3.3.4 Фуллерен жолы
«Фуллерен жолы» деп аталған фуллерендердің түзілу моделі ұсынылды, оған сәйкес көміртекті кластерлер 30-40 атом болса фуллерен болып табылады және кластердің ары қарай өсуі фуллереннің С, микрокластерін қосу арқылы өсуі болып табылады. Бірақ кейінгі талқылаулар бойынша 100 атомнан аса кластерлердің де фуллерендерге айналу мүмкіндігін эксперименттер көрсетті (3.23-сурет).
3.23-сурет. С, микрокластерінің фуллеренге қойылу сызбанұсқасы
Дегенмен, түзілгеннен кейін фуллерендердің өсу мүмкіндігі туралы ой кейбір фуллерендердің үлкен шығымын түсіндіруге пайдалы.
Кіші фуллерендер үш өлшемді полициклді көміртекті кластерлерге С, микрокластерін көп рет енгізу нәтижесінде түзілетіндігі болжанды. Кейбір есептеулерге сәйкес фуллерен С., кластерінің изомерлері арасында байланыстың максималды энергиясына ие болады. 3.14-суретте осы фуллеренге С,, кластерінің С, енгізу нәтижесінде өсу сызбанұсқасы келтірілген. Бұл сызбанұсқада көрсетілген С,, кластерінің құрылымы осы кластердің негізгі күйіне сәйкес келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |