Толқынкөл негізгі мектебі 2016-2017 оқу жылы



Дата23.08.2017
өлшемі20,35 Kb.
#24848
Толқынкөл негізгі мектебі

2016-2017 оқу жылы
« Өзін - өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты іс – шара туралы мәлімет:
Толқынкөл негізгі мектебінде 2016 – 2017 оқу жылының 2 – 13 ақпан аралығында 2 – 9 сынып оқушыларының қатысуымен « Өзін-өзі тану» пәнінен «Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік өткізілді.

Мақсаты: Оқушылардың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді дарыту,пән мұғалімдерінің өзара іс-тәжірибе алмасуына жағдай жасау.
2 –ақпан күні 2-9 сыныптар арасында онкүндіктің ашылуына орай саптүзеу өткізілді. Онда онкүндік жоспарымен таныстырылды.
3 – ақпан күні кітапханашы Бауырбек Г.Қ. « Мейірім төгетін ана» тақырыбында көрме ұйымдастырды.
4 – ақпан күні Досанова Г.Ж. 4 – сыныпта « Табиғат – бесігің,аялай біл» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Мақсаты: Оқушылардың табиғатпен үйлесімділік,табиғатты аялау туралы түсініктерін кеңейту.оқушыларды табиғат тазалығын сақтауға,табиғаттан үндестік таба білуге үйрету.
Апта бойы технология пәнінің мұғалімі «Ана», «Бейбітшілік», «Достық», «Мейірімділік» тақырыбында сурет және қолөнер көрмесін ұйымдастырды.
6 – ақпан күні 7 – 9 сыныптар арасында «Жаны саудың – тәні сау» атты дөңгелек үстел өткізілді.
7 – ақпан күні «Салауатты өмір – көтеріңкі көңіл» атты сыныптан тыс іс-шара өткізілді.

Мақсаты:Оқушылардың демалыстарын көңілді өткізу,оларды салауатты өмір салтын қалыптастыруға,жеке бас гигиенасын сақтауға,дұрыс тамақтануға,дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға,ұлттық ойындарымызды насихаттауға тәрбиелеу.
8 – ақпан күні « Алтын жүрек анамыз» атты мәнерлеп оқудан конкурс өтті.
3 – 9 ақпан аралығында « Анама рахмет» тақырыбында шығарма жазу сайысы болды.

10 – ақпан күні 7 – сыныпта « Өнеге отбасынан» тақырыбында ашық сабақ өтті.

Мақсаты: Оқушыларға отбасы құндылықтарын үйрету,үлкенге құрмет,кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.

11 – ақпан күні «Ән - көңілдің ажары» атты музыкалық кеш өтті.
13 – ақпан күні апталықтың жабылу салтанаты болып,жақсы суреттер,шығармалар,сабаққа белсене қатысқан оқушылар аталып өтілді.
Апталықта жоспарланған іс-шаралардың барлығы өткізілді.Сабақ барысында мұғалімдер қосымша материалдар пайдаланып,жаңа технологияның бар мүмкіншілігін қолданды.Мұғалімдер де,оқушылар да апталық барысында белсенділік танытып,шығармашылықпен жұмыс жасады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет