Толық құйылған көпір тарізді протез Жоспар Кіріспе 1.Толық құйылған көпір тәрізді протездің көрсетілімдері Негізгі бөлім 1.Толық құйылған көпір тәрізді протезге тістерді егеу 2.Клиникалық және лабораториялық кезеңдері Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер Көпір тәрізді протез-тіс қатарының көбіне кіші,сирек жағдайларда орташа ақауларын ортопедиялық емдеуге қолданатын,екі жақты тірегі бар,тірек элементтері мен аралықбөліктен немесе протез денесінен тұратын алынбайтын конструкция . Тірек тістердің параллельдігіне байланысты толыққұйылған және құрама болып бөлінеді.
Толық құйылған металл көпіртектес протезді дайындау жеке құйылған металл сауытқа қарағанда қиынырақ, бірақ негізінен жасалуы бірдей.
Құрылысына байланысты толыққұйылған алынбайтын көпіртектес протездер белгілі-бір дәрежеде стабилизация түріне ( сагитальді, фронтальді, фронтальді-сагитальді және доға бойынша)бөлінеді.
Толық құйылған көпір тәрізді протездің көрсеткіштері.
Толық құйылған көпір тәрізді протездер дәнекерленген протездерге қарағанда кеңтаралған.
Толық құйылған көпір тәрізді протездер штампталып дәнекерленетін протездерге қараганда айтарлықтай жоғары қасиеттерге ие:тістің анатомиялық пішінін дұрыс қалпына келтіреді ,әрі дәнекер керек емес.
Дегенмен,олардың дабіраз кемшіл тұстары бар .Бұл кемшіліктер:металды құю кезінде шөгуі,балауыз құрылымының деформацияға ұшырауы.
Толық құйылған көпір тәрізді протезді алтын Куміс паллади Хромкобальт қоспасынана дайындайды. Тірек тістерді егеуді жансыздандыру арқылы жасап ,тіс мойны аймағында кертпе жасап, не керпесіз жасайды.Кертпе жасау тістердің қатты тіндерін көп мөлшерде егеуді қажет етеді.оны улкен азу тістерде ,клиникалық сауыттың төмен болуында қолданбайды тісті егеу әдісі фарфор сауыттардікі сияқты
Тірек тістерді зерттегенде ең маңызды роль атқаратыны толыққұйылған алынбайтын көпіртектес протезді тірек тістерге орналастырғанда оларды егеген кезде параллельдігін сақтауды еске ұстау керек. Сондықтан егегенге дейін клиникалық және рентгенологиялық тексерулерді және жақтың тірек тістерінің модельін анық тексеру керек.
Клиникалық тексерулерге тірек тістер тіндерінің жағдайын, пародонттың, тіс ұлпасының ұяшықта орналасуын зерттеу жатады. Рентген суретте тістің қатты тіндерінің қалыңдығын, ұлпаның пішіні мен көлемін, түбір санын, оның пішінін, түбір өзегінің өтімділігін, периапекльді тін жағдайын зерттеуге болады. Диагностикалық модельде тіс қатарын және тістердің орналасуын анықтауға болады