6-ТАРАУ
ФУНКЦИОНАЛДЫ НАНОМАТЕРИАЛДАРДЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ
Функционалды наноматериалдардың қолданылу аумағы алуан түрлі. Нанотехнологияның даму деңгейін талдау арқылы ғылымның іргелі мәселелерін шешумен де, нақты техникалық қосымшаларды өңдеп шығарумен байланысты келесі бағыттар мен мәселелерді бөліп көрсетуге мүмкіндік береді:
Инженерия.Наноэлектромеханикалық құрылғыларды, молекулалық және наномоторларды, нанобағыттау жүйелерін жасау.
Электроника.Электронды есептеуіш машинаға арналған өрісті транзисторларды, бірэлектронды транзисторларды, наносымдарды, диодтарды, реттегіштерді және тағы басқа да наноэлектроника элементтерін өңдеп шығару және құрастыру. Молекулалық электроника мен ақпарат жазу құралдарының дамуы. Нейроторларды зерттеу, квантты компьютерлерді жасау, спинтрониканы дамыту.
Оптика. Толқын ұзындығы өзгермелі лазерді, люминисцентті сәуле көздерін, дәлдігі өте жоғары оптикалық жүйелерді (микроайналар) жасау. Нанолитография әдістерін өңдеп шығару. Квантты нүктелер, квант- ты жіптер мен күрделі квантты құрылымдар негізіндегі құрылғыларды өңдеп шығару және енгізу. Толық ішкі шағылысу мен жарық сәулесінің дифракциясы эффектілерін қолдану арқылы жұмыс істейтін толқын арналарын өңдеп шығару. Фотониканы (жарық арналары мен фотонды кристалдар негізіндегі ақпарат өңдеу жүйелерін) дамыту.
Достарыңызбен бөлісу: |