«Төменде өте көп орын бар» 1959 жылдың 29 желтоқсанында физика ғылымы бойынша 1965 жылы «Элементарлы бөлшектер физикасында терең салдары болған кванттық электродинамикадағы фундаментальды жұмыстары»


Нанобөлшектер синтезі, биоконьюгациясы және биоүйлесімділігі



бет102/131
Дата14.12.2021
өлшемі21,38 Mb.
#126635
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   131
Байланысты:
МФНСУРОВ НAНО негіздері

6.3.1. Нанобөлшектер синтезі, биоконьюгациясы және биоүйлесімділігі

Монодисперсті нанобөлшектердің коллоидты ерітінділерінің синтезі (бұлар нанодәрілердің тасымалдаушы немесе функционалды элементтерінің рөліне аз перспективті үміткерлер болып табылады) нанофаза алуға арналған реакторлар ретінде айналдырылған мицеллаларды қолдану арқылы полярсыз еріткіштерде жүргізіледі. Сөйтіп, түзілетін нанобөлшектер әркашан беттік белсенді заттың гидрофобты қабыршағына ие болады және су фазасында ерімейді. Гидрофильді немесе сулы орталардағы ұқсас синтез қолданылатын прекурсорлар мен түзілетін нанобөлшектер бетінің гидрофильдігі, сәйкесінше, протекциялаушы қабыршақ қатысуынсыз полярлы еріткіштердегі агрегатталуға деген жоғары бейімділігі есебінен нанобөлшектер мөлшерін қатаң бақылауға мүмкіндік бермейді. Сонымен қатар, нанокұрылымдарды биомедициналық мақсатта қолдану үшін олар суда коллоидты ерітінділер түзе алуы қажет, ал олардың жасушаны кабылдауы қажет. Сонымен, наноқұрылымдардың медицинада қолданылуын мүмкін ету үшін олардың бетін одан әрі модификациялау кажет. Бұл мақсатта қолданылатын барлық әдістерді екі үлкен топқа (6.8-сурет) бөлуге болады:



  • бөлшектер бетінде сорбцияланған және гидрофобты, гидрофильді бөліктерге ББЗ молекулаларын бифункционалды молекулаларға ауыстыруды қамтамасыз етеді; .

  • нанобөлшектердің молекулалардың гидрофобты бөліктері арасында ван-дер-ваальс әрекеттесулермен байланысқан қосымша ББЗ қабатымен қоршалуын қамтамасыз етеді. Сөйтіп, алынатын нанобөлшектер беті гидрофильді болып, оның бетінде түрлі функционалды топтар (-МН,,-ОН,-СО,) болуы мүмкін.

Екінші әдіс дұрысырақ, өйткені алынатын бөлшектер анағұрлым тұрақты және біртекті функционалды (флуоресцентті немесе магнитті) қасиеттер көрсетеді. Нанобөлшектерді одан әрі функционалдауды беттік функционалды топтарға биомолекулаларды - полисахаридтерді, ферменттерді немесе ақуыздарды қосу арқылы жүзеге асыруға болады.

Қазіргі кезде нанобөлшектер бетін түрлі «тасымалдаушы» немесе «анықтаушы» элементтермен (антигендермен және антиденелермен) модификациялау және олардың негізінде тиімді нанодәрілер жасау бойынша жұмыстар белгілі. Нанобөлшектер негізінде түрлі бактерицидті және вирусқа қарсы препараттар, жараларды емдеуге қабілетті «акылды» гибридті наноқұрылымдар, пролонгациялық әсерлі препараттар өңделіп шығарылуда.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет