Жарақат туралы ұҒым және оның ТҮрлері орындаған: Орынбаева М. Б



Pdf көрінісі
Дата07.02.2022
өлшемі0,89 Mb.
#96864
Байланысты:
Жаракат 4



ЖАРАҚАТ ТУРАЛЫ ҰҒЫМ ЖӘНЕ 
ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
«Астана медицина университеті» КеАҚ
Сот медицинасы кафедрасы


Жарақат дегеніміз – бір немесе бірнеше факторлардың 
әсерінен ағза құрылысы мен функциясының бұзылуы.
Жарақаттаушы факторлар дегеніміз – материалдық дене 
немесе жарақаттаушы қабілеті бар матералдық 
құбылыстар. Жарақаттаушы заттар: материалдық дене
құбылыстар (электр тоғы, сәулену, жоғарғы немесе 
төменгі температуралар) болуады. Жарақат бір жерге 
немесе бірнеше жерге әсер етуі мүмкін.


Жарақаттың түрлері:
Өндірістік жарақаттар
1.Өндірістік
2.Ауыл-шаруашылық
Өндірістік емес жарақаттар
1.Транспорттық жарақаттар
2.Тұрмыстық жарақаттар
3.Спорттық жарақаттар
Әскери жарақаттар
1.Соғыс кезінде
2.Бейбітшілік кезде


Механикалық жағдайда түскен жараның түрлері: сызат, жара, қанталау, сүйек
сыну, ішкі ағзалардың зақымдануы.
Сызат – терінің беткей қабаты бүтіндігінің бұзылуы, мұнда эпидермис
зақымданады. Бір тәулікте суланады, кейіннен кеуіп кетеді. 

– 2 тәулікте қабыршықтанады, 5 – 7 тәулікте түсіп қалады, 
15 
тәулікте орыны қызарып, кейіннен білінбей кетеді. 
Жара – терінің барлық қабаты, тері асты тіндері және кейбір жағдайда ішкі
ағзалардың да зақымдануы.
Жараның морфологиялық ерекшелігі оның қандай затпен болғанын және
механизімін айтады. Аққан қанның бағдары дененің координациясын айтады. 
Жараның ұзақтығын оның жазылу процесіне байланысты айтады: 
1.
хирургиялық өңдеу жағдайында - 5 – 9 тәулікте жазылады;
2. 
үлкен жарада және инфекцияланғанда бірнеше апта және айлар; 
3. 1 
– 1,5 айда қызғылт, қызылдау, жұмысақ болады, кейіннен бозарады, қатаяды.
12 
айдан кейін тыртықтар бірдей болады.


Қанталау – бұл терінің және тері астындағы қан тамырларының зақымданып,
қанның сол жердегі тіндерге тарқап сіңеді. 

Қан кейбір қуыстарда, ткань аралықтарында тұрып қалады.
Гематома – қысым, соққы гематомалық мөлшері кеткен қанның шамасына
тканьге және құйылу орнына байланысты. Қан құйылудың өзгерістерін
анықтау: көгеруі (1-4 күнде жүреді, ал 3-8 күнде жойылады);
көк-жасыл сарылау түстіболуы (3-8 күнде, ал 8 – 12 күнде кетеді);
аралас түсте болуы (6-9 күнде, ал 12-16 күнде кетеді).
Гематоманың маңайы ісінеді, тканьдерде эритроциттер табылады.
Сүйек сыну. Сүйек сыну жартылай немесе толық деп аталады.
Көбінесе сынумен бірге жұмысақ тканьдер мен ішкі органдар зақымданады

Өкпе эмболиясының, өкпенің тесілуінің болуы мүмкін. Ашық сынықта тері
кесіледі, зақымданады. Жабық сынықта терінің зақымдану көріністері
болмайды.


Морфологиялық өзгерістер сынықтың түрін, механизімін қай затпен ұрған
немесе бағдарын, күшін анықтайды.
Тура сынық дегеніміз – ұрған жердің сынуы.
Қисық сынық дегеніміз – қисайғанда шыдамай сынуы.
Компрессионды сынық – сынықтардың ажырап кетуі, мыжылып қалуы,
жаншылу. Бас сүйегінің сынығы жарықшақ болуы мүмкін тігістердің сөгілуі,
жаншылуы (мыжылуы), тесілуі, кесілуі мүмкін
Ішкі органдардың зақымдануы: Жабық жара, ашық жара, жаншылу болуы
мүмкін. Бұл кезде соққыдан немесе ауыр затпен мыжылудан,
қан тамырларының кесілуі болуы мүмкін. Ауыру жағдайларында кездесуі
мүмкін.


МЕХАНИКАЛЫҚ ЖАРАҚАТТАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ Механикалық жарақаттардың 
түрлері: жалпақ заттармен түскен жарақаттар; қарусыз адамнан болатын
жарақаттар; құлағаннан ,болған жарақат;спорттық жарақаттар; 
көлік жарақаттары; үшкір заттан жарақат; қарудан болған жарақат;
жарылыстан болған жарақаттар.
Жалпақ затпен болатын жарақаттарда сырып кету, соққы алу, қан
құйылу, ұлпаның жаншылуы, дененің қысылуы, сүйектің сынуы, буын шығу,
созылу кездеседі. Жалпақ затпен ұрғандағы оқиға болған жерді зерттеу:
Сыртқы ортаның ерекшелігі Тексерудің белгілері 
Жарақат алыну жағдайларын анықтау Белгінің орналасуы, мөлшері,
кірлену деңгейі (киім, дене), қарудың сәйкестігі, жарақаттың түрі.
Қарусыз адамнан түскен жарақаттар: тістеу арқылы, баспен соққан 
жарақат, қолмен, қолмен, тырнақтарымен, аяқпен, саусақтарымен,
алақанымен, шынтақпен соққан, денесімен қаққан жарақат және т.б.
Құлағанда пайда болатын жарақаттар биіктікке байланысты, түскен орнына
байланысты, адамның позасына байланысты ерекшеленеді.


Авиациялық жарақаттар:
1. Сомолеттың ішінде (ұшу кезінде)
2. Жерге соғылғандағы жарақаттар
3. Сомолеттың қағып кету жарақаттар
Авиациялық жарақаттағы зерттеу Оқиға болған жерді зерттеу
1. Сомолеттің бөлшектерін (мамандардың тексеруі, эксперттердің анықтамасы).
2. Өліктердің орналасуы және сомолет бөлшектерінің орналасуы
Белгілерді тексеру
1. Өліктің орналасуы, бөлшектердің орналасуы.
2. Жарақаттың деңгейі.
3. Денедегі сомолет бөлшектерінің іздері.
4. Бөгде иістері.
5. Өліктің ерекше белгілерін тексеру.
Самолет ішіндегі жарақаттар: жарылыстан, өрттен, бүтіндігінің кетуі, бүлінуі, басқа сомолетпен,
құспен соғысып қалуы. Катапульттенген кезде адамдарда өзгерістер болады, мұндағы болатын
динамикалық күштен анемия, көз көрмеу, естен тану, жерге соғылғаннан көптеген
жарақаттар алу, ішкі органдар, бас миына қан кету, ішкі органдар орнынан қозғалып кету
болады. Адамның жұмсақ тканьдері жұлынып, ұшуы мүмкін. (Катапульттену – орындықтарымен
бірге жерге түсу). Ауада жарылғанда себеп бактан немесе соққыдан болады. 
Мұнда сомолет те адамдарда толығымен зақымданады. Бөлшектерді 300-500 м радиуста табуға 
болады. Ал, ауада жарылғанда 3 км дейінгі бағытта бөлшектерді табуға болады. 
Самолеттің құлаған жерінен 1.5 км маңайын дазерттеу қажет. Өлген денелердің бөлшектерін,
тканьдерді тапқанда жанармай иісі сезіледі. Өрттен болған болса онда адам күйіп кетеді немес
е уланады (көмірқышқыл) газымен. Өртенбей уланған жағдайда жоғарғы тыныс органдарында 
көмірқышқыл газының қара ізі қалады және тканьдерден 60-90 % карбоксигемоглобин табылады.


Темір жолда болған жарақатты зерттеу: Сыртқы ортаны зерттеу
1.Адам сүйретілген орнын қарайды
2. Дене бөлшегін қарайды
3. Барлығының орналасуын
4. Екі шетін біраз жерге дейін тексеру
5. Транспорттан айғақтық дәлел іздеу
Белгілерді тексеру (өлікті, киімін,аяқ киімін тексеру)
1. Кесілген дененің әр бөлігін жеке жеке тексеру
2. Өлікті айқындау үшін киімін тексеру
3. Денесінде қалған іздер, жұлындар олардың формасы, размері, сипаты


Автокөлікпен болатын жарақаттар екі автокөліктің соғылуынан, машинадан
құлау, дөңгелекпен басып кету, кабинадағы жарақаттар болып бөлінеді. 
Автокөлікпен және басқа заттармен дененің соғылуы, зақымдануы.
Адамның автокөлік кузовымен қозғалмайтын затпен, яғни, соғылу 
механизмінің басылуынан әдетте осы түрі бойынша автокөлік жарақатынан 
зақымдау пайда болады. Зақымдалу көлемі контакт учаскесі және 
жәбірленуші жағдайымен, соғылу дәрежесімен анықталады. 
Қатты соғылу қысылған дененің жалпайған бөлігін , екі жақты сыну кеуде 
клеткасы және жамбас, жарылу тағы басқа, кейде ішкі органдардың
жұлынуына әкеледі.Автокөлік жарақатындағы зақымданудың соттық 
медициналық бағасы. Автокөлік жарақатындағы зақымданудың ең керекті 
бастапқы дұрыс соттық медициналық бағасы: автокөлік оқиғасы
жағдайындағы алғашқы мәлімет; жәбірленуші мен оның киімін, автокөлікті
сот медициналық шешімі қарастыру.
Мотоциклден болған жарақаттар. Мотоцикл жарақаты – бұл зақымдану,
жүргіншілермен, сонымен қатар мотоцикл жүргізушісі және жолаушылары
нәтижесінде мотоциклді апаттан пайда болған оқиға. Мотоцикл үлкен
транспорттық құралмен мысалы, автокөлік, трамвай, поезд соғылған кезде 
ақым түрі сәйкесінше автокөлік, тромвай, теміржолдардағы жарақаттарға
сәйкестенеді.


ТЕМІРЖОЛ КӨЛІКТЕН БОЛҒАН ЖАРАҚАТ ТҮРЛЕРІ
Темір жолда болатын жарақаттар: дөңгелекпен кесіп кету, поезд қағып кету,
вагоннан құлап қалу, вагон ішіндегі жарақаттар. Дөңгелекпен кескенде бір
жағы зақымданады онда қайшымен кескендей із қалады немесе екіге бөлінеді. 
Жолдың басында «Т» тәрізді тыртық, із болса аяғында ол үшкірленбейді.
Бірнеше дөңгелекпен кессе денені бөлуі мүмкін. Поезд қағып кетуде ашық
жарақат, сынықтан бастап жабық ішкі органдардың зақымдануының кездесуі
мүмкін. Сүйреп кеткенде рельстің ізі қалып басы жарылуы мүмкін, рельстің
майы, құм киіміне жұғуы мүмкін. Вагоннан құлағанда немесе биіктіктен
секіргенде құлағандай әсер алады. Жарақат деңгейі биіктікке байланысты
және алғаш рет қай жермен құлағанына байланысты және құлаған жеріне
байланысты. Вагондармен платформаның ортасында қысылу, вагон және
басқа затпен қысылу. Мында көбінесе тканьдер жаншылады немесе сол
жердің ізі денеде қалады. Вагонның ішіндегі жарақат қатты соққыдан, 
жатқанда құлау, әр түрлі денеге жаншылудан түседі.


Шапқыш заттардан болған жарақат. Шапқыш заттар – балта, қылыш.
Жарасы сызық, шеттері тегіс, үштері үшкір болып келеді.
Негізгі ерекшеліктері: тканьдегі жара терең емес, бірақ жарасы үлкен және
сүйектерді де жаралайды. Жараның сипаты әртүрлі.
Балтаның түбімен ұрғанда онда жара әр түрлі түседі. 
Ұшымен ұрса жара шеттері үшкір болып келеді. 
Жанынан ұрғанда бір жағы үшкір екінші ұшы п тәрізді болып келеді.
Оқиға болған жерді тексеру Тексеру белгілері
1.Қан, киімдердің талшықтары, адам заттары (тырнақ, шаш);
2.Қаруды табу;
3.Қарудың орналасу жерін іздеу.
Жарақатты тексеру
1.Жараның орналасуы;
2.Мөлшері;
3.Оның сипаты;
4.Жара механизмі (кесілу, тесілу, шапқан).
5.Киімнің бүлінуін тексереді және оның басқа жарамен сәйкестігі
6.Денедегі қанның орналасуы және сипатын тексереді.


Шаншитын затпен болған жарақат. Тескіш зат деп – ұзын, үшкір заттарды
айтады (шеге, айыр, ине, қайшы, біз). Бұл заттардың кіру тесігі, жара 
каналы, кейде шығу тесігі болады. Кіру тесігінің формасы, мөлшері, 
кіргіш заттың формасымен және оның диаметіріне байланысты. 
Цилиндр, конус тәрізді заттар үлкен тесік қалдырады. 
Ал кейбірінен (ине) тесік көрінбеуі мүмкін. Затты енгізгенде, бұлшықет
жиырылып денедегі тесік заттан кішірек болады.Затты шығарғанда
сүргтілген із қалады. Бұл затта да киімде де қалуы мүкін. Ткань ығысып, 
қабынады. Қан көп ақпайды. Жалпақ сүйекті тескен, оқ тескен тәрізді із
қалдырады.
Шаншып-кесетін заттардан болған жарақат. Ұшы үшкірленген пышақтар
жатады және екі жағы немесе бірнеше жүзі бірдей қайралған. Бұл зат
Шаншып-кесілген жара қалдырады. Формасы ұршық тәрізді. Шеттері
тегіс немесе қарудың түріне байланысты. Негізгі ерекшелігі жараның
тереңдігі енінен асады артық. Жараның шеттері қанталайды және
қарудың ізі қалады.


Үшкір заттан жарақат алу. Үшкір зат деп бір жақ қыры немесе бірнеше жағы үшкір және
ұшы үшкір заттар аталады. Соған байланысты келесі жарақаттардың түрлері болады: 
кескіш заттар; тескіш заттар; кескіш-тескіш заттар; шапқыш заттар; қиғыш заттар.
Кескіш заттардан жарақат алу. Кескіш заттарға – пышақ, ұстара, әйнек және т.б. жатады.
Олардың лезвиясы теріні кесіп, қалың етке енеді. Көбінесе ашық жерде түзу, доға тәрізді, 
тесік тәрізді жаралар қалдырады. Жара ашылып ай тәрізденеді. Жараның ұзындығы
терендігінен үлкен. Маңызды белгісі – жараның шеттерінің біркелкі тегіс болуы және
ұштарының үшкірленуі және қанның ағуы. Қан қай бағдарда ақса адамның тұрғысы солай
болғаны. Адамның өзін-өзі кесуі немесе басқа адамның кесуі болуы мүмкін.
Құлаудың екі түрі бар:
1. Жазықтықта құлау;
2. Биіктіктен құлаудағы жарақаттар.
Жазықтықта құлаудағы жарақатта ішкі жарақаттың көп (көгеру, басын ұрып алу, сынық, 
ішкі органдардың бөлінуі) болуы мүмкін.
Биіктіктен құлау: тура құлау; қиғаш құлау, сатылап құлау.
Сот медециналық экспертиза құлау кезін зерттеуде орынның жағдайын қарайды, денеге
түскен жарақаттар мен сәйкестігін тексереді.


Мойын жарасының ерекшелігі:
Өз қолымен кескенде
1.Солдан төмен астыға қарай сызық қиғаш келеді;
2.Сол жақтағы жарада тереңдігі артығырақ;
3.Жараның шетінде кіргізген тұсы көрінеді (насечка);
4.Қанның тік ағуы.
Бөтен қолмен кескенде
1.Көлденең сызық;
2.Екі жағынан да бірдей тереңдік;
3.Шеткі енгізген тұстың болмауы;
4.Көптеген жара;
5.Тереңдігінің артуы;
6.Қан көлденең ағады.
Сарапшының мақсаты қандай затпен кескендігін анықтау, қаруды зерттейді
(қан бар ма, саусақ іздерін және киімнің талшығын) ткандерді зерттейді
.


ОҚ-ҚАРУДАН БОЛҒАН ЖАРАҚАТТАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ
Қарудың түрлері
Әскери қарулар Спорттық қарулар Аң аулайтын қарулар
1.Әскери винтовкалар, карабиндер;
2.Тапанша,пулеметтер,автоматтар;
3. 
Әскери тапаншалар;
Әртүрлі калибрлі қосауыз, әртүрлі калибрлі тапаншалар мен револьверлер,
мылтық кесіндері және т.б.түрлері.
Дәрігер алғашқы тексеру кезінде оқтың енген орнын, жараны өте толық
сипаттауы қажет және де оқ тиген адамның киімдерін міндетті түрде сақтау
керек. Қазіргі қол қарудың патрондары графит, камфора қосылған
нейтроталшықтардан дайындалады. Бұл оқтың түтінсіз атылуын жүзеге
асырып, оқты жан-жаққа шашпайды. Түтінді оқ калий селитрасы, күкірт
және көмірден тұрады. Оқтан басқа атқан кездегі жарақаттаушы
факторларға: бытыра газы, қысымды ауа, ұсақ металдар, гильза,
жанған бытыралар жатады. Бұл жарақаттар жақын қашықтықтан атқан
кезде түседі.
Бытыра газының атқан кездегі температурасы 1000-3000 градусқа жетеді. 
Ал олар денеге термикалық және химикалық әсер береді.


Оқ атылуының қашықтығын анықтау:
Денеге тигізіп ату – тіреп ату
Жақын қашықтықтан ату
Алыс қашықтықтан ату
Денеге тигізіп ату – тіреп ату . Қару ұшының – ұңғысының - ізі денеден
табылады, «барлығы ішінде, сыртында ештеңе жоқ».
Жақын қашықтықтан ату. Адам денесіне оқтан басқа атылудың қосымша 
факторлары әсер етеді
Алыс қашықтықтан ату. Адам денесіне тек оқ әсер етеді Алыс қашықтықтан
атылған оқты анықтау. Алыс қашықтықтан атылған оқтың ерекшелігі – оқтың
кинетикалық энергиясы және дененің анатомиялық ерекшелігі. 230 м/с
жылдамдықпен ұшқан оқ денені теседі және тиген бөлікті ішіне енгізеді. 
Оның диаметрлері калибрден аз болады. Бұл «минус ткань» деп аталады.
150 м/с жылдамдықпен ұшқан оқ денеде қалады, соқыр жара түсіреді.
Ал өте аз кинетикалық энергиямен ұщқан оқ тек контузия қалдырады.
Сұйығы бар органдарға тиген оқ ( бас миы, жүрек, асқазан) гидродинамикалық 
әсер береді, яғни жарылыс тәрізді көрініс болады
.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет