Мамандықты дұрыс таңдаудың маңызы қандай?
Мамандық –қызметкердің кәсіп шегіндегі қызметінің нақты саласы. Мамандық – бұл әрбір адамның сүйіп, әрі қуана жасайтын ісі, оның ертеңгі болашағы. Әр адам мамандығын өзі таңдауы және оған құрметпен қарауы керек. Себебі мамандық таңдау үлкен жауапкершілікті қажет етеді және адам өміріндегі ең маңызды қадамдардың бірі.
Адам тағдырының бір бөлігі таңдаған мамандығымен ұштасып жатады. Барлық адам асқақ арман мен биік мақсатқа ие. Әрбірінің өз бағыты, арман қылған бағындырар биігі болады. Ал биік шың адамға оңайлықпен беріспесі анық.
Мамандық –адамнан арнаулы білім, еңбек дағдылары мен іскерлікті талап ететін еңбек іс-әрекетінің түрі. Мамандық таңдау—өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды болуы қажет.
Мектеп бітіруші түлектер жаңа өмірге қадам басып, мамандық таңдауда көп қателесіп жатады. Оның себебін іздейтін болсақ, еңбек нарығына қажетті мамандық туралы ақпаратты нақты білмейді. Жас түлектерге бағыт-бағдар беретін мамандық туралы нұсқаулық жоқтың қасы. Талапкерлер кәсіби мамандардың жұмыс үдерісін көрмейді және таңдап алынған мамандықтар туралы жалпы түсініктері болмайды. Екіншіден, жастар мамандықты дұрыс таңдамай жатады. Соның салдарынан жоғары білім алған жас мамандардың 10-20 пайызы ғана өз мамандығымен жұмысқа тұратыны шындық. Әлемде 40 000-дай мамандық болса, Қазақстанда 5000-нан астам мамандық оқытылады екен. 2030 жылдарға қарай біршама мамандықтар заман көшіне ілесе алмай қалады екен. Атап айтар болсақ, турагент, кітапханашы, құжат жүргізуші, архивариус, пошташы,лифтер(лифт жұмысын реттеуші), билет беруші, дәріс оқушы мамандарына сұраныс жоғалады. Сондай-ақ, заң кеңесшісі, нотариус, бұрғылаушы, жүйелі әкімші, провизор(дәріхана қызметкері), аналитик(сарапшылар), хатшы, ресепционист (телефонға жауап беруші) секілді мамандықтар қажетсіз болып қалады екен.
Ал енді болашақта қандай мамандықтар сұранысқа сай болады? Жаһандану заманында Fast Future британдық агенттіктің футурологтары 2030 жылға қарай сұранысқа ие болатын мамандықтардың тізімін болжады. Сонымен, айналдырған он шақты жылдан кейін мынандай маман иелері қажет болады: Наномедицина қызметкері – адам денесінің мүшелерін қайта жасайтын маман. Ғарыш туризм мамандары – ұшқыштар, бортинженерлер мен гидтар. Дамыған технология ғарышқа саяхаттауға мүмкіндік беріп, жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді. Жер болашақта үлкен құндылыққа айналып, жерді үнемдеу өмірдің кез келген саласында байқалады. Өндіріс пен шаруашылық көп жерді алмас үшін, «тігінен тұратын фермалар мен өндіріс орындары» көбейеді. Осы салада жұмыс істей алатын мамандардың қажеттілігі де артады. Климат өзгерісі бойынша маман болашақта ең жиі кездесетін мамандықтардың қатарында болады екен.
Жас түлектердің мамандықты дұрыс таңдауы өзі үшін де, қоғам үшін де маңызы өте зор. Өмірінің соңына дейін осы өзіңнің қабілетің мен біліміңді шыңдап, биік белестерге жете аласың. Мамандықты дұрыс таңдаудың маңызы өте зор.
Достарыңызбен бөлісу: |