалыптастыру керек.
Толерантты мінез-құлықты қалыптастыруға қатысты қазақ педагогикасында көптеген ғалымдардың еңбектері бар. Б.Ж.Жиентаева «Национальное воспитание школьников на уроках технологии средствами народного прикладного искусства (5-7 классы)» атты кандидаттық диссертациясында оқушыларды тәрбиелеуде ұлттық тәрбиенің ролі және оның жолдары туралы айтады. С.А.Ұзақбаева «Қазақ халық педагогикасындағы эстетикалық тәрбие» атты докторлық диссертациясында халық педагогикасы педагогика ғылымдарының бір бөлігі ретінде қарастырылып, оқушыларға эстетикалық тәрбие беруде халық педагогикасының алар орнының маңыздылығын айта келіп, эстетикалық тәрбиенің тұжырымдамаларын ұсынады. Р.К.Төлеубекова «Исполльзование прогрессивных традиции народной педагогики в нравственном воспитании учащихся начальных классов казахской школы» атты кандидаттық диссертациясында бастауыш класс оқушыларының сыпайылық тәрбиесінің өзекті мәселелерін ашып, осыған байланысты мектеп мұғалімдеріне арнап, «адамгершілік тағылымы» атты бағдарламасын жасайды.
Толерантты мінез-құлықты тиімді қалыптастыру педагогикалық әрекет пен оқушы тұлғасын өзіндік тәрбиелеу бірлігі көрінетін үдерісте де жүзеге асуы мүмкін. Мұнда тәрбиелік әсер мен қарым-қатынас субъектілерінің өзара әсері арасында заңды байланыс бар: бұл байланыс педагог пен оқушының арасында болады да, қалыптастыру үдерісінің бүтіндігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
- Толерантты мінез-құлықты қалыптастыру мақсатына жетті деп оқушыларда өзін-өзі тану мен өзін-өзі жетілдіруге деген қажеттілік пайда болған кезді есептеуге болатынын ескерту керек.
- Сонымен қатар жүйені белгілі бір деңгейде сипаттайтын параметрлер мен критерийлер бір-біріне байланысты емес және әрқайсысы өзінше өмір сүреді деген әсер қалмауы керек. Олардың арасындағы байланысты анықтау үшін берілген деңгейлер жіктелетін ортақ белгі болуы керек.
- Біздің ойымызша, мұндай белгі ретінде төмендегілерді айтуға болады:оқушылардың тұлғасы, теория мен практиканың теңбе-теңдігі, қалалық орта мектеп жағдайында оны қалыптастырудың нақты құралдарын толерантты мінез-құлықтың жалпы қағидаларына трансформациялау логикасы.
Педагогика ғылымында қағидаларды сипаттауда әртүрлі көзқарастар бар.
А.В.Сластенин педагогикалық үдерісті ұйымдастыру қағидалары мен тәрбиеленушілердің әрекетін бүтін педагогикалық үдеріс позициясынан қарау қағидасының келесі түрлерін атап көрсетеді:
- педагогикалық үдерістің гуманистік бағыты;
- ғылымилық;
- білім, білік, дағды, сана мен мінез-құлықтың бірлігін қалыптастыруға бағытталған қағида;
- ұжымда оқыту мен тәрбиелеу;
- сабақтастық, дәйектілік, жүйелілік;
- барлық өмірде, оның ішінде оқу мен тәрбиені эстетикаландыру;
- оқушылардың саналылығы, белсенділігі;
- бала тұлғасына құрметпен қарауды оған белгілі бір деңгейде талап етумен ұластыру;
- адамға құрметпен қарауға, оның күшті жақтарын сүйену;
- тәрбиеленушілердің жас шамасы мен тұлғалық ерекшеліктерін ескеру;
- білім беру, тәрбиелеу мен дамытудың қорытындыларының беріктігі мен әрекеттілігі.
В.Е.Зябкин ұсынған қағидалар ішінен біздің зерттеуіміз үшін қызығушылық туғызатыны келесілер:
- оқушының әлеуметтік ортаға қосылуы және үлкендердің әрекеттілігі, себебі тұлға қоғамдық қарым–қатынас жүйесіне қосылу үдерісінде ғана қалыптасады;
- жүйелілік;
- балаға әсер ететін сыртқы және ішкі факторды фильтрлеу, себебі қалыптасып келе жатқан тұлға сыртқы әрекеттерден әсер алады және жағымды әсерлерді жіберетін және жағымсызын өткізетін ерекше фильтр қажет.
М.М.Поташник ұсынған қағидалар ішінен ерекшелетіні сабақтастық, перспективтік, оңтайландыру, рефлексті.
Осы үдерістің заңдылығын анықтаудың әдістемелік негізі деп біз төмендегілер арасындағы заңды байланысты дәйекті және біртұтас зерттейтін жүйелік – құрылымдық көзқарасты есептейміз:
а) оқу-тәрбие үдерісімен және онымен байланысты шарттар мен факторлар кешені;
б) педагог әрекеттілігі және оқушының өзін-өзі тәрбиелеу әрекеттілігі;
в) берілген оқу-тәрбие үдерісінің жеке компоненттері – тапсырмалары, мазмұны, әдістері, формалары, құралдары, шарттары арасындағы қарым-қатынас.
Оқушылардың толерантты мінез–құлықтарының қалыптасуы қоғам дамуы заңдарымен, білім беру үдерісімен, оқыту және жеке тұлға дамуымен заңды байланысты.
Осыған орай оқушылардың толерантты мінез-құлықтарын қалыптастыруға арналған тиімді іс-әрекеттер кешенін дайындау мен жүзеге асыру үшін белгілі бір міндеттерді шешу қажеттілігі туады.
Бірінші және екінші заңдылықтардан шығатын қағида оқушылардың толерантты мінез–құлықтарының оқулық-тәрбиелік үдеріс бағытының деңгейін жоғарылату.
Толерантты мінез-құлықты қалыптастыруда бүтін, бөлінбей орындалатын педагогикалық-психологиялық заңдылықтар мен қағидаларды айқындадық. Толерантты мінез-құлықты қалыптастырудағы маңызды жағдай жағымды аймақтық білім саясатын құру болып табылады да, гуманистік парадигманы қозғалтып, аймақтың мәдениет, тіл, әдет-ғұрып сияқты маңызды әлеуметтік ерекшеліктерін көрсетеді.
Назарларыңызға рақмет!
Достарыңызбен бөлісу: |