6.11-сурет. Гипертермия әдісімен катерлі ісік терапиясы кезіндегі ортаның ферромагнитті нанобөлшектермен кызуының өздігінен реттелуінің принциптері
Жоғары магнитті өрістерде нанобөлшектер жасушалы мембраналарды температураның әсерінсіз де бұзуға қабілетті. Қатерлі ісікті енгізген магнитті нанобөлшектермен 7 Тесла өрісінде өңдеуден кейін қатерлі ісік жасушаларының 30-85%-ның бұзылуы анықталды. Нанобөлшектер әсеріне түскен қатерлі ісік жасушалары мембраналарында үзілулер болады, ал сау жасушаларда болмайды.
Жақында басылымда магнитті бөлшектерді қолдануға негізделген жаңа әдістеме лимфатикалық түйіндердегі. метастазаларды, басқа әдістермен анықтау мүмкін емес болатын жағдайларда да, анықтауға мүмкіндік береді деген хабар жарияланды. Микрофагтармен басып алынған магнитті бөлшектер белгінің азаюын және магнитті-резонансты томография (МРТ) көмегімен бақылау кезінде лимфатикалық түйіндердің «тұмандалуын» тудыра отырып жасуша қасиеттерін өзгертеді. Метастазалардың орналасу орындарында ісік жасушалары лимфатикалық өзектерді толтырып, микрофагтар ағынын және, сәйкесінше, МРТ бейнесіне кедергі жасайтын бөлшектер санын азайтады.
Достарыңызбен бөлісу: |