3.3 Нанобөлшектердің жинақталуы
Фуллерендердің ашылуы келесі жайтты түсіндірумен байланысты: графиттің абляциясының кейбір шарттарында масс-спектр алынып, онда С-қа сәйкес шыңның биіктігі басқа кластерлерге сәйкес шыңдардан 40 есе үлкен болды. Бұл жайлы түсіндіру үшін формасы қима икосаэдр болатын С, тұрақты кластерінің болатындығы ұсынылады, онда барлық атомдар сфералы бетте 12 дұрыс бесбұрыш пен 20 алтыбұрыштың төбелерінде орналасады. Құрылымы мұндай кластер фуллерен деп аталады. Зерттеулер оншақты атомнан тұратын және фуллеренмен бірге басқа кластерлердің де бесбұрыштар мен алтыбұрыштар төбелерінде атомдар орналасатын ұқсас құрылымдар түзетіндігін көрсетті. Фуллерендер түзілуінің моделінің дұрыстығының басты критерийлерінің бірі - басқа фуллерендерге қарағанда С, фуллереннің кең таралуы. Маңызды жетістік Кречмер, Хафманның С, фуллеренді көп мөлшерде доғалық разрядта графит стерженьдерін буландыру арқылы алу әдісін табу болды.
Достарыңызбен бөлісу: |