6.2. Наноэлектроника
Қазіргі заманғы акпараттық технологиялардың кең таралуы есептегіш техниканы үздіксіз мінсіздіруді талап етеді. Мысалы, торлы технологиялар дамуы (жыл сайын 100 млн-ға дейін жаңа қолданулар) берілетін және өңделетін ақпарат көлемінің біршама артуына әкеледі. Әлі күнге дейін Меткалфа заңы орындалады, яғни кез-келген тор ресурстарын карқынды пайдалану (соның ішінде Ғаламторды) қолданушылар санының квадратына пропорционал, бұл ақпараттық технологияларды (АТ) одан әрі дамыту кажеттілігін анықтайды. АТ-ды мінсіздендірудің ғылыми маңыздылығын да ескерту керек: мысалы, үлкен өңдеу жылдамдығы мен өңделетін мәліметтер көлеміне ие есептегіш техника математикалық модельдеу әдістері шешетін мәселелер ауқымын кеңейтуге мүмкіндік береді. Соңғы 40 жыл көлемінде жартылай өткізгіш техникасының дамуы Intel фирмасының негізін қалаушылардың бірі Гордон Мур тұжырымдағаннан кейін Мур заңы деген атқа ие болған заңдылыққа бағынады: интегралды сызба нұсқаларындағы транзисторлар ты- ғыздығы және сәйкесінше микропроцессорлар өнімділігі екі жыл сайын есейе түседі. Сөйтіп, процессордағы элементтер саны экспоненциалды түрде артады. Мысалы, 1971-2008 жылдар аралығында транзисторлар саны 2,3 мыңнан (микропроцессор 4004) 2 млд-қа дейін (іпіс! Папішт Очаа Соге), яғни шамамен 100 есе өсті.
Достарыңызбен бөлісу: |