Массасы 50кг және радиусы 0,2м шардың масса центрінен өтетін осьпен салыстырмалы инерция моменті неге тең?
Стерженьге перпендикуляр және оның ұшы арқылы өтетін оське қатысты ұзындығы 30 см және массасы 0,2 кг жіңішке біртекті стерженнің инерция моменті неге тең?
Бұрыштық жылдамдығы = 0,5с-1, айналып тұрған маховикті тоқтату үшін қандай жұмыс жасау керек? Маховиктің айналу осіне қатысты инерция моменті J = 410-4 кгм2
Ұзындығы 30см, массасы 0,2кг жіңішке біртекті стерженнің ұшы арқылы өтетін перпендикуляр оське қатысты инерция моменті неге тең?
Ұзындығы ℓ=0,5м және массасы m=0,4кг біртекті жұқа стержень ортасы арқылы өтетін, стерженьге перпендикуляр оське қатысты ε=3 рад/с бұрыштық үдеумен айналады. Айналдырушы момент неге тең:
Массасы 2т дене қандай биіктікте 10кДж потенциалдық энергияға ие болады?
Массасы 2кг дененің түзу жолмен қозғалыс теңдеуі берілген Мұндағы С=5м/с2, D=1м/c3 болса, денеге t=2 с уақыт мезетіндегі әсер ететін күшті анықтаңыз.
Қай өрнек бойынша газдың берілген массасындағы моль санын табуға болады?
Газ молекулаларының орташа квадраттық жылдамдығының ең ықтимал жылдамдыққа қатынасы неге тең?
1 моль оттегінде қанша молекула бар?
10 грамм сутегінде неше молекула бар?
Қысымы 200кПа, көлемі 2,1л, массасы 8г оттегінің температурасы қандай?
Газдың температурасы 270С болғанда көлемі 6л болса, температурасы 770С болғанда көлемі қандай болады? Қысымы тұрақты деп есептеңіз.
Көлемі 83 дм3 ыдыста температурасы 27°С, массасы 20 г сутегі бар. Сутегінің ыдыс қабырғасына түсіретін қысымын анықтаңыз.