«Төменде өте көп орын бар» 1959 жылдың 29 желтоқсанында физика ғылымы бойынша 1965 жылы «Элементарлы бөлшектер физикасында терең салдары болған кванттық электродинамикадағы фундаментальды жұмыстары»



бет108/131
Дата14.12.2021
өлшемі21,38 Mb.
#126635
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   131
Байланысты:
МФНСУРОВ НAНО негіздері

6.3.4. Нанокапсулалар

Дәрілік бөлшектерді жеткізудің альтернативті әдісі нанокапсулаларды енгізу болып табылады. Дәл осылай біздің ағзамыз бөтен денелерді «изоляциялайды» да, май немесе гормондарды жасырып, оларды наноконтейнерлерге салады. Алғашқы рет мұндай капсулалар тірі жасушаларда 30 жыл бұрын электрондық микроскопиямен анықталды. Табиғи наноконтейнерлер қабыршағы жасушалы мембрана қабырғаларына ұқсас және капсуланы сыртқы ортадан бөліп тұратын липидті биқабаттардан тұрады. Сонымен қатар қабырғалардың мұндай құрамы заттарды капсулаға және керісінше капсуладан тасымалдауды оңай жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Амфифильді заттардан түзілгендіктен капсулалар полярлы да (көптеген амин қышқылдары, ДНҚ, РНҚ, ферменттер, қанттар), полярсыз да (липидтер, май қышқылдары, стероидтер) заттарды тасымалдауға қабілетті. Наноконтейнерлердің сипатты мөлшері (25 нм-ден бірнеше микрометрге дейін жетеді) олардың жасушалы мембраналар арқылы оңай өтуіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар, нанокапсулалар иммунды жүйе шабуылына түспейді және ағзамен қабылданады, бұл олардың тиімді нанодәрілер жасауға қолданылуына мүмкіндік береді. Және де капсула ішіндегісін ағзаның қажет жерінде, мысалы, орта рН-ның белгілі бір мәні болатын жерінде бақылай отырып түсіруге болады.

Наноконтейнерлер ретінде жасушалы органеллаларды қолдану мүмкін болды. Зерттеушілер 100 амин қышқылдарының бірізділігін ашып, липосомдар сыртқы қабыршағында ақуыз өзектерін ашатын «кілтті» таңдап алады. Наноконтейнерлерге ақуызды «кілт» молекулалары бекітілген флуоресцентті нанобөлшектерді енгізу тәжірибесінде табысты болады (6.12-сурет). Фосфолипидті везикула-липосомдар көмегімен дәрілік заттарды қан жолдарының арналарымен бағытталған түрде тасымалдау, ал оларға магнитті нанобөлшектерді енгізу жағдайында центрлеу мүмкін болды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет