Толық құйылған көпір тәрізді протездің клиникалык кезеңдері
Толық құйылған протез дайындалатын науқастардан үлгі алғанда екі жақтан да үлгі алынады., гипс модельді дайындайды. Тіс қатары параметрін оқып, тістесу түрін анықтайды. Күрек тістердің қабысу сипатын, тістердің орналасуын, тірек тістердің параллеьдігін оқып білу керек. Әсіресе бұл төменгі жақ шайнау тістерін орналастыру жатады. Өйткені 2-3 азу тістер әрқашанда медиальді еңкейіп тұрады және бұл жанындағы тұрған тіс көп уақыт жоқ болғанда бұл еңкею жоғарылайды. Зерттегенде егеуді бастамас бұрын протез кигізетін тістің ұлпасын алып тастау керек. Тірек тістердің параллельдігін сақтау керек.
Протездің конструкциясында аттачменді және кламмерді қарастыру маңызды. Қойылған талаптарды шешу үшін тірек тістерді (ауыздан тыс) рентген суретке түсіру керек және оптикалық неготоскопта зерттеу керек. Оптикалық негатоскоп. Үлкен емес лабиринттері бар аспап, рентгенограммадағы көріністі үлкейтеді, тістердің еңкею бұрышын анықтайды, диагностикада әмбебап
Толыққұйылған көпіртектес металл протезді дайындағанда егелген тістерден айқындалған үлгі алынады. Айқындалған үлгі алу үшін мынандай әдіс қолданылады. Стандартты қасыққа термопластикалық масса салады. Ауызға енгізіп тіс қатарына басады. Қасықты үлгімен бірге 10 секундтан кейін ауыздан алып шығады. Үлгіні суытады, мақта тампонмен кептіріп сүртеді. Үлгідегі тіс аралық пердені кесіп силиконды масса салып қызылиек қалтасындағы бастырма таңғышты алып айқындалған үлгі алынады. Айқындалған үлгіні ауыз қуысынан резина тәрізді масса кезінде алып шығады. Көрсетілген әдіс бойынша тістердің рельефтерінің тістерінің ізі, тіс мойнын айналмалы байламның дәл ізін алады.