«Толғауы тоқсан қызыл тіл» бөлім бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар



бет1/2
Дата26.12.2022
өлшемі29,15 Kb.
#164409
  1   2
Байланысты:
7-с. Әдебиет.БЖБ-3

«Толғауы тоқсан қызыл тіл» бөлім бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар



Оқылатын шығарма

Ш.Қанайұлы «Зар заман» өлеңі. 7-сынып №1 БЖБ






Оқу мақсаты

7.3.2.1 әдеби жанр түрлерінің даму барысына, жаңашылдығына заманауи тұрғыдан баға беру;
7.2.3.1. Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ, т.б) қолданысын талдау

Бағалау критерийі

Білім алушы

-Көркемдегіш құралдардың қолданылу ерекшелігін талдайды



Ойлаудағдыларының деңгейі

қолдану

Орындау уақыты

20-25 минут

1-тапсырма. Берілген өлең жолдарындағы автор ойынна заманауи тұрғыдан баға беріңіз.



Әуелгі қорлар зор болды,
Сондай зорлар қор болды,
Әуелгі барлар жоқ болды,
Сондай жоқтар тоқ болды,
Жөн білмеген жамандар
Ел билеген бек болды,
Көтере алмай билігін,
Ұласқан үлкен кек болды,
Ниетіне қазақтың
Тым - ақ тәуір еп болды —
Заманақыр болар деп,
Сол себептен қорқамын!
Бұл асылық, асқан заманда,
Ұл туады атаменен егесіп,
Қыз туады анаменен теңдесіп,
Баласы кетіп тыюдан.

Масқаралар таймайды
Зар заманның аяғы —
Заманың кетті баяғы,
Ықылас-ниет қалмады,
Үлкенге билік салмады,
Жарлының жалғыз сүйеніш
Мал болыпты таяғы.
Айрылмай дерт болды
Кедейге қылған қорлығың.
Кәріңді көрдің піріңдей,
Тілмашты көрдің жеңгеңдей,
Дуанды көрдің үйіңдей,
Абақты тұр қасыңда
Қазылған қара көріңдей!..


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет