6.2.2. Магнитті ақпарат тасымалдағыштар
Қазіргі кезде материалтанудағы магнитті наноматериалдарды зерттеуге деген қызығушылық оларды жазу тығыздығы өте жоғары ақпарат тасымалдағыштар ретінде қолданумен анықталады. Бүгінгі таңда ақпаратты сақтайтын магнитті құралдар кеңінен таралған, басқа ешбір технология сактайтын мәліметтер көлемінің жиынтығы мен кіру жылдамдығы бойынша олармен бәсекеге түсе алмайды (6.4-сурет). Нарықта магнитті жазу құрылғыларының негізгі бәсекелесі оптикалық дискілер болып табылады. 1982 жылы бопу және РһІШірв фирмалары СО - аудио (Соппрас( Оівк) форматы бойынша жұмыстарын аяқтап, компактдискілердегі сандық тасымалдағыштар дәуірінің негізін қалады.
6.4-сурет. Акпаратты сақтаудың технологиялары мен принциптері
Бұл дискілерде қолданылатын акпаратты сақтаудың оптикалық принципі ақпаратты СО үшін толқын ұзындығы 650 нм және жаңа «ВіІше-гау» дискілері үшін толқын ұзындығы 450 нм-ге дейінгі лазердің оқуына және жазуына негізделген. Оптикалық жазбада мәліметтер бір және нөль ретінде интерпретацияланатын шағылдыратын және шағылдырмайтын аудандар бірізділігі түрінде кодталады, (6.5-сурет). Оптикалық дискілер үшін максималды ақпарат көлемі 720 МБ-тан (С) 17 ГБ-қа (ОУТ)) дейін болады (массасы бар болғаны 14-33 г.), Віне-Кау дискілері үшін 26 ГБ-ты құрайды. Бірақ оптикалық жазбаның негізгі кемшілігі акпаратты окқу/жазу жылдамдығының төмендігі болып табылады. Ол ВІше-Кау дискілері үшін 100 МБ/с-тан төмен (магнитті жинағыштарда 1,5 ГБ/с). Сонымен катар, оптикалық жазба тәсілдерін қолдану бір бит ақпаратқа берілетін тасымалдағыш ауданын арттыруды қажет етеді. Мысалы, «ВіІме-Кау» дискілерінің соңғы модельдерінде жазба тығыздығы 14,73 Гб/дюйм: (ОУ дискілерде 2,77 Гб/дюйм:, С дискілерде 0,41 Гб/дюйм? және магнитті тасымалдағыштарда --100 Гб/дюйм?). Магнитті тасымалдағыштардың тағы бір артықшылығы - ақпаратты қатаң дискіде сақтауға энергия шығынының болмауы.
6.5-сурет. DVD дискінің АСМ бейнесі (атомдар арасындағы интервал - 1,6 мкм, теңдік екі-0,5 - 0,5 мкм, теңдігі 0,125 мкм, минималды ұзындық - 0,83 мкм)
1988 жылы Intel компаниясы есте сақтайтын ұяшығы екі изоляцияланған ысырмасы бар транзистор түріндегі ҒіІавһ-сақтағыш микросызбанұсқалары негізіндегі мәліметтерді сақтаудың тағы бір әдісін өңдеп шығарды. Аталған екі ысырма - басқарушы және түзуші, олар электрондарды, яғни зарядты ұстап тұру мүмкіндігіне ие. Микросызбанұсқаны бағдарламалағанда коллектор мен эмиттер арасында өзек-электрондар ағыны пайда болады, олардың кейбіреулері жоғары энергиялық изолятор қабатынан өтіп, жүзуші ысырмаға түседі, бұл жерде олар бірнеше жыл сақталуы мүмкін.
Жүзуші ысырмадағы төмен заряд логикалық бірге, ал жоғары заряд нөлге тең. Оқу кезінде бұл күйлер транзистордың босағалық кернеуін өлшеуарқылы танылады. Ақпаратты өшіру кезінде басқарушы ысырмаға жоғары кері кернеу беріледі де, жүзуші ысырмадағы электрондарды көзге туннельдейді. Флеш- сақтағыш бірқатар артықшылыққа ие, соның ішінде жоғары кіру жылдамдығы және дискімен оқитын құрылғының механикалық қозғалысына кідірістің болмауы, бірақ 1 Гб электронды тасымалдағыштың құны магнитті жазба үшін сәйкес шамадан 50 есе жоғары және 20 АҚШ долларынан астам бағаны құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |