«Төменде өте көп орын бар» 1959 жылдың 29 желтоқсанында физика ғылымы бойынша 1965 жылы «Элементарлы бөлшектер физикасында терең салдары болған кванттық электродинамикадағы фундаментальды жұмыстары»



бет85/131
Дата14.12.2021
өлшемі21,38 Mb.
#126635
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   131
Байланысты:
МФНСУРОВ НAНО негіздері
Горманизация Сапақ Ақерке, Горманизация Сапақ Ақерке, 5-сабак «Қараой», 4 тапсырма
5.10-сурет. кұймасының дәнек өлшемдерінің а- коэрцитивтік күшке (1) және қалдық индукцияға (2), 6 - максималды магниттік энергияға әсері

Теориялык және тәжірибелік сипатта қызықты болып саналатын гигантты магниторезистивті эффект ферромагнитті және «магнитті емес» наноқалдықтағы қабаттардан тұратын көпқабатты қабықшаларды (аса жоғары торлар) және дәл осындай құрамды ұнтақты композицияларда байқалған. Бұл наноматериалдарға магнит өрісін түсіргенде кұрамы бірдей массивті материалдармен салыстырғанда электрлік кедергісінің төмендеуі байқалады. Бұл магнитті қабаттардағы антиферромагнитті реттелумен байланысты. Антиферромагнитті реттілік қабаттар өлшемдері мен қоспалар өлшемдеріне байланысты өткізгіш электрондардың магнитті моменттермен әрекеттесу сипатын өзгертеді және электрлік кедергісінің өзгерісін анықтайды.

5.11-суретте аса жоғары магнитті торлардағы антиферромагнитті (а) және ферромагнитті (6) реттілік сызбанұсқалары және Fe-Cr қабықшасындағы магнит кедергісінің хром қабатының қалыңдығына (в) тәуелділігі келтірілген. Параллельді антиферромагнитті реттелген тасымалдаушылардың магнитті моменттерде магнитті өріс бойында таралған шашырау біршама азаяды да, электрлік кедергісінің біраз кемуіне алып келеді.



5.11-сурет. Аса жоғары магнитті торлардағы антиферромагнитті (антипараллельді) (а) және ферромагнитті (параллельді) (б) реттілік сызбанұсқалары; 5 К температурада Fe-Сг қабықша қабаты қалыңдығының магниттік кедергісіне әсері (в)

Магнитті аса жоғары торлар мен магнитті қатты материалдарда қабықша қалыңдығы және кристаллит өлшемі азайғанда магнитті реттілік бұзылып супермагнитті күйге ауысу байқалады және бұл кезде жоғары магниттік сипаттамалар төмендейді.

Сонымен бірге наноматериалдарға тән ерекше қасиет - магнитті калориялық эффект болып табылады. Магнитті емес немесе әлсіз магнитті матрицадағы материал құрамында өлшемдері өте кішкене магнитті бөлшектер бар материалдарды магнитті өріске орналастырса, онда бөлшектің магнитті спиндері түсірілген магнитті өріс бағыты бойынша орналасуға тырысады. Бұл жүйедегі магниттілік реттілікті арттырады және спинді жүйеде магнитті энтропияны төмендетеді. Егер бұл үдеріс адиабатты жағдайда өтетін болса, спиндік энтропия төмендеп торлық энтропия артады және соның әсерінен үлгі қызады.

Мұндағы температураның артуы қайтымды сипатта болады. Магнитті калориялық әсер аз магнитті өрістер болғанда және жоғары температурада күшейтілуі мүмкін. Осындай әсерлер, мысалы, нанокомпозитінде ІТ магнитті өрісте 6-30 К температура аралығында байқалған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет