Томас Сэмюэл Кун



Дата14.10.2022
өлшемі203,3 Kb.
#152992
Байланысты:
Жоғары білім берудің қазіргі парадигмасы


Парадигма ұғымы. Парадигма білім берудің концептуальді моделі ретінде.
Орындаған: Лесбай Арайлым
Группа: М1501-12

Томас Сэмюэл Кун

  • Томас Сэмюэл Кун – американдық философ және ғылыми тарихшысы, постпозитивтік ғылым философиясының басты өкілдерінің бірі. Негізгі шығармасы «Коперникиандық рефолюция» (1957), «Ғылыми революциялардың құрылымы» (1962), «Қара дене теориясы және кванттық үзіктілік» (1978) және т.б.
  • Парадигма – ғылымның қалыпты дамуы және ғылыми революция, демек, бұл тексерілетін ғылыми гипотеза енгізілген жорамалдардың жалпы жиынтығын белгілеу үшін қолданылатын ұғым деп түсінді.
  • Ғылымның қалыпты дамуы шынайылығына күмән туғызбайтын ұсыныстарды пайдалана отырып, ғылымның проблемаларымен жұмыс істеу.
  • Бір парадигамадан екіншіге өту – “секіру”, бірақ бірніші екіншіге өтпейді, демек бір-біріне сәйкес болмайды.
  • Парадигма әр түрлі түсінікке ие.

Парадигма
Парадигма (гр.paradеigma – үлгі, өнеге) – америкалық философ, ғылым тарихшысы, постпозитивизм өкілі Т.Кунның «Ғылыми революцияның құрылымы» еңбегінде ғылыми айналымға енгізген қазіргі ғылым философиясының негізгі ұғымдарының бірі. Жалпы түрде парадигма ғылыми жетістіктердің, теориялардың, құндылықтардың және техникалық дәстүрлердің жиынтығын білдіреді (парадигманың мысалдары: Аристотель физикасы, Птолемейдің геоцентристік жүйесі, Ньютонның классикалық механикасы, Максвеллдің электродинамикасы, Эйнштейннің салыстырмалылық теориясы және т.с.с).
Кунның концепциясында парадигма деген сол ғылыми ұжыммен қолданатын жалпы идеялардың жиынтығы мен методологиялық ұстанымдары.
Парадигмаға келесі екі қасиеттер тән:
  • ол ғылыми ұжымның қызметінің негізі болып қабылданады,
  • ол өзгеріс сұрақтарды, яғни зерттеушілерге жол ашады.

  • Парадигма – ол әр ғылымның бастамасы, мақсатқа сай фактілерді іріктеуге және оларды сараптауға бағытталған.
  • Дәстүрлі-консервативтік. Бұл жерде «консервативті» сөзі позитивті жағында(яғни білімнің көмегімен мәдениетті тұрақтандыру, сақтап қалу) қолданылады.
  • Рационалистикалық – мәдениеттегі шығармашылық тәсілге сәйкес және адамды мәдениетке бейімдеу үшін қолданылады.
  • Феноменологиялық (гуманистік) – адамға мәдениеттің басты феномені, білім беру субьектісі ретінде қатынасу.

Білім беру парадигмаларының түрлері және олардың сипаттамалары

  • Эзотерикалық және дәстүрлі-консервативтік парадигмалар
  • Технократтық және бихевиористік парадигмалар
  • Гуманитарлық парадигмалар

Эзотерикалық педагогика – біздің планетамыздағы ең көне білім беру парадигмасы, грек тілінен аударғанда «эзотерикалық» деген сөз құпия, жасырын тек арнайы адамдарға арналған (діни, сиқырлы, мистикалық) ұғымдарын білдіреді. Оның мәні – мәңгілік және өзгеріссіз ретінде болатын ақиқатқа қатынас. Педагогикалық іс-әрекеттің жоғыры мағынасы оқушының ғарышпен байланысына қажетті табиғи күшті босату және дамыту, сонымен қатар оқушының өте терең біліміне керекті табиғи күшті дамыту.
Эзотерикалық және дәстүрлі-консервативтік парадигмалар
Бұл парадигма негізінде «жинақтау» идеясы, яғни мектептің «жинақтаушы», консервативтік идеясы жатыр. Оның мақсаты болып жас ұрпаққа мәдени мұраны , идеалды және құндылықтарды (олардың индивидуалды дамуы мен әлеуметтік тәртіпті сақауы үшін нлес қосатын ) беру мен оны сақтау табылады. Сондықтан мектеп бағдарламаларының мазмұны базалық, уақытпен сыналған білімдерден , дағдылардан тұруы қажет, ол балаға функционалдық сауаттылық пен әлеуметтік қасиет береді. Бұл академиялық бағыт мектепті өмірмен байланыстырмайды.
Дәстүрлі-консервативтік (білімдік) парадигма
Технократтық парадигма
  • Бұл парадигма жағдайында оқу-тәрбиелік процесстің нәтижесі «иә-жоқ», «біледі- білмейді», тәрбиелі-тәрбиесіз», «игерген-игермеген» деген жүйеде бағалануы мүмкін. Мұнда дайындық, білімділік, тәрбиелік деңгейіне салыстыратын эталон, идеал, норматив болады.
  • Қарастырылып отырған парадигмадағы философиялық-педагогикалық сезіну деңгейіндегі «ғылым мен білімге махаббат» негізгі орын алады. Ал балаға деген махаббат артық саналып, этикаға сәйкес сыйластық пен танымдылық оның орнын басады деп саналған. Бұл парадигмаға сәйкес оқушы мен ұстаздың еркіндіктері қабылданған стандарттар мен нормативтер шегінде ғана болады. Айтарлықтай теңдік болмайды, себебі барлық уақытша сол параметрлер (жоғарыда айтылған) бйынша барлығы бір-бірімен салыстырылады.

Бихевиористік парадигма
Бихевиористік (рационалистік, тәртіптік) парадигма , оның негізінде білім немесе мәдениет емес, психологиялық бейімделу – бихевноризм жатыр. Бихевноризм – адамның сыртқы ортаның әсеріне реакциясын қарастыратын, тәртіптің психологиялық теорисы: стимул – реакция. Бұл теориямен мектептің рационалдық моделі байланысты, модель мектепті – ортаға бейімделудің білім беру механизмі ретінде қарастырады. Білім берудің басты принципі – процестің сыртқы шарттарын реттеу және оған қатысушылардың кері жауабын реттеу болып табылады. Бұл парадигма мектептегі оқушының тиімді тәртібін қалыптастыру мақсатымен білім алу жолы деп қарастырып, ұстанымы келесідей болыды: «Мектеп – фабрика, ол үшін оқушы - «шикізат»».

Назар аударғандарынызға рахмет!!!



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет