МХӨ әртүрлі жағдайларында волластонитті үлгілер бөліктерінің майдаланылуы
Өңделетін ұнтақта модификатор мөлшерін өсіру ұсату үдерісін карқындатады және уақ фракция үлесінің ұлғаюына әкеледі. МХӨ-де 20 минут уақыт ішінде аммиак ерітіндісін қолдану кезінде уақ фракция санын азайту - ұзақ өңдеу кезінде бұзылатын едәуір ірі түзілулерге бөлшектердің кесектенуі салдары болады.
Бірақ үйінді нәтижесін өлшеу нәтижесінде байқалған айырмашылық МХӨ-ден кейін ұнтақ майдалылығында анықталған жоқ. Егер қалыпты жағдайда волластонитті ұнтақ үйіндісінің тығыздығы 102 тг/см!-ге тең болса, онда ұнтақты МХӨ нәтижесінде ол 1,08 г/см?-ге дейін төмендейді. Мұнда модификаторлармен МХӨ-ден кейін ол 1,12-1,14 г/см? көлемінде өзгере отырып, модификатор моделіне байланысты біршама ұлғаяды.
Мочевина модификацияланған ұнтақтың едәуір маңыздылығы атап көрсетіледі. Бұл нәтижелер бөлшектердің бірқалыпты көлемде орамдануының жоғары тығыздығына ықпал ететін ұнтақтың полимайдалылығымен шартталады.
Сонымен, МХӨ кезінде волластонит өзін бөлшектер құрылымының қайта құрылуы мен майдалануының өзгеруінде жеткілікті белсенді материал ретінде көрсетті. Жүргізілген сараптаманың нәтижелері бойынша модификаторлар мен механикалық өңдеу тәртібін таңдау арқылы түрлі құрылымды ұнтақтар жүйесін және бөлшектердің үстіңгі қабатының түрлі құрылымын алу мүмкін екендігі көрінді, сонымен бірге олардың түрлі элементтермен қаныққан жоғары химиялық белсенділігі дәлелденді.
Белгілі болғандай, волластонит ұзартылған инелі түрдегі бөлшектер болып сипатталады. Біздер сынаққа қолданып отырған волластонитті ұнтақтар үлгілері де негізінен ине түріндегі бөлшектерден тұрады, 3.7-сурет.
Сонымен қатар, оларда кварц пен кальцит қоспасы бар, олардың бөлшектері дұрыс емес түрде немесе қопсытылған құрылымды болады.
Достарыңызбен бөлісу: |