«Төменде өте көп орын бар» 1959 жылдың 29 желтоқсанында физика ғылымы бойынша 1965 жылы «Элементарлы бөлшектер физикасында терең салдары болған кванттық электродинамикадағы фундаментальды жұмыстары»



бет104/131
Дата14.12.2021
өлшемі21,38 Mb.
#126635
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   131
Байланысты:
МФНСУРОВ НAНО негіздері

6.9-сурет. Жеке магнетотактикалық бактерия (а) және оның сулы ортада сыртқы магнит өрісі катысуынсыз (б) және катысуымен (в) болатын популяциясы

магнетиті наноқұрылымдандырылған күйде адамның да, жануарлардың да (тышқан немесе шошқа) ағзасына қауіпсіз болады. Магнетиттің жоғары магнитті моменті мен жоғары магнитокристалды анизотропиясы оны резонансты әдістермен визуализациялау үшін де, бөлшектерді қан тамырлары бойынша тасымалдау үшін де қолданылуына мүмкіндік береді. Сәйкесінше, жалғыз шешілмеген мәселе жасанды түрде синтезделген нанобөлшектерді олардың қан арнасында ұйықтардың түзілуіне әкелетін агрегатталуын болдырмау үшін беттік белсенді заттармен тұрақтандыру болып табылады.

Протекциялаушы қабыршық магнетит нанобөлшектерін гидрофильді инертті затпен: кремний диоксидімен, декстриндермен, канттармен немесе ақуыздармен тікелей қаптау арқылы түзілуі мүмкін. Бұл жерде сыртқы қабыршықта ауру және сау жасушалардың танып білу үдерісісінің селективтілігін қамтамасыз ететін антиденелерді ұластыру үшін қолданылуы мүмкін кейбір функционалды топтардың болуы қажет.

Сонымен қатар қан арнасындатұрақты магнитті бақыланатын дәрілік жүйелерді алу үшін жылулық денатурация әдісі ұсынылды. К. Виддер мен А. Сеньей өсімдік майында 110-150%С-қа дейін қыздырылған магнетит нанобөлшектерінің қатысында ақуыз (адам альбумині) бен донсорубицин гидрохлоридінің (адриамицин - қатерлі түзілістерді жоюға мүмкіндік беретін зат) бірлескен денатурациясын жүргізді. Бұл сатыда түзілетін коллоидты микросфераларды тұрақтандыру үшін ерітіндіге формальдегид немесе 2,3 -бутадион қосылды. Алынған микросфералардың (орташа мөлшері 1-2 мкм) көбісінің құрамында магнетит (21% масс.), альбумин (73% масс.) және адриалеицин (5% масс.) болды. Алынған микросфералар жасанды түрде жасалған ісігі 186 бар тәжірибелік жануарларға (тышқандарға) күре тамырына (артерия) енгізіліп, содан кейін ісікте магнит өрісімен локализацияланды. Нәтижесінде ісік мөлшерлері азайып, он екі жануарлардың тоғызы тірі қалды. Мұндай микросфераларды алу әдістері таңдалып алынды, олардың тәжірибелік жануарлар мүшелерімен ұлпаларында таралуы мен ағзадан шығарылуы динамикасы зерттелді.

Дәрілік препараттар тасымалдағыштары ретінде қан жүйесінің кез келген ауданы арқылы оңай әрі тез өту қабілетіне ие қызыл қан жасушаларын қолдану әрекеттері жасалды. И. Моримото, К. Сугибаяги және Д. Вишневский құрамында магнетиттің коллоидты бөлшектері бар эритроциттердің магнит өрісіндегі әрекетін зерттеді. Қатерлі жасушалар өзінің бетінде Ғе3О4 бөлшектерін сорбциялауға қабілетті екені және сөйтіп магнитті белгіге ие болатыны тәжірибелік түрде анықталды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет